Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



бет2/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2. Терминдер мен анықтамалар

2.1. Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

2.2. Банк – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Әдістемелік нұсқаулар шеңберінде банктерге: екінші деңгейдегі банктерді, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жатқызу қажет.

2.3. Банктiк емес ұйымдар банк болып табылмайтын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) лицензиясы негiзiнде не Банктер туралы заңына көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқығы бар.

Әдістемелік нұсқаулар шеңберінде банктік емес ұйымдарға мыналарды: Комитеттің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешен саласында ұлттық басқарушы холдингтің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдарын жатқызу қажет.

2.4. Қарыз – банктік қарыз операциясы, банктің, банктік емес ұйымның ақы төлеу, мерзімді және қайтару талаптарымен ақша беруі. «Кредиттік тіркелім» ААШЖ мақсатында банк, банктік емес ұйымдар қарыз, лизингті, факторингті, форфейтингті операцияларды жүзеге асыруы, ислам банкінің қарыз (кредит) ретінде Банктер туралы заңның 52-5-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшасында көрсетілген операцияларды жүзеге асыру, вексельдерді есепке алу (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін, кредит банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру түсіндіріледі), «Кері РЕПО» операциялары;

2.5. Шартты міндеттеме бір немесе бірнеше белгісіз оқиғалардың пайда болуы (пайда болмауы) кезінде ғана тану мүмкін болатын, үшінші тұлғаның пайдасы үшін және шарт талаптары негізінде пайда болған клиенттің кредиттік тәуекелдеріне жауап беретін банк (банктік емес ұйым) қабылдаған міндеттеме.

2.6. Кредиттік тарих - «Кредиттік тіркелім» АШШЖ сақталатын кредиттік тарих субъектісі туралы ақпараттың жиынтығы;

2.7. Кредит (банктік қарыз шарты) беру туралы, шартты міндеттеме шарты – соның негізінде банк немесе банктік емес ұйым банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг, есебін жүргізу операцияларын, жүзеге асыру шеңберінде кредит беру шартты міндеттемесі немесе шарты, сондай-ақ ислам банкінің:

банктік заем операцияларын: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруді;

коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруды;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруды;

лизинг (жалға алу) талаптарымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасаған шарт.

2.8. Кепілдеме шарты – кепіл берушінің кредитор (банк немесе кредит беретін өзге ұйым) алдында қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерін толық не ішінара орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісімі. Кепіл беруші, қарыз алушымен бірге басқа кредитор кепілдеме шартының міндетті тараптары болып табылады.



2.9. Банктік кепілдеме – банктің кепіл бойынша алушы кепіл талаптарына сәйкес төлемді талап еткенде белгілі бір соманы төлеу міндеттемесі.

2.10. Резидент еместер – «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары және өкілдіктері резиденті болып табылмайды, егер оларды құру халықаралық (мемлекет аралық) келісіммен өзге, дипломатиялық және шет мемлекеттердің өзге ресми өкілдіктері белгіленбеген халықаралық ұйымдар.

2.11. Тең қарыз алушы –қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын, қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару, қарыз (кредит), оның ішінде кредит бойынша сыйлықақы және басқа төлемдер бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлғалар.

3. «Кредиттік тіркелім» АШШЖ құрылымы

Кредиттік тарихта олардың мәртебесіне байланысты рөлдерге бөлінетін Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденті еместер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) кредиттік тарих субъектісі болып табылады.



3.1. Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат



3.1.1. Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпаратта заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар бойынша ақпарат болады.

Дара кәсіпкерлер заңды тұлғалар бойынша блокта көрсетіледі. Дербес мақсаттары үшін тұтынушы кредит алған жағдайда дара кәсіпкер жеке тұлғалар бойынша блокта көрсетіледі.

Адвокаттар мен нотариустар жеке тұлғалар ретінде көрсетіледі.

3.1.2. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:




Атауы

Деректердің түрі

Анықтамалық

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)

саны

анықтамалық

Заңды тұлғаның /дара кәсіпкердің толық атауы

мәтін




Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

саны

анықтамалық

Субъектінің құжаттары:

сәйкестендіру құжаттарының түрі

саны

анықтамалық

құжаттың нөмірі

мәтін (сандар)




Почта мекенжайы және (немесе) орналасқан жері

мекенжайының (тіркелуінің (нақты)) типі

саны

анықтамалық

Облысы

саны

анықтамалық

мекенжайы (қала (елді жері), көше (ықшам ауданы), үйдің нөмірі (пәтердің)

мәтін (сандар)




байланыс түрі

саны

анықтамалық

телефон нөмірі

саны




Кредиттік тарих субъектісінің елі

саны

анықтамалық

Оффшорлық аймақ

саны

анықтамалық

Экономикалық қызмет түрі

саны

анықтамалық

Банкпен, банктік емес ұйымдармен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі

саны

анықтамалық

Заңды тұлға басшысы

Тегі, аты (бар болса - әкесінің аты)

мәтін




сәйкестендіру құжаттарының түрі

саны

анықтамалық

құжаттың нөмірі

мәтін (сандар)




Дара кәсіпкерлік субъектісінің коды

саны

анықтамалық

3.1.2. Жеке тұлғалар, адвокаттар мен нотариустар бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:




Атауы

Деректердің түрі

Анықтамалық

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)

саны

анықтамалық

Тегі, аты (бар болса - әкесінің аты)

мәтін




Субъектінің құжаттары:

сәйкестендіру құжаттарының түрі

мәтін

анықтамалық

құжаттың нөмірі

Мәтін (сандар)




Почта мекенжайы және (немесе) орналасқан жері

мекенжайының (тіркелуінің (нақты)) типі

саны




Облысы

саны

анықтамалық

мекенжайы (қала (елді жері), көше (ықшам ауданы), үйдің нөмірі (пәтердің)

Мәтін (сандар)




байланыс түрі

саны

анықтамалық

телефон нөмірі

саны




Кредиттік тарих субъектісінің елі

саны

анықтамалық

Оффшорлық аймақ

саны

анықтамалық

Банкпен (банктік емес ұйымдармен) ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі

саны

анықтамалық





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет