2.3. Филипстың қисық сызығы.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай эсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жж. Ұлыбритания саңақтары деректерін пайдалана отырып, ал жалақы вставкасы өзгеруімеи жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тэуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
А.Филипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Липси жас ады. Бұдан эрі Американ экономистері П.Самуэльсон Р.Солоу Филипстың қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы вставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филипстың қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе, ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланды.
Абцисса өсімде жұмыссыздық деңгейі ординат өсімде тауар бағаларының есу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1979 жылдан АҚШ-тың жэне Англияда экономикалық талдауында қолданылды.
Бүл теорияның мэні мынада: қарқыны баяу, орта яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтық табиғи дэрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздық дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жүмыссыздықтың табиғи дэрежесі мен инфляция қарқыны баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-жылдардың екінші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт инерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы онжылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті ( АҚШ-та 60-жылдары 4%болса, 80-жылдары 6-7%-ке дейін есті).
Достарыңызбен бөлісу: |