Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет72/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Жеңісқызы Аяулым 
Жетекші: Надирбекова Кулайхан Алтынбековна 
Тəуелсіз Қазақстан! Неткен керемет, киелі ұғым! Республикамыздың тəуелсіздігін 
алып, өз алдына жеке мемлекет болып қалыптасқанына да міне, отыз екі жыл болыпты. 1991 
жылы 16 желтоқсанда тəуелсіздігімізді алдық. Тəуелсіздік жолында қаншама жас аға-
əпкелеріміз құрбан болды. Сол кісілердің арқасында біз «Тəуелсіз Қазақстан» мемлекеті 
болып, талай жетістікке жеттік. Бүгінгі күні біз қанатын кеңге жайып, көк туын желбіреткен 
еркін мемлекетпіз.
Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан Тəуелсіздіктің отыз екі жылының тəтті дəмі жаңа 
ғасыр басындағы күндерде таңдайымызды үйіре түскендей. Осы отыз екі жыл өзінің 
ерекшеліктері, жасаған істердің маңыздылығы, ауқымы мен тегеуріні жағынан 
болашағымыздың іргетасы қаланды. Дəл қазіргі заманда тəуелсіздік туының астында 
тəуелсіз өмір сүруді сезінуден артық бақыт бар ма?
Тəуелсіздік – еліміздің жаңа дəуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. 
Бүгінгі күннің жетістіктері осы тəуелсіздіктің арқасында келді. Біз – тəуелсіз елдің төл 
перзенттеріміз, жас мемлекеттің жаңа түлегіміз. Туған жердің тұғырына қонар жас 
қыранымыз.
Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Оқушы: Колмагамбетов Бекнур 
Жетекші: Мұсабекова Алуа Талғатқызы 
Тəуелсіздік – ата-бабамыз аңсаған баға жетпес байлық. Ол еркін, азат болу деген 
мағынада айтылады. Биылғы жылы еліміздің тəуелсіздік бесігінде тербеліп жатқанына 32 
жыл. Бұл – аз уақыт емес. Тəуелсіздік бізге оңай жолмен келмегені аян. Оған жету үшін ата-
бабамыз не көрмеді десеңізші?! Тəуелсіздік жолында қаншама өлшеусіз қан төгіліп, көзіміз 
жастан құрғамады. Қазақтың қаншама ұлтжанды азаматтары ештеңеге қарамастан өз 
жандарын құрбан етіп, өмірлері қыршыннан қиылды, еліміздің басынан азапты, аштықты
күндер, əсіресе «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» жылдардағы қанды шайқастар жан 
түршігерлік. Білектің күшімен, найзаның ұшымен келген тəуелсіздік қашанда қастерлі. 
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген халқымыздың даналық сөзі еріксіз 
есіңе түседі. Осы даналық сөзді əрдайым жадымызда сақтап, тəуелсіздіктің құны қандай 
болатынын естен шығармай, келешек ұрпақ санасына сіңіріп отыру басты міндетіміз. Бұл 
тəуелсіздік қаншама ғасырдан бері ата-бабамыздың аңсаған арманы. 1991 жылы 16 
желтоқсанда əлемдік картада еліміз Қазақстан Республикасы өз орнын ойып тұрып алды.
Тəуелсіздік – алдымен қазақ халқының асқақ арманы мен өр рухының жемісі. 
Сондықтан, біз үшін тəуелсіздік қасиетті де қастерлі ұғым. Қазір біз өз алдына жеке 
шекарасы бар, тілі мен діні сақталған, ұлттық құндылықтары мен салт-дəстүрі бар еркін 
елдің қатарындамыз. 
Қорытындылайтын болсам, Тəуелсіз елде тұру əркімнің басына бұйыра бермейтін 
бақ. Тəуелсіздік өлшеусіз бақыт, өшпес тарих. Тəуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстау біздің, 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 72 - 
келешек ұрпақтың, басты міндеті. Еліміз əрдайым тəуелсіз, халқымыз бейбіт өмір сүре 
берсін. Тəуелсіз елдің тəуелсіз ұрпақтары көбейе берсін дегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет