Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


  ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет32/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

 


63 
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Асанбаева Е.Б.
Аға оқытушы, магистр, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 
Қазақстан, Павлодар 
 
Романқызы Г. 
Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 4 курс студенті 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 
Қазақстан, Павлодар 
Аннотация. В статье рассматриваются улучшение и развитие функциональной 
грамотности в современном образовательном процессе. В буклете с вопросами показаны 
задачи, с которыми вы столкнулись. Определены важность грамотности. 
Ключевые слова: образовательная грамотность, функциональная грамотность, 
работа с текстом. 
Summary. In this article the ways of increase and development of the educational literacy 
introduced in modern educational process are considered. As an example, the tasks found in the 
books-questionnaires were given. The values of reading literacy are defined. 
Key words: reading literacy, functional literacy, work with text. 
ХХІ ғасырда оқушылардың білім сапасын тексеруде тест тиімді тәсіл 
ретінде кӛрініс тапты. Алайда «PISA-2009» зерттеулері бойынша Қазақстан 
Республикасының негізгі мектеп оқушыларының (15 жастағы балалардың) оқу 
сауаттылығы және жаратылыстану бағытындағы білім деңгейі тӛмен екендігі 
байқалды. Оқу сауаттылығы – адамның жазбаша берілген мәтінді тҥсіне және 
қолдана білуі, мәтін ішінен ӛзектісін анықтай білуі, мәтінді оқуда ӛз мақсаттарына 
қажеттісін ажыратып, ӛз білімдері мен мҥмкіндіктерін кеңейту және оны 
әлеуметтік ӛмірде пайдалана білу қабілеті. Білім берудің маңызды міндеттерінің 
бірі – оқушыны әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтенуге қалыпты жағдай жасау [1, 7]. 
Ал әлеуметтенудің алғышарты сауаттылық болып табылады. Оқу сауаттылығын 
енгізе отыра мынадай нәтижелерге жетуге болады: 
- оқушыларға еркіндік берілгендіктен, терең әрі ӛзінше ойлайды; 
- шығармашылық белсенділігі артады; 
- дҧрыс нәтижеге жету ҥшін жан-жақты ізденеді. 
Оқушының ҥнемі тілін дамытып, сӛйлеу тілін жетілдіріп, лексикалық 
қорын молайтып отыруымыз керек. Қазіргі кезеңде білім беру жҥйесінің ең 
басты міндеті – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Оқу 
сауаттылығын қалыптастыруда мәтінмен жҧмыс істеудің тҥрлі әдістерін 
қолдануға болады. Тапсырмаларды орындау оқушылардың мҧқият оқу, есте 
сақтау, талдау, жинақтау, мәтіндегі негізгі ойды анықтау, оқиға желісінің 
ӛрбуін ажырату, дҧрыс болжам жасай алуы сияқты дағдыларын қажет етеді. 
Тілдік алғашқы терминдерді, ҧғымдарды бастаған кезден оқушының оқу 
сауаттылығын қалыптастыруға мән беру қажет. Оқу сауаттылығын дамыту 
ҥшін берілген мәтін мазмҧнынына, ондағы әр сӛйлемге мҧқият назар аударуды 
қалыптастыру керек.


64 
Оқу сауаттылығын тексеруге берілетін тапсырмаларды саралай келе, ондағы 
сҧрақтарды мазмҧны мен ерекшелігіне орай бірнеше тҥрге топтастырып 
қарастыруға болады. Олар: логикаға қҧрылған сҧрақтар, пәндік сҧрақтар, зейінге 
байланысты сҧрақтар, пәнаралық байланысқа арналған сҧрақтар және т.б. 
Оқу сауаттылығы сҧрақтарына дҧрыс жауап бере алу ҥшін теориялық 
білімнің де болуы маңызды. Мысал ҥшін, мына мәтін мен оған ҧсынылған 
сҧраққа назар аударайық.
«Мәтінді мҧқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дҧрыс жауап 
беріңіз».  
Қҧмырсқа – әлемдегі ең кӛп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «қҧмырсқадай 
қажырлы», «қҧмырсқадай қҧжынаған», «қҧмырсқадай еңбекқор» деген 
тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры кӛп. Оны 
ғалымдар зерттеп, бҧқараға жеткізіп отыр. 
Қҧмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы 
мирмеколог мамандардың қҧмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған 
тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы кӛптеген қызықты деректер 
белгілі болды. Қҧмырсқа жер жҥзінде ең кӛп тараған жәндік. Әлемдегі ең 
қҧрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бҥгін жер 
бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей қҧмырсқа бар екен. Жан 
басына шаққанда, бір адамға миллион қҧмырсқадан келеді, ал жалпы ҥлесі 
барлық адамның ҥлесіндей «Қҧмырсқадай қҧжынаған» тіркесінің мағынасына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет