Реферат тақырып : Инфляция Орындаған: Жумабек А. С. Тексерген: Сапарбаева А. М. Алматы 2021жыл


Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері



бет5/10
Дата02.01.2022
өлшемі44.44 Kb.
#453607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат

2.2. Инфляцияның тежеу шаралары мен әдістері.

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатыи, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық жэне әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкелестікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қйындатады. Бұдан бсқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интер-националдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен, халықтың ақшалы жинағының шаруашылық субъектілердің және мемлекеттік бюджет қаржысының құлсыздануынан, халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюіне ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалауынан, көлеңкені экономиканың белсеңді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан жэне көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.

Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандырудың негізгі эдістері- ақша реформасын жүргізу (ақша реформалары туралы келесі тарауда жазылған) жэне инфляцияға қарсы басқада саясаттар жүргізу.

Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар: бірінші, жаңа ақша жүйесін құру — ол алғашқыда металл ақша жүйесін қүрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық (экологиялық) жүйе құлап,  оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер

пайда болғанда және 90 жылдардың басында КСРО-ның ортанына ТМД елдері құрылған  бұл  елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тэн жаңа ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін және өзгерту.

Соғыс және ревалюциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын түрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қасиетті жолы ретінде мына эдістерді қолданады: нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.

Нуллификация — ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы енгізілген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп құнсызданған ескі марка жойылды.

Реставрация- ол ақша өлшемінің бүрынғы алтын қүрамын қалиына келтіру эдісі. Мысалы, Англияда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша фирмасы кезінде Фунт Стерлингтің алтын құрамы соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін реставрация — ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын күрамы тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР ревальвация (1961, 1969, 1971 жж.) өткізді, яғни, марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.

Девальация-ақша өлшемінің алтын қүрамын төмендету. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми курсында, оның алтын қүрамында төмендету. Долларды екі per девальвациялау нәтижесіде оның алтын құрамына 1971 жылдың желтоқсанында 7,89%-ке, ал 1903 жылы ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973 жылы «өзгермелі валюта» курсын енгізген соң девальвация еврона валюта жүйесінде-«реттік валюта курсы» топтастығында жүргізілді.

Деноминация-ол «нолдерді сызу» эдісі, яғни, баға мсштабының ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1-қаңтарының бастап баға масштабы он есе ірілендірілді. 1961 ж. Шыққан жаңа 1 рублъ ескі 10 рублъге тең алмастырылды. 1988 жылы бразильяда енгізілген жаңа ақша өлшемі-Нокрузадо бүрынғы қүхызданған 1000 крузодаға эквивалентті болды. 1988 ж. Ресейде рублъге димонинация 1:1000 ескі рублъге арақатынасымен жүргізілді.

Қорыта айтқанда инфляциямен күрес эдістері-мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің жиынтығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет