Реферат тақырып : Инфляция Орындаған: Жумабек А. С. Тексерген: Сапарбаева А. М. Алматы 2021жыл


Бөлім 3. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат



бет7/10
Дата02.01.2022
өлшемі44.44 Kb.
#453607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат

Бөлім 3. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат.

3.1. Инфляцияға қарсы саясат.

Инфляцияға қарсы саясат.

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаруалар қолдану арқылы жою керек пе, элде оған бейімделу керск пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшіліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.

Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын корсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төйлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.

Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты үлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемелекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жэне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Деғенмен, бюджет тапшылылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы мапевр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша несие саясат арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің  бұл  түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасы өзгертеді. Ақша несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау қүралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдыратады. Кейбір есеппер бойынша инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзіңнің табиғи деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты Ж¥О-ні 4%-ке кемітеді.

Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері 60-жылдардан бастап, баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте рыноктың стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстағандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа ордайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.

АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатын жоққа шығарды. Мұнда 1971-1974 жж. үкімет жалақы мен баға деңгейіне тікелей бақылау жүргізді. Одан кейінгі жылдарда  бұл мәселеде тек кеңес беруімен ғана шектелуде. Ал үкімет басына Рейганмен республикалық әкімшілігі келісімімен аталған мәселелермен шұғылданатын үкімет мекемесі жойылды.

Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тэсіл бар: бірі-инфляцияға бейімділікті қарастырса; екіншісі-оның антииифляциялық шараларын жойады.

Бейімділік шаралары: табыс индексациясы жэне баға деңгейін бақылау. Жеке деңгейде табыс индексациясы кэсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты мемлекеттік кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің, зейнеткерлердің, әскерлердің жағдайын жеке кешендегі адамдармен салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.

Екінші эдіс (жою)-экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық, әлеуметтік шығыны зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанды тиімді.

Тәжірибеде көп елдер инфляциямен курс ретінде «келісімді» жолды таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама-қарсы деген тұжырым жатыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет