Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет118/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Ҽдебиеттер 
1. Мҧғaлiмге aрнaлғaн нҧсқaулық: Екiншi (негiзгi) деңгей\-Бaкиров К.A., Нaмысовa 
Г.A, Аушева И.У, Шаримова А.Г, Ғабдоллақызы Б, Байкенова Б.А.
2. http://www.ipksko.kz/index.php/pressa-o-nas/1514-m-alimderdi-o-ytu-zh-jesin-arttyruda-
y-formativti-ba-alau 
3. Ҥлестiрме мaтериaлдaр. 3-бaсылым-Aстaнa: «Нaзaрбaев Зияткерлiк мектептерi» 


258 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ДЕНЕ ТҼРБИЕСІ 
САБАҒЫН ҾТКІЗУДІҢ ҼДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ 
Толегенов Т. 
Аға оқытушысы, магистр, дене шынықтыру және спорт кафедрасы 
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық 
 
Жақсылықова Т.Ж. 
ДШС-41тобы студенті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік 
педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық 
 
Аннотация. учитель, правильно понимающий задачи физического воспитания, 
готовит их к большой жизни через укрепление здоровья всех учащихся, формирование 
двигательных умений и навыков. Учитель учит учащихся постоянно, систематически 
заниматься физическими упражнениями. 
Ключевые слова: начальный класс, физическая культура. 
Summary. a teacher who correctly understands the tasks of physical education, prepares 
them for a great life through strengthening the health of all students, the formation of motor skills. 
The teacher teaches students to constantly, systematically engage in physical exercise. 
Key words: primary class, physical culture. 
Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дене қуатын дамыту ҥшін, ҥлкен 
ӛмірге, қоғамға, Отан қорғауға дайындау мақсатында, бала мектепте оқыған 
кезінде негізгі міндеттерді орындау қажет: 

денсаулықтарын нығайту, дене тҥзулігімен сымбаттылығын 
қалыптастыру, ағзаны дамытып қана қоймай жҥйелі тҥрде шынықтыру; 
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр тҥрлі 
ӛмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне ҥйрету; 
- жігер-кҥш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена 
дағдыларына ҥйрету. 
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі 
жаттығулары мен теориялық білім болып табылады. Ол амалдар дене тәрбиесі 
сабағында, оқу кҥні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа 
дейінгі гимнастика, ҧзақ ҥзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене 
жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс 
жҧмыстар кезінде орындалады. 
Дене тәрбиесі ҥрдісі кҥрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие 
жҧмыстарымен ӛте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-
толғаныстарын, кӛлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін 
дҧрыс тҥсінген мҧғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт тҥрлерінен 
жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын 
нығайту, қозғалыс икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды 
ҥлкен ӛмірге дайындайды. Мҧғалім оқушыларды дене жаттығуларымен 
тҧрақты, жҥйелі шҧғылдануға ҥйретеді. 


259 
Осы барлық міндеттерді дҧрыс бағалау, ҧйымдастыру, орындау ҥшін 
мақсатты тҥрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дҧрыс ойластырылған 
барлық жҧмыстар келісілген жоспар, жҥйелі, тиянақты жҧмыс тудырады. 
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау қҧжаттары: жалпы дене 
тәрбиесі және спорт жҧмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының 
жоспары деп екіге бӛлінеді. Оны дене тәрбиесі мҧғалімі оқу жылының 
басталуына дейін қҧрастырады. 
Жалпы жылдық жоспар мынандай бӛлімдерге бӛлінеді: 
1. Ҧйымдастыру жҧмыстары. 
2. Оқу жҧмыстары. 
3. Кҥн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары. 
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық- кӛпшілік жҧмыстары. 
5. Ҥгіт-насихат жҧмыстары. 
6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер. 
7. Шаруашылық жҧмыстары. 
Осы дене тәрбиесі және спорттық жҧмыстардың жылдық жоспарын 
жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ҧжымының тӛрағасы мектеп 
директоры бекітіп, оның жҧмыстарын ҧжым кеңесі, барлық ҧжым мҥшелері 
біріге, жҧмыла орындаулары қажет. 
Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі ҧжымы жҧмысының мазмҧны 
және оны ҧйымдастыруды қарастырайық. Бҧрынғы кеңес заманында да, қазіргі 
егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде 
дене тәрбиесі ҧжымдары жҧмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі 
ҧжымының мҥшелері - мектеп мҧғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі 
жҧмыстарын ҧжым мҥшелері сайлаған кеңес басқарады. Ҧжым кеңесінің 
тӛрағасы - мектеп директоры. Ҧжымның барлық жҧмыстарын белгілейтін, 
ҧйытқы болатын, жҥргізетін - дене тәрбиесі мҧғалімдері. 
Осы жерде заңды бір сҧрақ тууы мҥмкін. Неге дене мәдениетіне, дене 
тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих 
ҧжымдары жоқ? Бҧл мәселенің маңыздылығы оның денсаулыққа 
байланыстылығынан. Денсаулықтың қадірін тҥсінген дана халқымыз: «Басты 
байлық - денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау»,- дейді. Дене тәрбиесі мен 
спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. 
Мектептің дене тәрбиесі ҧжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық 
жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру 
шараларына мҧғалімдер мен оқушыларды кӛбірек қатыстыру. Оларды тҧрақты 
дене жаттығуларымен айналысуға тарту. Тҧрақты жаттығулар арқылы олардың 
денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тҧрақты, 
жҥйелі дене жаттығуларымен шҧғылданған адам ауруды қҧртуға бағытталған 
ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген. 
Дене тәрбиесі ҧжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі 
жарыстарға қатысу мҥмкіншіліктеріне байланысты. Ӛйткені мектеп 
жҧмыстарының ең маңызды бір кӛрсеткіші - спорттық жарыстарда мектеп 
қҧрама командасының спорт тҥрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала 
жарыстарында жҥлделі орындар алуы. Жҥлделі орындар алу ҥшін, мектеп 


260 
ҧжымы директордан бастап оқушыға дейін жҧмыла тер тӛге жҧмыс істеуі 
керек. Осы айтылған екі негізгі міндеттің ӛзі дене тәрбиесі ҧжымының 
қажеттілігін, жҧмыс кӛлемінің терең екенін нақтылайды[1]. 
Дене тәрбиесі ҧжымы ең алдымен ӛзінің жылдық, тоқсандық жҧмыс 
жоспарларын дҧрыс ойластырып, қҧрастыруы қажет. Әрбір ай сайын 
ӛткізілетін ҧжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың 
орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жҧмыстары 
дҧрыс бағалануы керек. Мектептің дене тәрбиесі ҧжымының барлық 
қҧжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мҧғалімі сауатты, білікті маман болуы 
қажет. Дене тәрбиесі мҧғалімі дене тәрбиесі ҧжымының барлық жҧмыстарын 
жақсы білуі, қҧжаттарын сауатты дҧрыс жҥргізуі қажет. Сонда ғана мектептің 
дене тәрбиесі ҧжымы жҧмыс істейді, барлық мектеп мҧғалімдері, оқушылар бҧл 
жҧмыстарға жҧмыла атсалысады. 
Дене тәрбиесі ҧжымының жалпы жиналысында мҧғалімдер мен 
оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді 
адамдар кеңес мҥшелері болып сайланады. Кеңес қҧрамы 7-10 адамнан болады. 
Кеңес мҥшелері арасынан тӛраға, тӛрағаның орынбасары, хатшы сайланады. 
Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бҧқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене 
тәрбиесі 
белсенділерін 
дайындау, 
насихаттау 
және 
шаруашылық 
жҧмыстарының комиссиялары қҧралады. Комиссия жҧмысын басқару кеңес 
мҥшелеріне жҥктеледі.Бҧқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бҧқаралық дене 
тәрбиесі комиссиясы кҥн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа 
дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ҧзақ ҥзілістегі қозғалмалы ойындар мен 
дене жаттығулары), ҧзартылған кҥн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, 
Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік кӛпсайыс жарыстарын ӛткізу, 
дайындау жҧмыстарына жауапты болады. 
Спорт шаралары комиссиясы мәселесіне де тоқталып ӛтеміз. Спорт 
шаралары комиссиясы мектептегі жарыстарды ҧйымдастыруға, дене тәрбиесі 
мҧғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жҥргізуге кӛмектесуге, 
аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп қҧрама 
командаларын іріктеуге, жоғары кӛрсеткіштер кӛрсеткен спортшылар кітабына, 
спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу 
қҧжаттарын толтыру жҧмыстарына жауап береді. 
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясының да жҧмысын 
дҧрыс атқаруына мән береміз. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау 
комиссиясы мектепте және тҧрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру 
дене тәрбиесі, спорттық шаралар жҧмыстарын ҧйымдастыруға, қоғамдық спорт 
нҧсқаушыларын, спорт тӛрешілерін, спорт ҧйымдастырушыларын дайындау 
және бағыттау жҧмыстарын жҥргізеді. 
Дана Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, 
тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық 
ӛміріне апат әкеледі»,- деген болатын. Қазіргі таңда жас ҧрпақтың саналы, 
тәрбиелі болып ӛсуі тәрбие жҧмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, 
денсаулық, адамгершілік, қҧқықтық, эстетикалық, экологиялық, жанҧялық, 
дене тәрбиесі тҥрлері арқылы іске асырылады [2]. 


261 
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақп, іріктеп алған озық тәжірбиесі 
мен ізгі қасиеттерін жас ҧрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы 
қарым-қатынасын, дҥниетанымын, ӛмірге деген кӛзқарасын және соған сай 
мінез-қҧлқын қалыптастыру. 
Адам тәрбиелеу, ҧрпақ ӛсіру - ең жауапты мәселе болып саналады. «Отан 
- отбасынан басталады» демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны 
ерекше, бҧл дәлелденген. Олай дейтініміз, отбасы - кҥрделі қоғамдық қҧбылыс. 
Қоғамдық ортаның шағын бір бӛлігі ретінде отбасы балаға ӛмірге жолдама 
береді, кӛзқарасының, әдеп-ғҧрпының негізін қалайды. Сондықтанда бастауыш 
сыныптағы дене тәрбиесіндегі ең басты мәселе адам тәрбиесі мәселесі 
болыптабылады. 
Бҧл орайда дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы да 
ӛз деңгейінде маңызды. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау 
комиссиясының жҧмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға 
стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр тҥрлі кӛпшілік шаралар кезінде 
спортшылар кӛрсетілімдерін ҧйымдастыру (спортшылар кӛрсетілімдері-әр 
тҥрлі спорт тҥрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс 
жаттығуларын кӛрсетеді. Ол ӛте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс тҥрінде 
жҥргізілуі керек). Комиссия әр тҥрлі кӛрнекі материалдар жинау арқылы 
мектептің дене тәрбиесі бҧрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі 
және салауатты ӛмір салты туралы лекциялар, әңгімелер ӛткізеді. 
Шаруашылық жҧмыстар комиссиясының жҧмысына тоқталамыз. 
Шаруашылық жҧмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, 
безендіру, стандарттық емес әр тҥрлі снарядтар жасау, спорттық қҧрал-
жабдықтарды дҧрыс сақтау, жӛндеу жҧмыстарымен айналысады. 
Мектеп дене тәрбиесі ҧжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша ӛз 
шешімдерімен басқа да комиссиялар қҧруына болады. 
Дене тәрбиесі ҧжымы кеңесінің қҧқығы: 
- мектеп оқушыларының балалар және жасӛспірімдер спорт мектептеріне 
қабылдануына ҧсыныс қағаз береді; 
- дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің 
спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ҧсыныстар тҥсіреді; 
- мектептің кӛпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, 
спорт тӛрешілерін, спорт нҧсқаушыларын, спорт жҧмыстарына еңбегі сіңген 
адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді; 
- дене тәрбиесі ҧжымының «Қҧрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт 
жҧмыстарының озаттарын жазады. 
Дене тәрбиесі ҧжымы мҥшелерінің қҧқығы: 
- спорт тҥрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында 
жаттығу, жарыстарға қатысу; 
- дене тәрбиесі ҧжымы кеңесіне сайлану, комиссия жҧмыстарына белсене қатысу; 
- мектептің туристік, спорттық қҧрылыстарын, қҧрал-жабдықтарын пайдалану. 
Дене тәрбиесі ҧжымы мҥшелерінің міндеттері: 
- дене тәрбиесімен, спортпен тҧрақты шҧғылдануды және мектептегі 
білім алуды қатар ҧштастыру; 


262 
- ӛзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ҧстау; 
- дене тәрбиесі ҧжымының жҧмыстарына белсенді қатысу, кеңестің 
шешімдерін орындау, ҧжымның намысын қорғау, мәртебесін кӛтеру; 
- ӛз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, 
орындау; 
- ӛзі айналысқан спорт тҥрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд 
нормаларын орындау; 
- мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу; 
- мектептің спорт қҧрылыстарын, спорттық қҧрал-жабдықтарын, қҧрама 
командасының спорт киімдерін ҧқыпты пайдалану, спорт қҧрылыстарына, 
қҧрал-жабдықтарды жӛндеу жҧмыстарына белсенді қатысу; 
- дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау; 
- ӛз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін 
сақтау, мектеп медбикесінің нҧсқауларын орындау. 
Дене тәрбиесі ҧжымының кеңесі тәртіп бҧзған, ҥйде, жолдастарының 
арасында, қоғамдық орындарда, спорт жарыстарында ӛзін дҧрыс ҧстамаған, 
сабақ ҥлгерімі нашар дене тәрбиесі ҧжымының мҥшелеріне қарсы әр тҥрлі 
тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы 
жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу қҧқығынан 
айыру, мектептің, сыныптың қҧрама командасы мҥшелерінен шығару. 
Әр мектеп дене тәрбиесі ҧжымының ӛз кеңесі бекіткен спорттық 
формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады. 
Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары. Мектептегі дене тәрбиесі 
сабағының жоспарлары тӛрт тҥрге бӛлінеді: 
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі. 
2. Тоқсандық жоспар-кестесі. 
3. Әр сабақтың жоспары. 
4. Жоспар-конспект. 
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым 
министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық 
жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен қҧрал-жабдықтарына 
байланысты қҧрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық 
сабақ сандарына, спорт тҥрлерінің сағаттарына бӛлінуі кӛрсетіледі[3]. 
Тоқсандық жоспар кестелерін ҥлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, 
жоғары сыныптарға арнап қҧрастырдық. Егер бҧл тоқсандық жоспарлар кейбір 
аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мҥкіншілігіне, 
қолда бар қҧрал-жабдықтарға сәйкес келмей жатса сағат сандарына, спорт 
тҥрлеріне ӛзгерістер енгізуге болады. 
Әр 
сабақтың 
жоспар 
материалдары 
сыныптардың 
тоқсандық 
жоспарларынан алынады. Дене тәрбиесі сабақтарының оқу жылына тоқсанға 
арналған әр сабақ жоспары. 
1.Әр сабақ жоспарын екі нҧсқада қҧрастыруға болады. Бірінші нҧсқасы 
кесте тҥрінде қҧрастырылады. 
2. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жҥргізудің 
әдістемелік ерекшеліктері. 


263 
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі. Бастауыш сынып 
оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар 
жатады.Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері 
тӛмендегідей: 
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына ықпал 
ету, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта 
әсеріне қарсылық кҥшін қалыптастыру; 
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, 
лақтыру, шаңғы тебу, жҥгіру баланың бҧлшық еттерін дамытады, жҥрек-қан 
тамыры жҥйесін, тыныс алу жҥйесін, сҥйек-тірек аппаратын т.б. ағза жҥйелерін 
нығайтады, шынықтырады. Баланың мҥсін, тҧлға бітімі қалыптасады. 
Сондықтан мектептің міндеті - балаларды дене тәрбиесімен жҥйелі, белсенді 
шҧғылдандыру; 
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, кҥн тәртібі туралы 
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы 
әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жҧмыс тәртіптері; 
- оқушылардың ӛмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын 
қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге ҥйрету. 
Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт тҥрлерінің жаттығуларын дҧрыс 
орындай білу; 
- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, кҥн тәртібі туралы 
арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы 
әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жҧмыс тәртіптері; 
- бастауыш сыныптарда қимыл ҥйлесімділігі, ептілік, икемділік 
қасиеттерін дамыту; 
- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сҥйгіштікке, 
кӛпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әсіресе әр 
тҥрлі қозғалмалы ойындары осы қасиеттерді дамытады; 
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде 
мҥсін тҥзулігін, тҧлғаны қалыптастыру. Ол ҥшін отырғанда, тҧрғанда, 
жҥргенде, жаттығулар жасағанда тҧлғаны тҥзететін арнайы жаттығулар беріп 
отыруымыз керек; 
- оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама 
сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жӛн; 

оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, 
қызығушылығын оятып, оларды спортпен тҧрақты, жҥйелі шҧғылдануға 
дағдыландыру керек. 
Мектептің міндеті - оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте 
ғана емес, ҥйде де тҧрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың кҥн 
тәртібінде орнығып, әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі 
жаттығуларын орындау олардын ӛмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол ҥшін 
дене тәрбиесі сабақтары әсерлі, қызықты, кӛңілді ӛтуі тиіс; 
- оқушыларды ҧйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. 
Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау. 


264 
Жеке тҧлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тҧтастығын 
тҧрақтандыруға 
назар 
аударады. 
Осыған 
орай, 
тәрбиеші 
мен 
тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ӛзара тиімді әрекеті, 
яғни ынтымақтастығы деуге болады [4]. 
Тәрбиенің мақсаты- қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру 
ҥрдістеріне, нарықтық қатынастарға, жалпы адамзаттық қҧндылықтарға және 
тәрбиенің осы заманғы теориясына сҥйенумен, Қазақстанның ҧлттық және 
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алумен, ӛзінің ішкі 
мҥмкіндігін ӛздігінен толық пайдалануға даяр, белсенді, іскер, қоғам 
алдындағы ӛзінің жауапкершілігін мойындайтын, белсенді, сонымен бірге 
қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мҥдделерін 
қоғамдық мҥддемен ҧштастыруға қабілетті, жеке басының қҧнын бағалай 
білуші, жоғары ойлы, адал, ҧлттық санасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері 
жетілген, мәдениетті азамат тәрбиелеу. «Тәрбие» сӛзінін мәнiн дәлiрек 
топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли 
Торндайк былай деген едi: «Тәрбие сӛзiне әркiм әртҥрлi мағына бередi, бiрақ ол 
қашанда ӛзгерiс дегендi аңдатады. Егер бiреудi ӛзгерiске келтiре алмасақ, бiз 
оны тәрбиелемегенiмiз». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет