Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет69/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Төлеубек Гүлназ 
Жетекші: Аубакирова Индира Сайлаубекқызы 
Қазақ елінің бұрыннан-аңсағаны тəуелсіздік. Тəуелсіздік құны биік байлық. Талай-
талай мықты батырлар мен ару қыздарымыз тəуелсіздік жолында жандарын құрбан еткен 
еді, енді біз Отанымызды қорғап, тəуелсіздігімізді биікке көтере білуіміз қажет деп 
ойлаймын. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жолында рухы мен 
ерліктерінің арқасында шаңырағымыз биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 
Ата-бабаларымыз ерен еңбекпен, өз жандарын өлімге тəуекел қылған жандардың ертеңгі 
үміттерін ақтау, тəуелсіздікті сақтау біз үшін міндет деп ойлаймын.
« Тəуелсіздік» деген сөздің астары біз үшін өте ауыр. Аштық кезі, соғыс кезі, халық 
жауы атанған қазақтың көптеген жазушылары жанын берген батырларды елестетіп кетемін. 
Бүгінгі Қазақстан əлемдік аренадан өз орнын ойып алған. Азия мен Европаны мойындата 
білген өжет елдің бірі. Тəуелсіздік алып келген жетістікте, оның өзгерістер де мол. 
Тəуелсіздіктің ең басты жетістігі - еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі 
табыстардың бəрі тəуелсіздіктің нəтижесі. Оған дəлел ретінде Астана қаласын алуға 
болады. Астана қаласы өнер, білім, мəдениет пен ғылымның ордасына айналуда. Қорыта 
айтқанда, тəуелсіздігіміздің отыз екі жылдығы Қазақстандықтар үшін айрықша тарих. 
Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру керекпіз. Жастар тəуелсіз 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 68 - 
еліміздің ірге тасын биіктету, ұлттар арасындағы ынтымақ пен достықты нығайту ең басты 
міндеттеріміздің бірі. Мен тəуелсіз еліммен мақтанамын! Тəуелсіздігіміз мəңгі болып, көк 
байрағымыз көкте желбірей берсін! 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Бисенбаева Аяна 
Жетекші: Бекжанова Динара Едигеевна 
Тəуелсіздік - бабалар аңсаған ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз 
тəуелсіздіктің бесігінде тербелгелі биыл отыз екі жыл толады. Отыз екі жыл ішінде 
Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл 
атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.1991 жылы 16 желтоқсанды егемендігін алған 
еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дəстүрі, мəдениеті мен экономикасы 
болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен 
ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 
Тəуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршыннан қиылды. Жазықсыз 
өмірден ерте озды. Олар халқына қуаныш сыйлады, бірақ сол қуаныштың дəмін өздері біле 
алмады. Олар қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Тəуелсіздің үшін күрескен 
батырлар қазақ елін лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар. Қазақ елі 
үшін шыңға өрмелеп, елді сол шыңға жеткізіп, өздері құздан құлаған хас бауырлар! Олар 
өзінің қара басын ойлаған емес, олардың бар мақсаты - Тəуелсіздік алу болды. 
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен 
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ия, əркімнің өз туған жері - жұмағы. Менің кіндік қаным тамған жер, ұлы дала
байтақ ел - Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін 
туған далама адал қызмет атқарғым келеді. Ұлы далалар салған жолмен жүріп туған 
тілімізді, дінімізді сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз . Осы күнге дейін біз 
қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық, рухани жаңғыру аясында ЭКСПО-2017 жылы 
ұлттық көрмесін қою мəртебесі бұйырды. Енді айта берсек өте көп. Сонымен қатар Жастар 
жылында дарынды да, өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды жəне қазірде ірі 
белестерді бағындыру үстінде. Америка елдеріне жастар əйгілі жобаларға қатысып, əлемнің 
түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар бақ сынасты. Мінеки, еліміз жеткен жетістіктер 
қаншама. М.Мақатаев атамыз жырлағандай,
Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мəңгілікке бақытсыз боп өтер ем? 
Өмірден бұл өксумен өтер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға – сол қайғы!
Бүкіл əлем сүйсінер елдің азаматшасы болу мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ 
жерінде туылған соң, бар күш қайратымды қазақ еліне арнап, қазақ деп үн қатамын. Мен 
айтар əн де –Қазақстан. Мен жырлар күй де – Қазақстан. Себебі менің Отаным-Қазақстан. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 69 - 
Қазір Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақ елі өзінің жері сияқты 
кеңпейілді, қонақжай, бірлігімен, ынтымағымен жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. 
Қазақстан-тəуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз əнұраны, рəміздері, өзінің 
ұлттық валютасы да бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «Теңге» болып қабылданды. Міне, 
Қазақстан осылай қалыптасып дамыған.
Менің туып өскен жерім-егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп жəне 
қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір сулар 
неше түрлі өсімдіктер мен дəрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстанның кең даласындай 
байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық-нағыз жоқтық», 
-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, ана тілін ардақтау - əрбір азаматтың 
бірінші міндеті. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде да ата-бабаларымыз 
елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. 
Менің кіндік қаным тамған жер Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ескіұра ауылы. 
Менің туған жерімнің жері шұрайлы, шөбі шүйгін, мен əрқашан өз өлкеммен мақтанамын. 
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Өз елі үшін жанын 
да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана 
тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет