Реферат тақырыбы: Сынау түрлері. Сынау технологиялық процес ретінде Орындаған: Сейлбек г тексерген: Есмаганбетова Айгерим



бет6/7
Дата14.12.2022
өлшемі107.55 Kb.
#467222
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
сынау отр 2рк

3 Сынауға дайындау және жүргізу


Сынауға дайындық және оны жүргізу реттілігін келесі негізгі кезеңдер түрінде қарастыруға болады:

  • сынау жүргізудің жылдық және тоқсандық жоспарларын құру;

  • сынау бағдарламаларын жасау;

  • қолдағы сынау құралдарын (жабдықтар мен өлшеу кұралдарын)

дайындау, қажет болса, жобалау және жасап шығару;

  • сынау жабдықтарын, өлшеу құралдарын тексерумен қоса, аттестаттау;

  • сынау әдістемесін (әдістемелерін) жасау және оны аттестаттау;

  • үлгілерді сынау үшін іріктеу;

  • сынауды – сынау бағдарламасы мен әдістемесіне, сынау шарттары

сипаттамасының және сыналатын үлгілердің қасиеттері сипаттамаларының
мәндерін тіркеуіне сәйкес жүргізу, сондай-ақ олардың дәлсіздіктерін анықтау;

сипаттамаларының мәндерін тіркей және олардың дәлдіктерін аныктай отырып, зерттеу;

  • сынау нәтижелері бойынша және үлгілерді қолдану туралы шешім

қабылдау, сынау нәтижелерін хаттама, сондай- ақ басқа материалдар түрінде, рәсімдеу.
Сынауды дайындаудың бірінші кезеңі - жоспарлау. Өнімнің бекітілген түрлері бойынша сынау жүргізу мерзімін бекітетін негізгі құжат – сынаудың жоспар – графигі, онда сынау түрі, өнімнің атауы және дайындаушы кәсіпорынның мекен - жайы, үлгілерді сынауға ұсыну мерзімі, сынауға арналған үлгілерді (сынамаларды) іріктеуге қатысушы Ұлттық ОЭКС Мемлекеттік стандарт органы, сынауды өткізу және қорытындыны, соған сәйкес шешім қабылдау туралы ұсынысымен бірге беру мерзімі көрсетіледі.
Нақты өнімді сынау жүргізуге арналған негізгі жұмыс құжаты – сынау бағдарламасы болып табылады. Сынау бағдарламасы – бұл міндетті түрде орындалатын әдістемелік ұйымдастыру құжаты, онда өнім сынағының нысаны, мақсаты, міндеті, тексерілетін параметрлер мен көрсеткіштердің түрлері мен реттілігі, оларды өткізу мерзімдері, сынау әдістері мен қауіпсіздік техникасы және қоршағанортаны қорғау талаптарына арналған мемлекеттік стандарттар немесе басқа НТҚ бекітіледі.
Сынау әдістемесі – бұл белгілі бір принциптер мен сынау құралдарын қолдану ережелері, яғни бұл өнімді пайдалану немесе қолданудын нақты жағдайларына келтірудегі оның қасиетін зерттеуге арналған техникалық құралдарды (стендтер, аспаптар, құрал-саймандар, техникалық қондырғылар) пайдаланумен жүретін сол немесе басқа накты операциялар.
Сынау әдісінің негізгі аныктаушы белгілері – сынау түрі және сыртқы әрекет етуші факторлардың (СӘФ) сипаттамасы болып табылады. СӘФ әрбір сипаттамасы мен сынаудың әрбір түріне сынаудың бір немесе бірнеше түрі сәйкес келеді, олардың ішінен өнімнің нақты түріне сай келетінін таңдайды.
Сынау жүргізу үшін тікелей қолданылатын әрбір әдістеме аттестатпен жабдықталуы тиіс. Әдістемені аттестаттау – бұл осы әдістеме бойынша жүргізілген сынау нәтижелерінің дәлдік және шынайылық көрсеткіштерінің нақты мәндерін белгілеу. Аттестаттау кез келген әдістемені жасаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Әдістеме аттестаты – оны ресімдеу куәлігі болып табылады, оған:

  • әдістеменін алар орны және қолдану аймағы;

  • сынау шарттарының сипаттамалары;

  • сынау шаралары;

  • берілген әдістеме бойынша сынау жүргізуге қолданылатын нақты

құралдарының типі мен нөмірі;

  • сынау нәтижелерінің дәлдігі мен шынайылық көрсеткіштерінің сандық

мәні;

  • аттестаттау жөнінде есеп беру сілтемесі мен аттестаттау жүргізген

ұйымның атауы енгізілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет