1 Сынау мен бақылау міндеттері және түрлері
Өнiмдi сынау, бақылау және оның қауiпсiздiгi сапа бағалауда кеңiнен қолданылады. Сынауға, бақылауға деген қажеттілік әртүрлi өнiмдердiң қолданылу кезiнде өнiмнiң қауiпсiздiк кепiлдiгiн талап ету мақсатынан пайда болған. Келесі өнім түрлері сынаудан өткiзiледi. Мысалы;
Ауылшаруашылық өндiрiсi мен тағамдык өндiрiс өнімдері;
Парфюмерлi-косметикалык өнiм;
Құрылыс материалдары, конструкциялары мен өнiмдерi;
Жиhаз бен ағаш өңдеу өндiрiсiнiң өнімдері;
Электротехникалық құралдар;
Механикалық көлік құралдары, автокөлiк құралдары мен оның
бөлшектерi;
Тоқымалық және жеңіл өнеркәсіп өнімдері.
Өнеркәсiптiк және әлеуметтiк экономикалық дамуы кез – келген өнiмге анықталған қасиеттердi ұсынуды талап ету салдарынан арнайы сынақ бөлiмшелерi пайда болды. Өнім өндіру кезiндегi өнiмнiң сапасы және қауiпсiздiгi алдын – ала келiсiлген шартты қанағаттандырмай сынақтан өтпей қалатын кездерде болады. Бұл тутынушының өнiмге деген сенiмсiздiгiн тудырады. Осы себептен кейiнгi кезде ұлттык және халықаралық денгейде үлкен мәртебеге ие болған тәуелсiз сынақ орталықтары мен зертханалары ашылды. Осындай сынақ орталықтарында талапқа сай ғылыми зертханалық бөлімдер ашылды. Сынақ орталықтарының қызметтерiнiң бiрi – стандарттау, сынақ жургiзу және өнiм сапасын қадағалау. Сонымен қатар кейбiр жағдайларда олар жана сынақ және өлшеу құралдарын құрастырады.
Қазакстан Республикасының мемлекеттік өнiмдi сынау жүйесiне ұйымдастырушылық және нормативтік техникалық база енгiзiлiп, әртүрлi өнiмдерге сынақ жүргiзетiн сынақ орталықтарының номенклатурасы ұсынылды. Сынақ орталықтары үнемi тұтынушының және мемлекеттiң қызығушылығын ескере отырып қызмет атқарады.
Өнiмдi сынақтан өткiзу дегенiмiз – оның техникалық деңгейiн, дайындалу сапасын, өнiмнiң өмiрлiк тiзбегiндегi барлық кезеңдерiнде қажеттi шешім қабылдау. Сынаққа қатысты барлық сала тенденциясы: өнiм сапасын бағалауда аккредиттеу және сынақ жүргiзу әдiсiн дұрыс ұйымдастыру. Сынақтың даму жүйесіне әсер ететін факторлары – өндiрiстiк және экономикалық салалардың дамуы. Сатып алушы қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мәселесін шешуде келесілер қолданылады: аккредиттеу, сынау, сертификаттау, сапа және бәсекеге қабілеттілікті бағалау.
Ішкi және сыртқы саладағы өнімге сұраныс, өнiм сапасы, сынақ нәтижесiне негiзделiп анықталған сертификатты қанағаттандыратын, аккредиттелген, яғни ұлттық немесе халықаралық деңгейде сенiмге ие болған сынақ орталықтарында сыналған жағдайда жоғары болады.
Бақылаудың ерекше түрі дайын өнiмдi сынау болып табылады.
Сынау – бір немесе бірнеше өнім сипаттамасын физикалық, химиялық, табиғи немесе эксплуатациялық факторлар мен шарттардың әсерiнен зерттеу немесе анықтау.
Берілген өнiм түрiнiң техникалық шарттарына сәйкестігін тексеруде қабылдап өткiзгiш, кезендік және сертификациялық сынақтар жүргізіледі.
Сынау әдістері – сынаудың нақты принциптерi мен әдістерiн қолдану ережелерi. Мұндай принциптер – физикалық, механикалық, химиялық және басқа да тәуелдiлiктер болып табылады, оларды қолдана отырып өнiмнiң жұмыс жағдайында оны қолдануда өнiм құрамының сипаттамасы жайлы акпаратты алады.
Өнiмнiң өмiр сүру сатысында сынау жургiзу, яғни зерттеу және жобалау сатысында жобаның жаңа шешiмдерiн бағалау болып табылады.
Сынау дайындаушы мен тұтынушы арасындағы қатынасты шешуші болып табылады, яғни өнімнін өндірісін кеңейте түсуге әсер етуші фактор. Кейде әртүрлi сенiмсiздiктер туындаған кезде қайталанып сынаулар жүргiзiледi. Сынаудың сенiмдiлiгi үшiн арнайы комиссиялардың көмегiмен аттестациялау жүргiзiлiп отырады.
Аттестациялау кезінде сынау зертханаларына қойылатын негізгі талап сынау әдістері мен құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады.
Өнімнің сапасы дегеніміз – тұтынушылық талаптарын қамтамасыз ететін және қолдануға жарамды өнімнің қасиеттерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |