Реферат Тақырыбы: Психология ғылымы Орындаған: Есканов Азамат Тексерген: Сахиева Л. М. Алматы, 2023 Жоспары


ІІІ. Психологиялық құбылыстардың классификациясы



бет7/7
Дата11.10.2023
өлшемі26.73 Kb.
#480389
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Есканов Азамат реферат психология

ІІІ. Психологиялық құбылыстардың классификациясы


Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдардырының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым – теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы психология – адамның танымы мен практикалық іс — әркеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қилын, ойлау мен сөйлеуін, ерік жігері мен сезім күйлрін адамның өзін — өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Адамнң жеке басындағы өзіндік психологиялық ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераменттің, мінездегі жетекші ниет – тілектерді, қабылеті мен өнерді таңдай білуін т.б. ерекшеліктерін зерттейді.

Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып-меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер; ә) психикалық кейіп; б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.


а) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар – түйсіну, қабылдау (тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсері), ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау. Сөйтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажеттіліктің пайда болуы, ниет пен тілек), эмоциялық процестер.


ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін (шоғырлануы мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік, күмәндану) сияқты т.б. жайттарды бейнелейді.


б) Психиалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері болып табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігінен айқын байқалып тұрады.


Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалық дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғарғы формасы ретінде түсіндіреді. Психиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды. Жануарлар дүниесімен салыстырғанда, адам дүниені бейнелеудің ең жоғары сатысы – санаға ие болады. Сана – тек адамға ғана тән қасиет. Адамның болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы – сана дәрежесіне көтерілуі, бір жағынан алғанда, оның жақсы жетілген жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның қоғамдағы қызметі мен еңбек тәжірибесіне байланысты.


Психика, сана – материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактілі ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы тікелей сезімдік танып білуден абстрактілі ойға, одан әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным әрекетінің бұл жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі – адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы – сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері – психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.


Психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен жасампаздық іскерлігін өрістетіп отыруға жетелейді. Психология ғылымының рөлі өскелең буынға тәлім-тәрбие беру ісінде айқын көрінеді. Психологиялық таным процестері – түйсік, қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму заңдылықтары – оқыту теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім-тәрбие істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауға, оқыту әдістерінғылыми негізде ұйымдастыруға, оқу құралдарын жасауға қажет болатын ғылыми тірек.


Адамның жеке басына тән психологиялық қасиеттердің бәрі – оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратын айқын ақиқат. Осы орайда, адамның жан дүниесінің қыр-сырын жандандыру, оның жеке басының қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбиешілердің таным процестері мен психологиялық заңдылықтарды жете білуі шәкірттерге тәлім-тәрбие беру жұмысын жеңілдетеді.


Адам өз психологиясының дамуы процесінде ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірді. Дене еңбегінің жеңілдетіп, оның нәтижелі болуы үшін қажетті құрал-саймандар жасап шығарып, тиісті амал-тәсілдерді меңгерді. Қазіргі заманда адам өзінің психикалық әрекетін жеңілдететін және оны нәтижелі ететін тәсілдерді ойлап табуды мақсат етуде. Ондай мақсат қазіргі кезде автоматика, телемеханика, радиотехника, электроника, бионика, ғарышкерлік және басқа ғылыми жетістіктердің салалары арқылы жүзеге асып отыр.


Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру – психология ғылымының басты міндеті. Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.




Пайдаланылған әдебиеттер:

Жарықбаев. Жантану негіздері.


Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996.
Бап-баба. Жалпы психология. Алматы, 2005.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет