Реферат тақырыбы: Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы Орындаған: Уразалимов Рустем ис-23-16 Мазмұны



бет3/4
Дата11.02.2024
өлшемі63.94 Kb.
#491606
түріРеферат
1   2   3   4
Тарих СРОП

Ұлы Жібек жолы
«Жібек Жолы» деген не, ол кашан пайда болып, жумыс істей бастады, кай жерден өткен әркімнін көкейіне алғаш ұялайтын сұрактар міне осы- лар. Жауап кайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік. 629 жылы буддалык тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйек- терін көріп, дін ілімін тыңғылыкты зерттеу үшін» Кытайдан Үндістанға ат- танды. Ол Кытайды Батыспен жалғастырып жаткан және техника жана- лыктарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған ха- лыкаралык жолмен жүрді. Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге коспақ түйемен Дунху- ан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шөлден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь- Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы бо- луы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен онын серіктері «Мөлдіреген Көгілдір көлге» жеткен. Оны «Қайнаған кәл» деп те атаған, сондықтан онын Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Көлді айналып Өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жаткан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайсна суреттейді: «Бұл жатжерліктердін жылқылары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген, оның басы каланаш, тек ұзындығы бір жан- нан (3,2 м) астам жібек шүберекпен брап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бүрым етіп өрген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Ан терісімен әдіптелген киім және жұмсақ бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садактар ұстаған, Түйелер мен атка мініп келе жаткандардың көп екені сонша, көзбен шо- лып шығу мүмкін емес». Өзіне қаған жасаган қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінін сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «кызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасынын негізгі өнімі, ертедегі және орта ғасырлардағы кұрлықаралык ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске косылғаны» туралы сұракка осы кезге дейін түрлі жауап кайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекеле- ген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсак, карым-катынастар мен айырбас байланыстарының басы уакыты жағынан б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжыл- дықтарға барып тіреледі.Б. з. б. І мыңжылдықтың орта шенінде «Дала жолы» жандана бастады, егер тарихтын атасы Геродоттың суреттеуіне ден қойсак, онын мынадай бағыты айкын болады: ол Қара теніз өңірінен Дон жағалауына, содан сон Онтустік Орал өніріндегі савроматтар жеріне, Ертіске карай, одан әрі Ал- тайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер елі- не шыккан. Бұл жолмен ан және мал терілері, иран кілемдері, кымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдар таралған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет