Реферат тақырыбы: «Мәдениет рәміздері, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде. Мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігі.»


МӘДЕНИЕТ МАҒЫНА НЕМЕСЕ МӘН РЕТІНДЕ



бет4/7
Дата15.02.2024
өлшемі142.77 Kb.
#491850
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
МӘДЕНИЕТТАНУ РЕФЕРАТ

3.МӘДЕНИЕТ МАҒЫНА НЕМЕСЕ МӘН РЕТІНДЕ

Мәдениет арқылы мән мен мағына қалыптасты. Егер мәдениет болмаса, ежелгі адамдардан бастап қалыптасқан қоғамның, заманның, тарихтың мәні мен мағынасы болмас еді. Мәдениет өмірдің барлық аспектілеріне мән салып, мағына бітіруші құрал. Мәдениет өмірдің кез-келген бағытымен байланысты. Мысалға, қоғам мәдениетсіз толыққанды қалыптаспайды. Онсыз қоғам бос және түссіз болар еді. Тағы да бір мысал, ұлт өкілдерінің атаулары. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, кавказ ұлттары және тағы да басқа ұлттардың атаулары бір үлкен мәдениеттің кең тарихын қамтиды. Қандай да бір ел- мемлекеттің «ұлт» деп аталуына ықпал етуші факторлар :




  1. Тіл және сөйлеу мәдениеті

  2. Ұлтқа сай киіну мәдениеті

  3. Білім беру және жазу мәдениеті

  4. Этникалық мәдениет

  5. Ұлттық мәдениет

Айтылғандай көп факторлар мәдениетпен тікелей тоғысады. Бір ерекшелігі, мәдениет әркім үшін әртүрлі. Ол бәрінде бірдей бола алмайды. Бір ұлттың мәдениетін екінші ұлттың мәдениетіне ұқсатпай, өз ерекшеліктерімен әсемдеп, олардың әр салтына, әр әдет-ғұрпына әртүрлі мән бітіріп қана қоймай, әрқайсысына өзіне тән мағынамен бөліп қалыптастырған. Мәдениеттің мән мен мағына ретінде ойнайтын рөлі өте маңызды. Мысалға, белгілі бір атаулы сөздердің мәні мен мағынасын білу үшін, оның толық мәдениеті мен шығу тарихын зерттеу керек болады. «Қазақ» деген атаудың өзін түсіну үшін көптеген оқиғалармен қиылысатын тарихы мен оны жылдар бойы қалыптастырған мәдениетіне шолу жасау керек. «Қазақ» деген атау ежелгі «каза және сах» деген екі тайпаның атауынан құралған деген теория бар. Осындай этномәдени деректерден құралған түсініктер мен дүниелер бар. Мәдениетсіз олардың мәні де ашылмайды, мағынасы да жоғалады.

«МӘДЕНИЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ- СЕМИОТИКАЛЫҚ «ТҮСІНІГІ.»
Мәдениеттің өзі сақталған таңбалар мен рәміздерді өзгертуге, оларды жаңғыртуға және сол арқылы жаңа ақпараттар көзі мен жүйелерді шығаруға қабілетті семиотикалық системалардан тұрады. Кез-келген қарапайым көзге көрінетін құбылыс, құлаққа естілетін дыбыстар, сезілетін иістер және тағы да басқа күрделі хабарламалар ой-сананың күшімен сараланып, қалыпты көңіл-күй мен сезімді қалыптастырады. Семиотикалық системалар:

  • Мәдениеттің семантикалық құрамдас бөлігі

  • Мәдениеттің ақпараттық- семиотикалық

  • Идеялардың әлемінін материалдық дүниелерден еркіндігінен тұрады.

Мәдениеттің ақпараттық- семиотикалық түсінігі мәдениетті негізгі ақпараттары жүзеге асатын, мәдениеттік кодтардың ауқымды жиынтығы ретінде қарастырады. Мәдениеттің ақпараттық- семиотикалық түсінігі үш негізгі тұрғыдан қалыптасқан:

  1. Мәдениет жәдігерлер әлемі секілді. Мақсат- адам тіршілігінің негізгі көзі. Адамның өмірін мәдениетпен ұштастыру әрекеті мақсат пен белсенділікке байланысты болады. Оның артықшылықтары:

  • Адамдарға өздері қалаған мақсатты қойып, оған жету үшін нақты қабілеттер мен құралдар береді.

  • Адам баласы өз қолымен қозғалыс үшін соғылған іс-әрекет құралдарын негізін қалап, қолданады.

  1. Мәдениет- мағыналар әлемі. Адам баласы жәдігерлерге өзінің адамгершілігін, жақсы қасиеттері мен ізгі қабілеттерін өткізеді.

  2. Мәдениет- белгілер әлемі. Біз материалдық заттар әлемінде ғана емес, сонымен қатар, белгілер әлемінде де өмір сүреміз.

Осы мәліметтер аясында, мәдениет- адамдар жасаған символдық құралдардың көмегімен қоғамда жинақталатын және сақталатын әлеуметтік ақпарат.
Чарльз Пирс- американдық философ, математик, прагматизм мен семиотиканың негізін салушы мәдениет семиотикасы жайлы:
-Семиотика зерттеу әдісін көрсетеді, ал мәдениет зерттеу обьектісі болып табылады. Мәдениет семиотикасы- семиотиканың жеке мәдениеттерде кездесетін таңба формацияларын зерттейтін бөлім,- деген пікір қалдырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет