Ҽдебиеттер
1. «Қазақстан мҧғалімі» газеті, 31 наурыз. – 2012.
2. Сҧрақ кітапшасы, 1611-нҧсқа. ҚР, Білім және ғылым министрлігі, Ҧлттық тестілеу
орталығы – 2017.
3. Сҧрақ кітапшасы, 31540-нҧсқа. ҚР, Білім және ғылым министрлігі, Ҧлттық тестілеу
орталығы – 2017.
ҚЫЗ КОНЦЕПТІСІ
Ауезова Ш.С.
Аға оқытушы, магистр, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан, Арқалық
Ауезова М.
1 курс студенті, қазақ тілі мен әдебиет мамандығы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан, Арқалық
Аннотация: В статье всесторонне описываются антропонимы, топонимы, гидронимы
связанные с концепцией «Девушка», этимология этих слов тесно переплетается с
мировозрением казахского народа и смысловыми особенностями знечений имен.
Ключевые слова: антропоним, топоним, гидроним, концепция «Девушка», женщина,
пол, гендерная лингвистика, родственные наименования.
Summary. In this article the author describes the linguistic feature of the concept ―The girl's
name‖ in the context to antroponims, toponims, gidronims, etimology. There are a lot of examples
of etimology toponim the Kazakh girls names connected with the nations outlook and specific ways
of their life style.
Key words. Antroponim, toponim, gidronim, concept, ‖girls name‖ woman, sex, gender
linguistics, relalitive names.
Біз бҧл мақаламызда «Қыз» концептісіне қатысты туындаған
антропонимдер мен топонимдерді, гидронимдерді тҧлғалық, мағыналық
ерекшеліктеріне қарай талдап, кейбіреуінің тҥп - тӛркінін анықтауға тырыстық.
Ҧрпаққа жарасымды есім беру – ежелден келе жатқан халқымыздағы игі
дәстҥрдің бірі. Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан кӛп те мол болумен қатар,
қҧрамы мен қҧрылысы жағынан да әр алуан. Тілімізде ӛзінше бӛлек, дәстҥрлі
68
қазақ есімдері кӛп кездеседі. Сол себепті қазақ тіліндегі қызға қатысты есімдер
ӛзінің әртҥрлілігімен, сан қырлылығымен ерекшеленеді. Мысалы, қазақ тілінде
жыныстық белгіні кӛрсету ҥшін ҧрғашы (ҧрғашы мал, ҧрғашы қой); еркек
(еркек бҧзау); ҧл (ҧл бала); қыз (қыз бала) сияқты сӛздердің қолданылатыны
анық. Белгілі тҥрколог ғалым Л.Покровская ӛз еңбегінде тҥркі тілдеріндегі
қандық, туысқандық қатынасты білдіретін атауларға ата (әке), апа (шеше),
сіңлі, қарындас, аба, оғҧл, қыз сӛздерін жатқызады [1,94.]. Ғалымның бҧл
тҧжырымынан біз гендерлік лингвистика тҧрғысынан «Қыз» концептісінің
ауқымының кеңірек екенін аңғарамыз. Қазақ тілінде сирек болса да жалқы
есімдерге (адам аттарына) арнайы қосымшалар қосылып келіп те жыныстық
мағынаны білдіреді. Мысалы, Сәлім (ер адамның аты) – Сәлима (әйел адамның
аты), Кәрім - Кәрима, Кәміл - Кәмила. Атап айтқанда, қазақ халқының
ҧғымында қызға ат қоюда асыл металлдарды, қымбат тастарды, табиғат
қҧбылыстарын, аспан денелерін негіз етіп алған. Соған орай біз тіліміздегі
қызға байланысты антропонимдерді тӛмендегідей топтастырдық:
1) жанҧяда ылғи қыз болып, ҧлдың тууын кҥтіп жҥргенде туған қызға
Дәметкен, Дәмелі, Зәру, Жаңыл, болмаса, ендігі бала ҧл болсын деген ниетпен
Ҧлберген, Ҧлбала, Ҧлжалғас, Ҧлжан, Ҧлболсын қояды. Қҧмықтарда Қызтаман
(қыз жетеді), Ҧлангерек ( ҧл керек) деген аттар қойған.
2) Қазақ халқының таным-тҥсінігінде қыздар сҧлу, кӛркем болсын деген
оймен тӛрт - тҥлік малда, аңда, затта, табиғатта нендей кӛркем, қадірлі,
қымбатты заттар болса, соның атын ырымдап қойған. Мысалы, Марал, Гауһар,
Маржан, Ботакӛз, Танакӛз, Ару, Қаракӛз, Ақмарал, Қаламқас,т.б.) Аспан
әлеміндегі денелер мен планеталардың атауынан жасалған қыз есімдері
(космонидтер) тілімізде жиі кездеседі. Мысалы, Кҥнсҧлу, Кҥншем, Айсҧлу,
Жҧлдыз, Айқыз, Айжҧлдыз, Шолпан, .
4) Ерлер мен әйелдерге ортақ есімдер: Айдын, Айқын, Асыл, Кенже,
Манат, Жанат.
Жалпы қазіргі уақытта жігіттерге қарағанда, қыздар есімі ӛзінің саны
жағынан да, формасы жағынан да ерекшеленеді. Қазақ тілінде қыздар есімі
ҥшін гҥл қосымшасы тән. Бҧл қосымша қыз есімінің гендерлік кӛрінісі болып
табылады. Мысалы, Айгҥл, Нҧргҥл, Назгҥл, Гҥлжан, Гҥлназ, Гҥлмира. Осыған
орай біз белгілі ғалымдардың зерттеулеріне сҥйене отырып, тіліміздегі қыз
есімдерін тӛмендегідей топтастырдық :
1) Қазақ - араб тілдерінен енген есімдер: Нҧрай, Фатима, Қадиша, Зухра.
2) Қазақ - иран тілдерінен енген есімдер: Айжан, Жауһар, Гауһар.
3) Қазақ - тәжік тілдерінен енген есімдер: Айбибі, Айтбҥбі, Бибі.
4) Орыс тілінен енген есімдер: Мира, Оксана, Венера, Диана, Света.
5) Абстрактілі тҥсініктемеге байланысты есімдер: Сағида – «бақытты»,
Бәдіннҧр - «ӛте кҥрделі», Дариға - «кӛңілі кең», Нағима – «мейірімді», Жәмила
– «қымбатты». Белгілі атақты поляк антропонимисі Т.Милевский жеке есімдер
жай атауларға қарағанда, ӛзінің таңдау еркіндігімен ерекшеленеді дейді. Олай
болса қазіргі кезеңде заман талабына сай жеке есімдерді таңдау қоғамдық
талғамға байланысты және қазіргі антропонимикалық нормаға негізделген деп
толық сеніммен айта аламыз. Ҧлан-байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан
69
қилы болып келетін еліміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан
атаулар қойылып, олар тҥрлі ӛзгерістерге ҧшырап отырды. Ҧшы-қиыры жоқ
кең алқапта қазақ халқының негізін қҧраған ру - тайпалық одақтар кӛшіп -
қонумен жҥрді. Сондықтан олар кең даланың табиғат ерекшеліктерін, ӛзіндік
сипатын жете тани білген және соған лайық атауларды да дәлме - дәл тауып қоя
білген. Жалпы Қазақстандағы жер-су, тау атауларын лексикалық қҧрамына
және мағыналық ерекшеліктеріне қарай тӛмендегіше топтауға болады:
1) ру - тайпа, халық аттарына қойылған атаулар;
2) тарихта болған кісі есімдерінен қойылған атаулар: а) кӛне тҥркі және
қазақ тіліндегі атаулар; ә) араб - иран тіліндегі атаулар; б) монғол тіліндегі
атаулар. Аталған жайттарға байланысты қазіргі тіл білімінде бірқатар белгілі
ғалымдар жер-су, тау атауларының этимологиясын зерделеуге тырысқан.
Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ә.Нҧрмағанбетов, Т.Жанҧзақов, Н.Уәли ӛз
зерттеулерінде комплексті әдісті пайдалана отырып, тіліміздегі жер-су, тау
атауларының шығу тӛркінін қарастырған. Қазақ даласында әйел жынысына
байланысты бірнеше жер-су, тау атаулары кездеседі. Ғалым А. Байғҧтова ӛз
зерттеуінде: «Қазақтың еншісіне тиген байтақ даламыздың қай бҧрышын алсақ
та, әйел - анаға арнап тҧрғызылған ғажайып кесене, әсем мҧнара, ӛшпес
ескерткіштер, тіпті тҧтас қаланың аты да бар», - деп кӛрсетсе, ал белгілі
этнограф ғалым А.Сейдімбек ӛз зерттеуінде былай дейді: «Сырдария
бойындағы Кӛккесене, Бикем мҧнара, Сарысу бойындағы Белең - ана, Болған
ана, Арал тҥбіндегі Бегім ана кҥмбездері ӛзінің сыр - сымбатымен қайран
қалдырады. Бір ғана Оңтҥстік Қазақстан облысының аумағында қыз балаға,
әйел - анаға қатысты сандаған топонимдерді кездестіруге болады: Домалақ ана,
Қарашаш ана, Сыланды ана кесенелері, Қатынқамал, Қырық қыз, Қызсиген,
Келіншектау» [2, 402 б.]. Жалпы қазақ даласында әйелге қатысты қатын,
ханым, бике, бегім сияқты атақ - дәрежені, лауазымды кӛрсететін топонимдер
мен гидронимдер кӛптеп кездеседі. Мысалы, Ақмола облысындағы Тасбике
ӛзені, Жезқазған жеріндегі, Ҧлытаудағы Қаным ӛзені, Қарағандыдағы Бикеш
тауы соған дәлел бола алады. Тіліміздегі қызға байланысты туындаған жер-су-
тау атауларын былай деп жіктеуге болады:
1) Нақты тарихта болған қыз атымен аталған жер – су - тау атаулары:
Балқаш кӛлі, Таңсық елді мекені, Ақсәуле тауы, Қостанай қаласы, Данабҧлақ
кӛлі, Баршынкент қаласы. Мысалы, топонимдердің ішінде Қостанай қаласының
атауына қатысты ел аузында бірнеше аңыз - әңгімелер бар.Соның ішінде біреуі
тарихта болған қыз есімдерімен байланысты. Сол аңыздың қысқаша мазмҧны
мынадай: «Ертеде бір кедей ӛзін және егіз қыздары Қос пен Танайды асырау
ҥшін байға жалданып жҧмыс істейді. Кҥндердің кҥнінде бай мен кедей
арасында жерге қатысты дау шығады. Бай ӛктемдігін кӛрсетіп, кедейдің жерін
тартып алады да, ӛзін елден қуып жібереді. Кедей Тобыл ӛзенінің бір сайына
келіп жайғасады. Кедейдің сорына бір кҥні екі сҧлу қызы ішқҧсадан, аурудан
ӛледі. Ол қыздарын Тобыл ӛзенінің жағасына жерлейді. Ӛтіп бара жатқан
адамдар ол жерге ҧзақ уақыт тоқтап, кейде қонып қалатын болған. Кейінірек ол
жер халық арасында қыздардың атымен Қостанай аталады».
70
2) Эвфемизм мен діни нанымға байланысты атаулар: Қызау ӛзені,
Сҧлукӛл жерді мекені.
3) Санға байланысты атаулар: Жетіқыз – Жезқазған жеріндегі, Ҧлытау
ӛңіріндегі ӛзен. Халық аузындағы аңыздарға қарағанда, жеті қыз суға
шомыламыз деп суға кетіпті деген аңыз бар. Қырыққыз қала – қаланың негізін
қырық қыз салдырды деген аңыздың желісі бойынша аталған.
4) Әр тҥрлі метафоралы атаулар – Қызбел елді мекені, Қыземшексай
ӛзені, Қыземшек тауы, Қыздың басы жер атауы, Қызауыз жота. Жер – су - тау
атауларын салыстыру, теңестіру негізінде басқа объектілермен ҧқсастығына
қарай қойылған. Мысалы, «Қызбел – Торғай жеріндегі, Жанкелдин
ауданындағы қырқа атауы. Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге
алыстан қарағанда жатқан қыздың бейнесін елестетіп, орта шенінде жота
жіңішкеріп, қыз беліне ҧқсатудан «Қызбел» атанған. Ертедегі тҥркі жазба
ескерткіштерінде (М.Қашғаридың сӛздігінде) «қыз» сӛзінің бірнеше мағынасы
бар. Соның бірі – «сараң, сығырдаң. Бірінші сӛздің тҥбіріне сол мағына сәйкес
келеді. Ӛйткені жалпы бҧл ӛңірде бҧлақ кӛзі тапшы. Ал, «бел» сӛзі кейбір тҥркі
тілдерінде «тӛбе, тӛмпешік» деген ҧғымды білдіреді. Осыларға сҥйенсек,
қазіргі ҧғым-тҥсінігімізде «сараң тӛбе» дегенді білдіреді» [3, 34 б.]. Қызауыз –
Қаракеңгір ӛзенінің солтҥстік-шығысында, Ҧлытау ӛңірінде орналасқан,
биіктігі 616,3м жота. Қыземшек – Қызылжар ӛңірінде орналасқан, биіктігі
506,3м тау. Таудың тіп - тік болып тҧруына қарай қыздың емшегіне ҧқсату,
теңеу жолымен алынған топоним. Қыздың басы – Орталық Қазақстандағы
Ақтоғай ауданында орналасқан жер атауы. Топоним аңыз - оқиғаға байланысты
да қойылуы мҥмкін.
5) Қыз бҧйымдарына байланысты атаулар: Қызылорда облысындағы
Мақпал кӛлі, Жамбыл облысындағы Қамқалы елді - мекені, Ақмола
облысындағы Маржан кӛл, Алматы облысындағы Қарқара ӛзені, Семей
ӛңіріндегі Абыралы, Жалаулы, Моншақты, Домбыралы елді - мекендері,
Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызылбелбеу, Қҧбажон елді - мекендері,
т.б. Мысалы, бір ғана «Қозы Кӛрпеш - Баян сҧлу» жырында аталған
топонимдердің дерлік барлығы кездеседі. Бҧл туралы ғалым Ә.Қайдар ӛз
зерттеуінде былай дейді: «Поэма сюжетіне ӛрілген аңыз-атаулардың кӛпшілігі
бҧл кҥнде реальді географиялық объектілер болып саналады.
Сондықтан оларды зерттеудің ғылыми мәні зор Бҧдан біз жоғарыда
аталған жер – су - тау атауларының халықтық ат қою дәстҥріне жат еместігін
аңғарамыз.Тілімізде, әсіресе, қыз сӛзімен байланысты гидронимдер кӛптеп
кездеседі. Мысалы, Қызқҧдық – Шымкент облысындағы ӛзен атауы, Қыздаркӛл
– Жамбыл облысындағы, Қыз – Ақтӛбе облысындағы кӛл атауы. Бҧл
гидронимдерде халқымыздың ӛткен ӛмірінің, тарихтың іздері жатыр.
Қорыта келгенде, бҥгінгі таңда қазақ ономастикасының гендерлік қырын
жан-жақты екшелеп, тарихи тҧрғыдан болмасын, әлеуметтік қоғам тҧрғысынан
болмасын зерттеп зерделеудің аса маңызы зор. Ӛйткені қарқынды дамып келе
жатқан гендерлік лингвистика бағытының тіл білімінде ҥлкен тӛңкеріс жасары
әбден анық. Себебі қазіргі кезде аталған саланың термин жҥйесі қалыптасуда,
жаңа, тың қолданыстар белең алуда. Мағынасы беймәлім, шығу тӛркіні жҧмбақ
71
кейбір топонимдер мен гидронимдерді гендерлік лингвистика тҧрғысынан
зерттеп анықтау, саралау олардың тҧңғиық сырын ашады, қҧпия жайын
айқындай тҥседі. Ал әрбір осындай тілдік қҧбылыстардың шығу тӛркінін, пайда
болу тарихын анықтау барысында кҥтпеген жаңалықтарға тап болуымыз
ықтимал. Ӛйткені тіліміздегі әр атауды, әрбір есімді қоятын да, атайтын да,
тҥстейтін де дана халқымыздың ӛзі.
Демек, әрбір тілде, белгілі бір тілдік қолданыстарда ӛзіндік дәрежеде
халық тілі, мәдениеті мен әдет - ғҧрпы, таным - тҥсінігі, жыныстық ерекшелігі,
әлеуметтік қоғамының ізі мен бедер белгісі бары сӛзсіз. Олай болса, қазақ
ономастикасының сан салалы маңызды мәселелеріне зейін қойып, гендерлік
лингвистикалық, когнитивті лингвистикалық, этнолингвистикалық, әлеуметтік
лингвистикалық қыр - сырын ашып, зерттей білу, лайықты еңбектер беру келелі
де зәру мәселелердің бірі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |