«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 70 -
Күлтегін мен Тоныкөктен бастап, жалпақ дүниеге «Қазақ» ұғымын алшаңдатқан Керей мен
Жəнібектер, «дала даналары» атанған Төле, Əйтеке , Қазыбектер, Əл
-Фараби мен
Қашқарилер, М.Х. Дулати мен Яссауилер, кешегі Абай мен Əуезовтердің ел тарихындағы
орны бір төбе десек, кешегі дала конституциясының қайнар көздері - «Қасым ханның қасқа
жолы» , «Есім ханның ескі жолы» , «Əз Тəукенің «Жеті жарғысы» бүгінгі сара
жолымыздың айқын баспалдақтары іспеттес емес пе?
«...Енші алып, қалың түрік тарасқанда, Қазаққа қарашаңырақ қалған жоқ па?- деп,
жырлайтын Алаштың ақиық ұлы Мағжан ақындардай ел болашағы үшін қыршын
тағдырларын құрбан еткен Алашымның Арыстарын қайда қоярсыз...?!
Иə, тарих таңдауы қателеспеген екен. Жас та тағдыр талқысына дəрменсіз елді
əлемдік алпауыттар қатарына қосу қадамдары сəтті жалғасын тапты.
Санаулы жылдарда
кешегі атын өзінен басқа ешкім танымаған жас ел əлемдік аренада аяғын алшаң баса
бастады.
Бұл – тəуелсіздік рухы! Ол – кешегі осы жолда құрбан болған сансыз Арыстар
рухы!
Жасай бер, Қазақ елі!
Достарыңызбен бөлісу: