Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет45/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Жүкен Нұрсая Кадіркейқызы 
Жетекші: Елеусизова Корлан Нагизхановна 
 
Тəуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Біздің Қазақстанымыздың тəуелсіздік 
алғанына 30 жылдан асты. Біз қазір ешкімге бағынбаймыз. Қазір біз бақытты, егеменді, 
тəуелсіз елміз. Бірақ тəуелсіздікті оңайлықпен алған жоқпыз. Сондықтан, қазір басымызда 
бар бостаңдыққа, алақанымыздағы бейбіт өмірге, болашаққа мұра қасиетті еркіндігіміздің 
бар болғанына шүкір етуіміз керек. 
Біздің ата-бабамыздың тəуелсіздік жолында көрмегендері жоқ. Мысалға, баяғы 
заманда кеңестер одағына бағындық, сол уақытта көрген қорлықтарымыз көп болмаса, аз 
емес. Сол заманда қаншама бейкүнə адамдар талай жауыздықтардың кесірінен қаза тапты, 
ашаршылық заманы орнап, аштық кезеңі болды. Соның зардабынан заманында халқымыз 
қырылып, азап шекті. Бірақ 1986 жылы 16-17 желтоқсанда біздің батыр аға – əпкелеріміз 
біздің тəуелсіздігіміз үшін күресіп, намысты қолдан бермеді. Ұрпақ жалғассын деп 
тəуелсіздігіміз үшін азап шегіп, тəуелсіздікті əперіп қаза тапты. Осыны есіме алар болсам, 
жүрегім қан жылайды. Əрбір қазақ баласы осы аға-əпкелерімізді мақтан тұтуға міндетті. 
Сол аға-əпкелеріміздің үмітін ақтап, Қазақстанымызды қорғайық. 
Əрбір қазақ “Мен қазақпын” деп алдыға ұмтылулары керек. Біздің “Алаш” 
ордамыздың батырлары: Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы
Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қартаев сияқты тұлғалар тұрса, 
солардың жолын қуған ержүрек Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай,
С.Сəдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Əуезов тағы басқа. Осы батырлар тəуелсіздігіміз үшін 
күресіп, халықты ойлап, бізге сеніп тəуелсіздікті аманат етіп, өздерін құрбан еткен. Бұл 
батырлар біздің жүрегімізде мəңгілік сақталады. 
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев 1991 жылы 16 желтоқсанда “Тəуелсіздік күні” деп 
бекіткен еді. Сондықтанда біз үшін Тəуелсіздік күні қастерлі күн. Еліміз тəуелсіздігін 
жариялап, дербес мемлекет ретінде жеке танылды. Міне, қазір біз ешкімге тəуелсіз, бейбіт 
елде өмір сүреміз. Бүгінгі күнде Отанымыз – Қазақстан күннен-күнге дамып, əлемге сан 
қырынан танылып келеді. Бұл Тəуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген 
сөз. Ал іргесі қаланған жаңа Республиканың əрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек етуі керек. 
Ол оның ішкі жəне сыртқы əлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді, көптеген 
құндылықтарға келіп тіреледі.
Тəуелсіз елде өмір сүру мен үшін үлкен бақыт. Сондықтан, өз елімнің тұғырының 
биік тұруына менің де ат салысқым келеді. Тəуелсіз елдің тəуелсіз ұрпақтары көбейіп, 
Қазақстаным жаңарып, көркейе берсін. 
Тəуелсіздік біздің – мəңгілік тұғырымыз екенін ұмытпайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет