Реферат тақырыбы: «Мәдениет рәміздері, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде. Мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігі.»



бет3/7
Дата15.02.2024
өлшемі142.77 Kb.
#491850
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
МӘДЕНИЕТТАНУ РЕФЕРАТ

2.МӘДЕНИЕТ РӘМІЗ РЕТІНДЕ
Рәміз- белгілі бір түсініктің шартты мағынасы бар заттай белгі. Ол адамның, қандай да бір аң-құстың, жануардың немесе басқа да табиғаттағы тіршілік иесінің кейіпінде бейнеленуі мүмкін. Рәміздің екінші бір атауы- символ. Расында мәдениет рәміз ретінде көпшіліктің дүниетанымында қолданысында қызмет атқарады. Жалпы айтқанда, мәдениет рәміз ретінде ассоциациялау жүйесімен тең. Мысалы, көпшілігіміз кез-келген бір абстрактты ұғымды естігенде, оны материалдық дүниемен ұштастырамыз. Бір-біріне қарама-қайшы қасиеттер- жаман мен жақсыны қатар елестетсек, көз алдымызға Инь мен Янь бейнесі келеді. Бұл рәміз деген ұғымға сипаттама, ал мәдениетті рәміз ретінде қарастырсақ, кез-келген ұлтты мысалы ретінде ала аламыз. Мысалы, алысқа бармай, өзіміздің ұлтымызды дөңгелетейік. Қазақ деген ұлттың атын естігенде, есімізге бірден ұлан-ғайыр жерімізді аламыз. Ал қазақ өнерінің мәдениеті дегенде, ойымызға ата-бабамыздың қолдан-қолға беріп аманат еткен қара домбырамыздың бейнесін келтіреміз. Қазақтың өнер мәдениеті бір домбырамен шектелмейді, қазақша терме әндер, суырып салма айтыс өнері, қобыз бен сазсырнай аспаптарының барлығы қазақ өнеріне жатқанмен, біз домбыраны ерекше елестетеміз. Өйткені домбыра қазағымыздың өнер мәдениетінің рәмізі ретінде сипатталады. Тағы да мысал ретінде «көк бөрінің» бейнесін айта аламыз. Қазақ ұлтының символикасы «көк бөрі» деп ежелден есептеледі. Себебі қазақтардың мәдениетінде өздерін кез-келген бодандықтан азат көк бөріге теңеу идеясы қалыптасқан. Мәдениеттің рәміз және таңба ретінде құрылымын шатастырмау өте маңызды. Себебі мәдениет екі жағдайда да өз ерекшеліктерімен сипатталады. Алайда айырмашылығы рәміз бен таңбаның атқаратын қызметінде. Таңба- қандай да бір ереже, идея, адамзаттың нақты бекітілген мәдениеттік бейнесі болса, рәміз (символ)- ереже, идея, адамзатты, қандай да бір құбылыс пен түсінікке адамға, затқа, жануарға, тірі тіршілік иесімен ассоциация жасау арқылы бейне беру болып табылады. Рәміз арқылы кез-келген заманның мәдениетіне бейне беріп, сипаттама жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет