Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Шарт бойынша анықтамалықтар мен көрсеткіштер



бет13/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

5. Шарт бойынша анықтамалықтар мен көрсеткіштер




5.1. Анықтамалық – Қарыз және шартты міндеттеменің түрі


 

5.1.1. Қолданылу саласы

Осы анықтамалықта банк және банктік емес ұйымы кредиттік тарих субъектісіне берген қарыз және шартты міндеттеменің түрі айқындалады.

Осы анықтамалық ұйымдық-құқықтық нысандарына және резиденттігіне қарамастан, кредиттік тарих субъектілерінің барлық рөлдері үшін міндетті болады.

5.1.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- Банктер туралы заң;

- «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Вексель айналысы туралы заң);

- «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысы;

- № 49 қаулы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысы;

- Халықаралық валюта қорының ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі нұсқау, 2000 жылғы шығарылым.

5.1.3. Терминдер мен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

овердрафт – клиент шотындағы қаражат қалдығынан төлем шамасынан асқан соманың орнын толтыруға берілерін қарыз нысаны. Әдетте банкпен және клиент арасында кредиттің ең көп сомасы, оны берудің басқа талаптары, өтеу тәртібі бойынша келісім жасалады. Берешекті өтеуге клиенттің ағымдағы шотына түсетін барлық сомалар жіберіледі, сондықтан кредиттің көлемі қаражаттың түсуіне орай өзгереді. Пайыздар келісілген ставкалар бойынша ұсталынады. Овердрафты пайдалану құқығы аса сенімді клиенттерге беріледі;

овернайт – өте қысқамерзімді кредит, мерзімі бір тәулікке не демалыс күндеріне – жұма күнінің кешкісінен дүйсенбі күнінің тәңертеңіне дейін; банкаралық кредиттер нарығында қолданылады;

қаржы лизингі – мүлікті меншігіне арнайы сатып алу, ұзақтығы бойынша мүлікті пайдалану және оның барлық құнын амортизациялау мерзіміне жақын келетін мерзімде оны кейіннен уақытша иеленуге беру және пайдалану операциясы;

вексель – бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеменi бiлдiретiн қатаң белгiленген нысандағы төлем құжаты;

факторингтік операциялар - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;

форфейтингтік операциялар (форфетингтеу) – тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;

синдикатталған қарыз (кредит)банктер, банктік емес ұйымдар синдикатының қатысушылары болып табылатын екі және одан астам банктермен, банктік емес ұйымдармен бірігіп қалыптастырылған және қарыз алушыға (байланысты заемшылар тобына) бір қарыз шарты негізінде (қажеттілігіне қарай және басқа құжаттарды қоса беріп) берілген қарыз;

инвестициялық қарыз (кредит)мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит):

қарыз мерзімі бес және одан астам жылдар;

қарыз шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Қарыздың ішінара өтелуі қарыз алушының бизнес-жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін;

қарыз материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;

кредиттік картаоны ұстаушыға банкпен және клиенттің арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен банк ұсынған қарыз сомасы шегінде төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін төлем карточкасы;

кері төлеп алу міндеттемесі бар сенімгерлік басқарудағы қарыз – қарыздар бойынша талап ету құқығын басқару;

кепілдеме – кепілгер кредитор (банк немесе банктік емес ұйым) алдындағы қарыз алушының кредиттік шарты бойынша міндеттемелерін толық не ішінара орындауын қамтамасыз етуге міндеттенетін жазбаша шарт. Кепілдеме шарттың міндетті тарапы кепіл беруші, қарыз алушымен бірге басқа кредитор;



кепілдік – алушының кепілдік талаптарына сәйкес төлем талабын ұсынған кезде белгілі сомада төлем жүргізуге банктің (банктік емес ұйымның) міндеттемесі;

аккредитив – банктің өтініші бойынша және клиенттің нұсқаулықтарына сәйкес немесе өзінің қалауы бойынша көрсетілген бенефициарға төлем жасауға немесе оның бұйрығы бойынша бенефициар ұсынған немесе аккредитивтің барлық талаптары сақталған болса белгіленген мерзімде аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы акцепт және аударым вексельдерге ақы төлеуге міндеттемесі;

кредиттік желібанктің (банктік емес ұйымның) қарыз алушыға кредит алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптар негізінде, бірақ кредиттеудің мұндай нысаны үшін банктің (банктік емес ұйымның) ішкі кредиттік саясатымен және шартпен белгіленген сома және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі;

айналым капиталына кредит беру – ұзақмерзімді активтерді шегере, активтерден аспайтын мөлшерде ағымдағы қызметті қаржыландыруға арналған кредит (инвестиция мен негізгі қаражат);

«кері «РЕПО» операциясы бағалы қағаздар кепіліне берілетін қарыз операциясы;

тікелей тәсілмен «кері «РЕПО» операциясымәмілелер сауда-саттыққа қатысушылардың алдын-ала келісімі бойынша жүргізіледі;

автоматты тәсілмен «кері «РЕПО» операциясыүзіліссіз қарсы аукциондар тәсілі арқылы жүргізіледі;

келешекте берілетін қарыздар бойынша шартты міндеттеме – банктің (банктік емес ұйымның) қарыз алушыға келісімде көзделген талаптарды сақтай отырып, белгілі кезең ішінде кредит (қарыз) беру бойынша ықтимал міндеттемесі.

5.1.4. Жалпы ережелер

Қарыздың және шартты міндеттеменің түрі қарыз, шартты міндеттеме шартының талаптарына байланысты.

Шартты міндеттемелер кепілдікке, кепілдемеге, аккредитивтерге, кері төлеп алу міндеттемесі бар сенімгерлік басқарудағы қарыздарға, кредиттік желілерге бөлінеді.

5.1.5. Анықтамалықтың құрылымы




Р/с №

Коды

Атауы

1

01

Қарыз

2

02

Овердрафт

3

03

Овернайт

4

04

Қаржы лизингі

5

05

Вексель

6

06

Факторинг

7

07

Форфейтинг

8

08

Синдикатталған қарыз

9

09

Инвестициялық қарыз

10

10

Кредиттік карта

11

11

Кері төлеп алу міндеттемесі бар сенімгерлік басқарудағы қарыздар

12

12

Кепілдік

13

13

Аккредитив

14

14

Кепілдеме

15

15

Кредиттік желі

16

16

Айналым капиталына кредит беру

17

17

Тікелей тәсілмен «кері «РЕПО» операциясы

18

18

Автоматты тәсілмен «кері «РЕПО» операциясы

19

19

Уәкілетті органның талаптары бойынша баланстан тыс есептен шығарылған және №3300 шотын енгізуге байланысты балансқа қалпына келтірілген қарыздар

20

20

Мурабаха

21

21

Мудараба

22

22

Мушарака

23

23

Иджара

24

24

2012 жылғы 1 шілдеге дейін баланстан шығарылған қарыздар

25

25

Келешекте берілетін қарыздар бойынша шартты міндеттемелер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет