Реферат Тақырыбы: Психология ғылымы Орындаған: Есканов Азамат Тексерген: Сахиева Л. М. Алматы, 2023 Жоспары



бет6/7
Дата11.10.2023
өлшемі26.73 Kb.
#480389
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Есканов Азамат реферат психология

Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу.

Әрбір ғылымның өзәне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психологиялық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психологиялық әрекеттер, қасиеттер, жатады. мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүниесіне тән.


Психология, психика, деген түсініктер гректің «псюхэ» — жан деген сөзінен шығады. «Логия» — ілім. Бұл ғылымның өзіндік таңбасы ψ (псю деп аталатын грек әрпі). Сонымен, психология – жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау: ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиеттерін, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екендігіне көз жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі – псисхология адамтану жайындағы ғылымдар арасындағы жетекші орынға ие болады. Екіншісі – адамның психологиялық дара өзгшеліктерін, психикалық процестердің анық-танығын айқындау үшін ХІХ ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі – психологияның өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайыт – бұл пәннің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жандүниеснің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам — өзінше бір дара дүние. Оның жан сарайына үңіліп жүрек сырына терең бойлау, ондағы құпия жайттарды ұғыну – пән дербестігінің бір қыры.


Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нәтижесінде бірін-бірі бақылап, бір-бірінің мінез-құлқын, істеген ісін, қылығын еңбек-әрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстараға бейімделуін, түрлі әсерлерге тітіркеніп, акциялануын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-құлық ерекшеліктерін өзіндік сипаттарын түсінеді. Адам психикасының сан қырлы салаларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір – біріне тигізр ықпалын, қасиет – сапаларын жан – күйін өмір тәжірибесіне сүйене отырып ажыратады. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан – ұрпаққа тіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде беріліп отырады. Халық аузындағы «Сан рет естігенне бір рет көрген артық», «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген мақал – мәтерлдердің бәрі де адамның әрқилы психикалық тпроцестері мен жан жүйесінің қызметі, сыры жайында айтылған.


Адамның өмірден көріп – білгені, естігені, өз тәжірибесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялық білімін, түсінігі жасады. Мұндай түсініктер адамның табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып, пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйене отырып, адамдар арасында белгілі жүйеде тәлім – тәрбие, емдеу, ұйымдастру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі турал тұрақты әрі дәйекті ғылыми мәліметтер бере алмайды. Ал ғылыми білім, заттар мен құбылстар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр – сипатын түсіну мәселелері себеп – салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет