Реферат тақырыбы: Сынау түрлері. Сынау технологиялық процес ретінде Орындаған: Сейлбек г тексерген: Есмаганбетова Айгерим



бет3/7
Дата14.12.2022
өлшемі107.55 Kb.
#467222
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
сынау отр 2рк

1.2 Сынау түрлері


Зерттеу, бақылау және салыстырмалы сынаулар. Сынаудың негізгі сатылары. Адамзат өміріне қажетті заттың барлығын өндіріс өнімі деп атауға болады. Өндірістік өнімді сапасы мен санына байланысты бағалайды. Бұл өнімдердің сапалылығы мен санының бағалануы МЕСТ-тар арқылы іске асырылады.
Салыстырмалы сынаулар – зерттеуге сынау сатысында техникалық құжаттарға өзгерістерді енгізуді бағалау үшін өткізіледі. Бұл сынаулардың мақсаты қажетті көрсеткіштерді өнім сапасынан ала алдықпа соны анықтауға негізделген.
Сынаудың негізгі сатылары келесілер:
1) Жылдық және кварталдық сынауды жүргізуді жоспарлау;
2) Сынау бағдарламасын өңдеу;
3) Бар жабдықтарды жобалау немесе дайындау;
4) Сынау жабдықтарын аттестацияла, оған өлшеу құралдары бірге тексеріледі;
5) Сынау әдістемесін өңдеу және оның аттестациясы;
6) Сынауға үлгілерді таңдау;
7) Сынауды сәйкес бағдарламамен және әдіспен жүргізу, сынау талаптарының сипаттамаларының мәліметтерін және сыналатын үлгілердің сипаттамаларының қасиеттерін тіркеу және қателігін анықтау;
8) Сынаудан алынған мәліметтерді өңдеу, дәлдік және сенімділік бағасын қоса;
9) Алынған мәліметтер мен шешімдерді арнайы құжаттама ретінде тіркеу;
Сынауды жүргізетін жабдыктарды аттестаттауға сыртқы факторлар мен күштердің әсерінен болатын өзгерістерді анықтау үшін қатысады. Аттесттаудың мақсаты – жабдықтың нормаланған дәлдік сипаттамасын анықтау және олардың НТҚ талаптарына сәйкестігі мен жабдықтықтың пайдалануға жарамдылығын анықтау болып табылады. Сынау жабдығының нормаланған дәлдік сипаты дегеніміз бұл жабдықтың берілген диапазонда сынауға шыдау және сынауды жасап шығарудың мүмкіншілігінің техникалық сипаттамасы және берілген уақыт мерзімінде дәлдікпен бір қалыптылықты қамтамасыз ететін сипаттамалары.
Сынау жабдықтары алғашқы мерзімді және кезексіз аттестаттаудан өтеді. Бұл аттестаттау түрлі: - жалпы өндірістік қолданылатын – яғни сынау жабдықтарының аттестациялауы әдістер мен құралдардың әдістемелік нұсқауы немесе мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуымен салалық қолданылатын – салалық НТҚ сәйкес болуымен. Арнайы қолданылатын – бас метрологиялық қызмет министерствосымен бекітілген әрі қандайда бір ұйымда қолданылатын жабдықтарды аттестациялау әдістері үшін.
Сынау жабдықтарын аттестациялау әдістемесін түсіндіретін сттандарттармен НТҚ – аттестациялаудың кезінде баға беру және бақылау жабдықтарының сипаттамаларының тізімін, жүргізілетен операциялардың аттарымен жүргізу тәртібін, өлшеу құралдарына қосымша және көмекші құралдарға қойылатын талаптарды, аттесттациялауға дайындалу түрлерін, аттесттациялау шарттарын, жабдықтың дәлдік сипаттамасын анықтайтын сынау және өлшеу әдістемесін, пайдалануға жарамдылығын анықтау әдістемесін, өңдеу әдістемесін, аттестациялаудың нәтижесіне баға беру және рәсімдерді қамтамасыз етеді .
Алғашқы аттестациялауды арнайы мемлекеттік стандарт ұйымынан құрылған комиссия мен мемлекеттік бас метрологиялық қызметтен құралған комиссия мүшелері жүргізеді. Сынаққа алғаш түсетін жабдық үнемі техникалық құжаттармен келеді. Онда қолдану құжаты, өңдеуге арналған техникалық есептері, алғашқы аттестациялау бағдарламасы және мерзімді аттестациялау әдісінің жобасы болады.
Мерзімді аттестациялауды жабдықты пайдаланып жүрген ұйым бас метрологиялық қызметтің комиссиясының қатысыуымен іске асады. Онда қолданылатын бағдарламалар мен әдістер метролог қызметінің бекітілуімен қолданылады,
Кезексіз аттестациялау егерде жабдық – бір жерден екінші жерге көшірілген жағдайда немесе ұзақ пайдаланылмай тұрған жағдайда.

  • жөндеу жұмысынан кейін немесе әртүрлі күрделі өзгерістер енгізілген

жағдайда;

жүргізіледі.
Кезексіз аттестациялауды сол ұйымның метрологы дайындаған әдістемемен және бағдарламамен мемлекеттік стандарт ұйымы бекітуімен жүргізеді.
Сынау жабдықтары кезексіз немесе мерзімді аттестация нәтижесінде жарамсыз болғанда немесе берілген мерзімде аттестациялаудан өтпеген жағдайда қолдануға болады. Аттестациялау нәтижесі бойынша хаттама рәсімделіп, оған яғни аттестациялаудан өткен жабдыққа арнайы аттестат беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет