«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 51 -
XV ғасырда қуатты қазақ хандығы құрылды. Алайда, тəуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт
тыныш өмір сүре алмады. Ұлан - байтақ елімізге жан-жақтан көз тігушілер көбейді. 1723
жылы ел жайлауға көшіп, қаннен қаперсіз күн көріп жатқан елімізге жоңғар қалмақтары
тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Абылай ханның айтуы бойынша,
XVIII ғасыр басында 40 жыл ішінде халықтың үштен екі бөлігі қырылды. Дүрліккен ел
шұбыра қашты, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға
бас сауғалайды. «Елім - ай» əні осыдан туындады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас
қосты. Елдің елдігі, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды, жұртты аман алып қалу
үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады.
Даудан қашып жүріңдер, дүрлікпе тек,
Жаудан қашып, қор болып үрікпе деп
Біріктірді қазақты Төле биі,
Бакыт, Жеңіс, Азат кун бірлікте деп,
«Абылайлап»
сабылы қол көтерді,
Абылай хан атанып ел баскарды.
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік елдіктің ел бастауы.
Қалын елді Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай батырлар бастап, жауды Аңырақай
деген жерде аңыратып жеңді.
Жауды қасиетті қазақ жерінен қуып шықты.
Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
Отанының мақтаныш, жігері болып.
Ерлік сапқа жүр өзі мəнгі бастап
XVIII-XIX ғасырда халқымыз еркіндік пен тəуелсіздігінен айырылды. Көптен күткен
ақ орыс қазақ жерін аздыра бастады. Ұлан - ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Ең
ірі халық көтерілістен Сырым, Махамбет, Исатай, Кенесары, Амангелді, Бекболат сияқты
батырлар бастады.
Орнатам деп Исатай бостандықты,
Ордадан кеп құттықтауды достан күтті.
Жаңғырған мың шаруа күрсінен,
Жəңгір ханмен, ақ патша жасқаныпты.
Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.
1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендерді оққа
ұшырды, қаншасы өз жерінде қырған керді. Адамын байлап, малын айдап, орыс ерлері тал
түсте тонады. Жаяу жалпы, үй-күйсіз көрші елдерге кетті. Біздің 1917 жылы бостандыққа
қолымыз жетпеді.
Өз жерімізде
өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар, ата-
жұртын тастап кетуге мəжбүр болды.1923-21933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз
ашаршылық 6 миллиондай халықтың 2,2 миллионы апат болды.
Тағы аштық, тағы
жалаңаштық, тағы өлім. Əлі жоқ, дымы құрыған сорлылар жүруге жарамай, кез - келген
жерде жығылды.
Бүгінде Атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың. «Орнында
бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ,
жер болса, ел
болады, ел болса, ер болады. 1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет тарихта қазақ
халқының тəуелсіздігіне қолы жетті. Табандылығымыздың арқасында Қазақстан егеменді
болып дүние жүзі тануда. Бүгін Атамекенге қуғын - сүргін көріп, өзге елге бас сауғалап
кеткен бауырлар қайта оралуда. Тəуелсіз
Қазақстан дербес мемлекеті, алыста жүрген
ағайынға артында іргелі ел бар екенін танытты.
Қазақ мемлекетінің тəуелсіздігін 140-тан астам ел таныды. Қазақстан Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болды. Қолымызда тəуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбамыз бар.
Халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз бар. Халқымыздың ғасырлар бойы
армандаған тəуелсіздік таңы да отыз жылға аяқ басты. Еліміз егемендік алып, болашаққа
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 52 -
сенімді қадам жасағалы өмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды. Тəуелсіздіктің
тұғырын бекітуге жұмылған халқымыз жасампаздықтың
жарқын жолдарына соныдан
соқпак тартты, қоғамдық дамудың өзіндік өзгерістерін жасай білді. Тəуелсіздікпен ілесе
келген игіліктер қаншама. Соның бірі де бірегейі - казак тілінің мемлекеттік мəртебе алуы
деу орынды. Түсінген адамға мемлекеттік тіл алуымыз - үлкен белес. Қазақ тілін төрге
оздыру кептеген тегеурінді қарсылықтарға душар болды. Шүкір сол бодандықтың құрсауы
қысып тұрған кездің өзінде бұған қол жетті. Сондықтан да бұл үлкен жеңіс болатын. 1989
жылы 21 желтоқсан қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы »
тұңғыш
Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл мəртебесін алды. Мемлекеттік тілдің əрбір күні - үлкен
тарих. Мұның өзі тəуелсіздік жолындағы күресінің алғашқы жеңістерінің сұм белгісі еді.
Тəуелсіздік алдық, енді соны баянды ету үшін тізе қосып, күш біріктіріп тірлік ету - ендігі
парызымыз. Бұл тəуелсіздік талабы, егемендіктің қадамы болатын. Мемлекеттік Қаза
құрметтеу - ел мəртебесі аспандатудың асқар шыңы. Қазақ тілін ардақтау, қастерлеу қазақ
халқының өз қолында
Тіліміз арқылы өркенді Қазақстанды гүлдендіре берейік. Тіліміз əлемді
тамсандыратындай дəрежеге көтерейік Ана тіліміз асқақтай берсін.
Қорытындылай келе, еліміздің сан жылдар бойы отаршылық езгіге шыдағанының да
жемісі бар екеніне мен сенемін. Ел үмітін
ақтар азамат болып, жас Отанымыздың жан-
жақты дамуына септігімізді тигізу ендігі біздің парыз деп ойлаймын!
Достарыңызбен бөлісу: