Реферат тақырыбы: «Мәдениет рәміздері, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде. Мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігі.»


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................15



бет2/7
Дата15.02.2024
өлшемі142.77 Kb.
#491850
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
МӘДЕНИЕТТАНУ РЕФЕРАТ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................15


КІРІСПЕ

Мәдениет- өндірістік, әлеуметтік және рухани тұрғыдан алғанда адам жетістіктерінің жиынтығы. Мәдениет бір ғана сөзді құрағанымен, кең ауқымды ұғымдар мен күрделі түсініктерді құрайды. Мәдениет барлық ортада өмір сүреді. Ежелгі антикалық заманда қалыптасып, қазіргі ғылыми-инновациялық заманға дейін өз мағынасы мен мәнін, құндылығын, қызметін жоғалтқан емес. Ғасырлар мен уақыттар өтіп, қоғам заңдылықтары мен ережелері өзгергенімен, мәдениет өзгерген емес. Себебі мәдениетті әлемдегі жанды да, жансыз дүниелердің барлығынан көруге болады. Сондықтан мәдениетті рухани және материалдық өркениеттердің, құралдардың және түсініктердің ерекшеліктерін, мәні мен мазмұнын зерттеуші пән деп қарастыра аламыз.



«МӘДЕНИЕТ РӘМІЗ, МӘН, ТАҢБА ЖӘНЕ МАҒЫНА РЕТІНДЕ.»
Мәдениет рәміздері, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде қызмет етуі мүмкін. Мәдениеттегі барлық көріністер- таңба мен рәміздер. Өз атаулары мен таңбалық бейнесі жоқ немесе мағыналық концепциясы белгілі бір рәміз ретінде көрініс таппайтын құбылыс жоқ.

1.МӘДЕНИЕТ ТАҢБА РЕТІНДЕ
Таңба дегеніміз- кез-келген әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші, ол рухани бола алмайды. Таңба арқылы қандай да бір оқиғаның, тарихтың, құбылыстың сөзін түсіне аламыз. Ал мәдениетті таңба ретінде қарастырсақ, онда аталған құбылыс немесе тарихтың жай сөзін біліп қана қоймай, оның мәдениет ортасында алар орны мен рөлін, мәдениеттік мағынасын түсіне аламыз. Жазуды, ою-өрнектерді, сурет пен бейнелерді таңба деп қарастыра аламыз. Мәдениет пен таңбаларды ұштастыра отырып, соғылған таңбаның жасыратын мәдениетін анықтай аламыз. Мысалы, ежелгі заманда өмір сүрген адамзаттың тасқа, жартастарға, ағаштарға қашап таңба бейнелерін, суреттерін, жазуларын зерттеп, олардың антикалық дәуірдегі архаикалық мәдениетке жататынын анықтай аламыз. Ежелгі уақыттың өзінде мәдениет таңба ретінде өмір сүрген. Алғашқы адамдар өз уақыттарын, тарихтарын және мәдениеттерін таңба ретінде жеткізу өнерін игерген. Дәлел ретінде өзіміздің Қазақстанның ежелгі тарих оқиғасын келтіре аламыз. Жылдар өткен сайын жаңа тарихи зерттеулер мен ашулар анықталып жатыр. Археологиялық тәжірибе мен зерттеулер арқылы жаңа хабарлар тарихтың ғана емес, мәдениеттің де қоржынын толтыруда. Жер астынан табылып жатқан таңба тастар көне түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын толықтырушы құралы таңбалар мен символикалар екенін айқын көрсетуде. Аталған таңба мен символикалар Орхон ескерткіштері, Күлте мен Білге қаған бітіктастарында, Таңбалы Нұра және тағы да басқа ескерткіштер мен тастарда бейнеленген. Таңба қолданыстары аспан денелері, жануарлардың мүшелері, тіпті абстракциялық символдармен сипатталады. Осындай мысалдармен таңбалардың көне түркі этномәдениетінің ерекшеліктерін ашатынына көз жеткізе аламыз. Әр заманның, уақыттың, ұлттың, адамның мәдениеті сызу, жазу, ою таңбаларында сақталады. Сол себепті мәдениет пен таңба қатар жүре алады, бір ерекшелігі, таңба мәдениеттің тілі бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет