1.3 Бақылау түрлері
Бақылау – бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады.
Бақылау түрлері келесідей:
Үзiлiссiз бақылау – бақыланатын параметрлер туралы информация үзіліссіз түсіп отырса. Бұл автоматты кұралдар көмегiмен жүзеге асады. Сандық және сапалық сипаттамалар алу үшiн жүргiзiледi.
Қайталама бақылау – белгiлi бiр таңдап алынған уақыт аралығында бақыланатын параметр туралы информация келiп отырады. Бірқалыпты технологиялық процестерде және тұрақталған өндірісте жүргiзiледi.
Жедел бақылау – келiсiлген және бекітілген фирма стандарттары негiзiнде және кез келген уакыт мезетінде жүргізіледі. Бұл – бакылау операциялардың дұрыс жүргiзiлетiндiгiн тексеру.
Кiрiс бақылау – өнiмнiң дайындалу, жөндеу, тасымалдау кезiнде жүргiзiледi. Бұл бақылау түрiн шикiзат, материал, жартылай фабрикат, дайын өнiм және техникалық құжаттарға жүргiзедi. Бұл бақылау мiндеттi емес, көп жағдайда ол пайдалы және кажет.
Мысалы, өнiм сапасы оны сактау және тасымалдау кезінде өзгеруi мүмкiн. Бұл бақылаудың дайын өнiм сапасы шикiзат пен материалға тәуелдi болатын болса маңызы зор.
Операциялық бақылау – белгiлi бір операция бiткенде немесе жүрiп жатқанда процесс немесе өнiмдi бақылау. Бұл бақылау түрі үзіліссіз және өнiм сапасын анықтайтын технологиялық операциялардың барлығын қамту қажет. Бақылау алдын ала дайындалған схема бойынша жүргiзiледi. Бұл бакылау ақау көп шыгуы мүмкiн өнiмдерде мiндеттi жүргiзiледi.
Қабылдау бақылау – өнiмдi шығарудағы соңғы этап, бақылау комплекстi жүредi. Қажет жағдайда, дайын өнiмдi немесе жүйені түзетедi, яғни осы бақылау нәтижесiнде өнімді айналымға шығару немесе шығармауға шешім шығарылады.
Бақылау объектiсiне әсер етуге байланысты екiге бөлiнедi:
Өнімнің құрылу барысында екі түрлі бақылау болады:
Өндірістік бақылау – қосымша, дайындықты және технологиялық
операциялардың барлығын қамтиды.
Пайдалану кезіндегі бақылау – өнімнің жұмыс үдерісіндегi бакылау.
Бақылаудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – сапа көрсеткішін анықтау. Ол
аспапты және эксперттi әдiспен шешіледі.
Аспапты әдіс – техникалық өлшеу құралдары көмегiмен жүзеге асады. Бұл әдiспен өнiмнiң өлшемін, массасын және түсiрiлген күшті, автомобильдің жылдамдығын табады. Бұл әдіс – барлық салада кең тараған әдіс. Экономикалық тиімді, жоғары дәлдiктi, автоматты.
Экспертті әдіс – бұл әдiс техникалық өлшеу кұралдарының мүмкiндiгi жетпегенде және экономикалық тиiмсiз болғанда қолданылады. Мысалы, эстетикалық көрсеткіштер алу үшiн.
Тiркеу әдiсi – өнiм немесе процестің бақылау параметрлерiн тіркеу бойынша жүргiзiледi.
Органалептикалық әдіс – бұл әдiсте адамның сезім мүшелері қолданылады. Көру, есту, сезу, иіс сезу. Яғни тәжiрибе барысында алынған әсері бойынша сапалық көрсеткіштер мәнi. Бұл әдіс медицинада, тамақ, парфюмерлік өндiрiсiнде қолданылады.
Әлеуметтік әдіс – халыққа жаппай сұрак кою немесе белгілі бір топтар ішінде жүргізіледi. Сұрақ – анкета, көрме өткiзу, дегустация, дауыс беру түрінде болуы мүмкiн. Бұл алынған нәтижелер сараптауды талап етеді. Ол арнайы бағдарлама немесе есептеу машинасымен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |