Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет5/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

біріншіден, әлем, адам және оның қызметі жӛнінде шынайы және жҥйелі білім 
кӛмегімен мәдениет пен ӛркениетті дамыту және байыту бойынша 
ғалымдардың жеке және ҧжымдық ӛзара әрекеті болса, екіншіден, оқу-тәрбие 
ҥдерісінен кейінгі ҧтымды ҧйымдастыруға қажетті алғышарттарды жасайтын, 
білім беру мен педагогикалық жҥйенің әрбір деңгейінде тиімді қызмет ететін 
оқу-тәрбие жҥйелерін негіздеумен айналысатын (жобалау, қҧру) педагог-
ғалымдардың (теоретиктер мен әдіскерлер) жҧмысы деп анықталады.
Алайда, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері жалпыға 
міндетті мемлекеттік білім беру стандартының, кәсіби білім бағдарламасының 
талаптары негізінде, сонымен қатар болашақ педагогтердің даярлық деңгейінің, 
ерекшеліктері мен мҥмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Себебі, Ғылыми-зерттеу 
іс-әрекеті – болашақ педагогтердің ғылыми-деректермен жҧмыс жасай білуін
оларды сҧрыптау, қорытындылау іскерлігі мен ізденістік, танымдық, 
шығармашылық, интеллектуалдық, зерттеушілік қҧзіреттіліктерін және т.б. 
белсенділіктері мен дағдыларын дамытады. Ғылыми айналымда жаңа әсер алу, 
кӛп білуге қҧштарлық, қадағалауға және эксперимент жасауға ҧмтылу, әлем 
туралы жаңа мәліметтерді ӛздігінен іздеу болашақ педагогтердің зерттеушілік-
мәдениетінің маңызды белгілері ретінде де қарастырылады. Болашақ педагогтер, 
ғылыми- зерттеу жҧмыстарымен айналысу арқылы ӛздерін қызықтырған 



мәселенің ӛзектілігін, маңыздылығын, ерекшелігін сезінеді, зерттеу барысында әр 
тҥрлі әдіс-тәсілдер қолданады, ӛздері болжаған нәтижеге жетуге ҧмтылады. 
Ізденіс барысында олардың шығармашылық мҥмкіндіктері дамиды.
Сонымен қатар, ғалымдардың тәжірибесіне негізделген ғылыми зерттеу 
материалдарына ғылыми сараптама, сипаттама жасау болашақ педагогтердің 
интеллектуалдық дамуының ӛсу деңгейін арттырады. Ғылыми еңбектермен 
жҧмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жҧмыстардың теориялық және 
тәжірибелік аспектілерін шешуде, шығармашылық белсенділік кӛрсетіп, 
ғылыми тҧжырым жасап, нәтижесін кӛреді, ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасып, 
қоғамдық ӛмірге бейімделген интеллектуальды тҧлға қалыптасады. 
Ғылыми зерттеу іс-әрекет нәтижесі– білім, ол - адамның белгілі бір 
жҥйедегі ҧғымдарының, деректерімен пайымдарының, жиынтығы, жаңа ой, 
жаңа идея. Адамзатты қозғаушы кҥш - шығармашыл тҧлғалар болса, саналы 
әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі - шығармашылық. 
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері ӛте маңызды 
болады. Онсыз социум ғылым мен техника ӛнер әдебиеті прогресивті жолмен 
ӛсіп дамымаған болар еді. Біздің тіршілігімізде іс-әрекет, соның ішінде 
шығармашылық әрекет болмаса, онда ешбір жаңа ой, пікір болмай, нәтижелі 
табыстарға жетпеген болар едік.
Педагогикалық шығармашылыққа дайындық мәселесін талдай отырып, белгілі 
педагог-психолог ғалымдар: А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина, Л.С. Выготский,
С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, И.Я.Лернер, А.В. Крутецкий 
«тек шығармашылық еңбек қана кәсіби шеберліктің жоғарғы ӛлшемі» - деген 
ҧйғарымға келді. Оның кӛмегімен тҧлғаның қарым-қатынасы адами 
қасиеттердің кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жҥзеге асырылуы 
қарастырылады. С.Л.Рубинштейн шығармашылықты: «қоғамдық маңызы бар 
жаңа материалды және рухани қҧндылықтарды жасайтын адам әрекеті» десе, 
И.Я.Лернер: «адамның ӛмір шындығында ӛзін-ӛзі тануға ҧмтылуы, ӛздігінен 
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге ҥйренуі» деп анықтайды. [4 ].
Зерттеушілік-шығармашылық 
іс-әрекет 
педагогикалық 
еңбектің 
шығармашылық сипатымен анықталады. Бҧл іс-әрекетті нәтижелі жҥзеге асыру 
ҥшін оқытушы педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруі тиіс. Демек, 
педагогикалық іс-әрекет барысында мынадай функциялар атқарылады: 
ақпараттық; бағыт берушілік; жҧмылдыру; зерттеумен қоса оқыту, тәрбиелеу, 
дамыту, қалыптастыру процестерін басқару; диагностикалау; болжау; ӛзінің 
және 
білім 
алушының 
іс-әрекетін 
жобалау 
және 
жоспарлау; 
ҧйымдастырушылық; бақылау және коррекциялау; аналитикалық және 
педагогикалық білімді насихаттау; мақсатқа жету. 
Олай болса, шығармашылық - сапалы жаңа материалдық және рухани 
қҧндылықтар жасайтын іс-әрекет ҥдерісі немесе объективті жаңаны қҧру 
нәтижесі десек, шығармашылық ӛнімдерін ӛндіріс ӛнімдерімен салыстырғанда 
ӛте қҧнды болып келеді. Ол - бҧрын болмаған кейбір сапалы жаңаны 
туындататын іс-әрекет; тек бір адам емес, басқада адамдар ҥшін кейбір жаңа, 
қҧнды нәрсенің жасалуы; субъективті қҧндылықтарды жасау ҥдерісі. 
Шығармашылықты зерттейтін білім саласы эвристика деп аталады. 



Шығармашылық - сенсомоторлық, кӛрнекілік, оперативті-әрекеттік және 
логико-теориялық тҥрде ӛзгеретін және белгісіз шарттарға кӛмектесуге 
бағытталған ойлау ҥдерістерінің деңгейі мен сапасын анықтайтын, индивидке 
тән қабілеттер жиынтығы. Шығармашылық жоғары интеллектуалды деңгейге 
кӛшуге мҥмкіндік беретін тҧлға дамуының аспектісі.
Шығармашылық философиясы мен психологиясын, ойлау аспектілерін, 
философия тарихындағы шығармашылық мәселесін, шығармашылықтың 
диалектико-материалистік 
концепциясын, 
шығармашыл 
тҧлға 
сапасы 
концепциясын Б.Ф.Сорокин зерттеген. Шығармашылық қызмет мәні мен ӛзара 
байланысын Ю.А.Харин, шығармашылық қызмет қҧрылымы мен механизмін 
И.П.Колошин, оның аксиологиясын О.И.Табидзе зерттесе, шығармашылық 
мәні мен табиғатын В.С.Библер, Г.С.Батищев, П.П.Гайденко, Н.Ф.Овчинников 
және т.б. қарастырған. Шығармашылық теориясын, табиғаты мен 
заңдылықтарын, қоғам ӛміріндегі орнын, оның әлеуметтік маңызын 
А.Т.Шумилин еңбегінде қарастырған [5].
Сонымен қатар отандық ғалымдардың арасында белгiлi психолог 
Қ.Б.Жарықбаевтың шығармашыл тҧлға жайлы басқалардан кӛмек кҥтпей, 
мәселенi шешуде басқа бiреудiң әдiсiн қайталамай, қалайда ӛзi шешуге 
тырысатын адам – шығармашыл ойдың иесi деген пікір білдіреді [6]. 
Психологияда шығармашылықты зерттеген әртҥрлі тәжірибелік жҧмыстар 
нәтижесінде бҧл сапаның бастапқы деңгейін анықтау ҥшін пайдаланытын 
тестер, сауалнамалар, тәжірибелер қолданыла бастады сонымен қатар 
шығармашылық әрекеттің кейбір қырларын зерттеу жолға қойылды. Әсіресе 
шығармашылық мәселесі шет елдік психолог-ғалымдардың еңбектерінде 
жиірек кӛрініс табады. Солардың кейбіріне тоқтала кетейік. 
Психологиялық зерттеулерде «шығармашылық» және «креативтілік» 
ҧғымдары синоним ретінде қолданылған кездер болды. «Креативтілік» 
ҧғымының латын тілінен аудармасы «жасап шығару» дегенді білдіреді. 
Бҧлайша тҥсіндіру шығармашылықпен сәйкес келеді. Дегенмен соңғы 
уақыттарда «креативтілік» ҧғымының мазмҧны белгілі бір дәрежеде 
ӛзгерістерге ҧшырады деуге болады. Оған ӛткен ғасырдың 30-40 жылдарында 
бҧл ҧғымның «жасырын кҥш», «жасап шығаруға қабілеттілік» ретінде 
қарастырылуы себеп болды. Ал 50-60 жылдары шығармашылық ойлауға 
байланысты зерттеулер аясында «креативтілікке» шығармашылық әрекетке 
қажетті идеяларды таба алу, ойлаудың икемділігі сияқты интеллектуалдық 
қабілеттің ерекше типі деген мән берілді. 
Д.Б.Богоявленская креативтілікті жеке тҧлғаның «шығармашылық 
дарындылығы» ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі 
ретінде интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тҧлғаның танымдық және 
мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп кӛрсетеді) және оның 
ҥш деңгейін (стимулдық - ӛнімді, эвристикалық және креативтілік) 
ажыратады [7]. Алғашқы деңгейге интеллектуалдық белсенділігі танымдық 
ынта және жігерлілікпен жҧмыс жасау барысында да бастапқы берілген тәсіл 
шеңберінде қалатын адамдар жатқызылады, олардың іс-әрекеті сыртқы 
стимулмен анықталады. Эвристикалық деңгейдегі адамдарға ӛз іс-әрекетінің 
қҧрамы мен қҧрылымын талдау, тҥрлі міндеттерді ӛзара салыстыру тән, бҧл 



жаңа шешімдерге жол ашуға жетелейді. Интеллектуалдық белсенділіктің 
креативтілік деңгейіндегі адамдар қҧбылыстардың себептерін тҥсінуге 
тырысады, ал бҧл ӛз кезегінде, зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау 
ҥдерісін тереңдетеді. Егер стимулдық-ӛнімді деңгейлі тҧлға берілген тәртіп 
шеңберінде жҧмыс қарқынын арттырып, іс-әрекетті ҧғынбай кӛшірмелесе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет