«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 43 -
Тəуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырдан бері аңсаған арманы. Бұл сөзді естігенде
бойымды қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен қасірет сезімі билейді. Тəуелсіздік жолында
батыр бабаларымыз қасықтай қаны қалғанша алысып, аттың жалы , түйенің қомында өмір
сүрді.
Елім деп еңіреген азаматтар, арулар қаншама...
Тарихымызға көз жүгірсек, сонау ақтабан шұбырынды жылдардан бастап, орыс
отаршылдығына қарсы Махамбет-Исатай бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, халықты баудай
қырған қолдан жасалған ашаршылық, 1937-38 жылдардағы жазықсыз жала жабылып,
қуғынға
ұшыраған зиялыларымыз, одан бері Ұлы Отан соғысы, 86-жылғы желтоқсан
оқиғасы сияқты тарихымызды тізбектеп айта берсек, тəуелсіздік
бізге оңайлықпен
келмегенін көреміз. Осының барлығы тарихымыздан ойып тұрып орын алған, ұрпақтар
жадында мəңгі сақталатын оқиғалар.
Тəуелсіздік – ащы термен келген тəтті жеңіс. Төгілген қанның өлмеген жігердің
отымен келген ұлы күн. Еліміз тəуелсіздік бесігінде тербелгелі 32 жыл. Осы отыз екі жыл
ішінде мемлекетіміз етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына зайырлы ел болды. Бұл
атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін алған
еліміз
өз президентін сайлап, ата заңын қабылдап, ұлттық рəміздерін ұлықтап, төл
теңгемізді қолданысқа енгіздік. Бұл күндері Қазақстан тəуелсіз ел болғанымен, оның үш
мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Тəуелсіздік
жолында еліміз талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерді, сондықтан тəуелсіздікті
таусылмас тарих деп білемін.
Азаттығымызды айшықтай түсу үшін əрбір саналы азаматтың «Біз тəуелсіз
мемлекетімізді нығайта түсу үшін не істеуіміз керек? Туған еліме қандай үлес
қоссам
болады?» деген сауал толғандыруы тиіс. Болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін алдағы
арман- мақсаттарымызды айқындап, жіберген жетістіктер мен кемшіліктерімізді ой
елегінен өткізіп, еңсемізді тіктеп, ұлттық рухымызды
жоғары ұстауымыз керек деп
ойлаймын.
Сөзімді қорытындылай келе, еліміздің келешегіне алаңдайтын жігерлі, намысшыл,
отаншыл азаматтар көп болса екен деймін. Біз қайтпас қайсар батырлардың ұрпағымыз!
Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қадамы үшін басын бəйгеге тіккен
бабаларымыздың бойындағы ерен күш, биік рух біздің жастарымыздың бойына да дарыса
екен деймін! Қазақ халқының іргесі сөгілмей, ынтымағы берік болса екен деймін! Ел іргесі
тыныш болсын!
Достарыңызбен бөлісу: