Реферат тақырып : Инфляция Орындаған: Жумабек А. С. Тексерген: Сапарбаева А. М. Алматы 2021жыл



бет9/10
Дата02.01.2022
өлшемі44.44 Kb.
#453607
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат

Қорытынды

Курстық жұмысымды аяқтай отырып мен мынадай қорытындыларға келдім: инфляция бұл  бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оны сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді.

Инфляция  бұл  кез келген экономикалық даму үлгісіне объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс жэне өндіріс саласында орын алады.

Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшага тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндірісі сэйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзінде көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Инфляцияның себептері, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы, екіншіден, инвестицияны қаржыландыру жүргізілуімен жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады, үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктың экономиканы ерекшелігіне байланысты, төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі туады, бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде орын алады.

Инфляция —  бұл  ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі.

Инфляция сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөлінеді.

Сүраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі сұраныс жағынан бұзылады. Мүндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бүдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді.

¥сыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бүның салдары жалақының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны котереді.

Шығын инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бірімен-бірі тығыз байланысты және біріне-бірі себепші, оларды анық ажырату мүмкін емес. Қазіргі кез келген экономика жүйесін инфляцияға ұшырататын немесе сұраныс инфляциясына немесе шығын инфляциясына әсер ететін факторлар.

Шығынның өсу қайнар көздері жэне экономика дисбалансының факторлары мемлекет, кәсіподақтар, ірі фирмалар.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.

Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі-инфляцияға бейімділікті қарастырса, екіншісі-оның анти инфляциялық шараларын жояды. Ақша айналысын реттеуге, ақшаны азайтуға, бағаның шамадан тыс өсуін тоқтатуға бағытталған мемлекеттік саясат инфляцияға қарсы саясат деп аталады. Бұл орайда инфляцияның зардаптарын бейтарантандыру жөніндегі негізгі шараларға мыналар жатады: бағаның өсуін белгілі бір кезеңге қүртуға дейін нарықтың әдістерімен де, әкімшіліктің әдістерімен де баға мен еңбекақыны реттеу, тауарлар өндірісінің төлем қабілеті бар сұраныстың өсуінен артта қалуын жою, қаржы жүйесін сауықтыру, несиені қолма-қол ақша мен қолда жоқ ақша эмессиясын қатайту, ақша реформасын жүзеге асыру.

Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет