Реферат тақырыбы: «Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы»


- Талдау – күрделі бүтін заттың жеке элементтерін бөлшектеу; - Сол элементтерді өзгерту



бет7/8
Дата29.02.2024
өлшемі33.3 Kb.
#493219
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы

- Талдау – күрделі бүтін заттың жеке элементтерін бөлшектеу;
- Сол элементтерді өзгерту;
- бір бейненің басқа бейнемен қосылуы, бір бейненің басқа бейненің бітістерімен толықтырылуы;
- бір бейнені басқа бейнеге ұқсату;
- бейнені бүтіндей немесе жеке элементтерін айырықша көрсету;
толық қарама-қайшылыққа дейін баратын контрасттық - өзгерістер;
- Синтез — өзгертілген элементтерді біріктіру;
- Жеке бейнелерді құрастыру арқылы күрделі жүйе құру;
- Ішкі бейнелерді сыртқыға айналдыру.
Психологиялық инерция – бұл тапсырманы орындау кезінде қандай-да бір әдісті басшылыққа алып, ең алдында кездескен шешімнен басқа мүмкіндіктерді қарастырмау.
Шығармашылық деңгейлері. Шығармашылыққа бейім тұлғалардың сапалары.
Біздің шығармашылыққа бейім тұлға жайлы ойларымызды әдетте екі қарама-қарсы стереотиптер арқылы беруге болады:
Біріншісі – жүз процентке табысты: ойлы көзқарас, кенет ойға келген идея, аз уақыт ішінде мойындау, табыстар, қызықты адамдармен кездесулер, ұлылармен достық, халықаралық конгресстер, мадақтаулар;
Екінші стереотип қайғы қасіретке толы: шығармашылықпен байланысты еңбек жұмысшылар-дыкінен қиын – қаржының жетіспеушілігі, мойындатумен байланысты таусылмас күрес; Бұл пікірлердің қайсысы дұрыс екеніне таласпауға да болады, себебі мұның бәрі өмірден көрінісін табуда.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады. 


Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. 
Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс. 
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз. 
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет