Қорыта айтқанда кез келген өнімдерді немесе бұйымдарды сынақтан өткізу олардың сапасына баға беру үшін кеңінен қолданылады. Сынақ жүргізудің қажеттілігі әртүрлі өнімдердің – машиналардың, құрылғылардың, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдікті растау мақсатымен байланысты туындай бастады. Кейіннен өндірістік және әлеуметтік – экономикалық даму практикасы бұйымдардың кейбір қасиеттерін растауды талап ететін болды.
Бірақ, өндіріс жағдайында оны шығаратын кәсіпорында сынақтан өткізілген өнімдер кейбір кездерде алдын ала белгіленген сапа деңгейіне және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін болып шығатын жағдайлар кездесетін болды. Осыған байланысты тұтынушының сынақ нәтижесіне сенбеушілік туындай бастады. Бұл қайшылық тәуелсіз сынақ орталықтары мен зертханаларын ашу арқылы өз шешімін табатын болды. Бұндай орталықтар мен зертханалардың қызметі қазіргі күнде ұлттық және халықаралық деңгейде танымал болып отыр.
Сынақ орталықтарының қызметінің бір түрі болып сынақ әдістерін стандарттау, өнімнің сапасын сынау және бақылау болып табылады. Сонымен бірге олар кейбір жағдайларда өз күшімен жаңа сынақ және өлшеу жабдықтарын жасап шығарады.
Өнімдерді сынақтан өткізу олардың техникалық деңгейіне және жасау сапасына объективті түрде баға беру, сондай-ақ өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде, яғни оны өндіріске қою, өндіру, сертификаттау, сериялап шығаруды тоқтату немесе модернизациялау кезінде тиісті дұрыс шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Сынақ жүргізумен байланыстағы барлық әрекеттердің қазіргі күндегі тенденциясы болып аккредиттеу процедурасымен сынақ әдістерін өзара гармонизациялау болып табылады. Гармонизациялау өнімнің сапасын бұрынғыдан да объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Ішкі және сыртқы рынокта сапасы сертификат беру арқылы расталған өнімге ерекше назар аударылады. Сертификатты өнімді сынақтан өткізгеннен кейін беріледі. Сынақ аккредиттеуден өткен, яғни ұлттық және халықаралық деңгейде сенімділік тудыратын сынақ зертханаларында жүргізіледі. Яғни бұл сынақтан өткен өнімнің сапасына күмән келтірмейді, тұтынушы талаптарын қамтамасыз ететін және қолдануға жарамды, қауіпсіз екенін білдіреді.
А. А. Куйкабаева, А. З. Нурмуханова, В. Мукамеденқызы «Өнімді
сынау, бақылау және қауіпсіздігі»
И. Ф. Шишкин «Метрология, стандартизация и управление
качеством»
Ю. С. Костылев «Испытания продукции-М»
Достарыңызбен бөлісу: |