Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Анықтамалық - Банкпен (банктік емес ұйымдармен) ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі



бет11/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

4.10. Анықтамалық - Банкпен (банктік емес ұйымдармен) ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі

4.10.1. Қолданылу саласы

Осы анықтамалық кредиттік тарих субъектісінің банкпен немесе банктік емес ұйыммен айрықша қатынастармен байланыстылығын айқындайды.

Осы анықтамалық Қазақстан Республикасы резиденттерінің және резидент еместерінің заңды әрі жеке тұлғалары болып табылатын кредиттік тарих субъектілерінің барлық рөлдері үшін міндетті болады.

4.10.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:



  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;

  • Банктер туралы заң;

  • Акционерлік қоғамдар туралы заң.

4.10.3. Терминдер мен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалармен мынадай терминдер пайдаланылады:

банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жадайларды қоспағанда) немесе:

банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

  шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жадайларды қоспағанда) немесе:

банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

бақылау - мынадай шарттардың бірі:

бір заңды тұлға басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызын және одан астам заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу пайызымен және одан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;

бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органының немесе атқарушы органының құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;

Қазақстан Республикасының жобалау қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;

заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлға дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

басшы қызметкерлер – директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқарманың бірінші басшысы және мүшелері, оқшау бөлімшелердің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және олардың негізінде банк операциялары жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие болатын басқа қызметкерлер, бас бухгалтер. Бір құрылымдық бөлімшенің қызметін ғана бақылауын жүзеге асыратын және олардың негізінде банк операциялары жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие болатын тұлғалар басшы қызметкерлері болып табылмайды;

жақын туыстары - ата-аналар (ата-анасы), балалар, асырап алушылар (асырап алынғандар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер.

неке (ерлі-зайыптылық) - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

банктің филиалы – банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және оған банк берген өкілеттік шегінде іс-әрекет жасайтын, банк орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің оқшау бөлімшесі. Банк филиалында банкпен біріңғай балансы, сондай-ақ банктің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

4.10.4. Жалпы ережелер

Кредиттік тарих субъектісінде банкпен (банктік емес ұйыммен) айрықша қатынастармен байланыстылығының бір белгісі немесе бірнеше белгілері болады.

4.10.5. Анықтамалықтың құрылымы




Р/с №

Коды

Атауы

1

01

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) лауазымды тұлғасы немесе басқарушы қызметкері

2

02

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бірінші басшысы

3

03

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бас бухгалтері

4

04

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) лауазымды тұлғасы немесе басқарушы қызметкері болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам

5

05

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бірінші басшысы болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде болатын адам

6

06

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бас бухгалтері болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде болатын адам

7

07

Банктің ірі қатысушысы

8

08

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі акционері (қатысушысы)

9

09

Банктің ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы

10

10

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі акционерінің лауазымды тұлғасы

11

11

Банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғамен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам

12

12

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі акционері болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам

13

13

Банктің ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам

14

14

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның лауазымды тұлғасы, ірі акционері болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам

15

15

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) лауазымды тұлғасы немесе басқарушы қызметкері онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

16

16

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бірінші басшысы онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

17

17

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бас бухгалтері онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

18

18

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) лауазымды тұлғасы немесе басқарушы қызметкері болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

19

19

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бірінші басшысы болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

20

20

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) филиалының бас бухгалтері болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

21

21

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) ірі қатысушысы болып табылатын тұлға онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

22

22

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

23

23

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) ірі қатысушысы болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

24

24

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы болып табылатын адаммен жақын туыстықта, некеде, сондай-ақ қасиетке ие болатын адам онда ірі қатысушы (акционер) не лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға

25

25

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) оған қатысты ірі қатысушы (акционер) болып табылатын заңды тұлға

26

26

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) оған қатысты ірі қатысушы (акционер) болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы

27

27

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) оған қатысты ірі қатысушы (акционер) болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасының жақын туыстары, ері (зайыбы), ерлі-зайыптылардың жақын туыстары

28

28

Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының ірі қатысушысы

29

29

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының (акционерінің) ірі қатысушысы (акционері)

30

30

Банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлға

31

31

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлға

32

32

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлға

33

33

Банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға

34

34

Банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) шартпен байланысқан тұлға, оған сәйкес ол банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қабылдаған шешімдерді айқындауға құқылы

35

35

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банктің дауыс беретін акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

36

36

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

37

37

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банктің ірі қатысушысы -заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

38

38

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның (ұйымның қатысу үлесінің) ірі акционері – заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

39

39

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банктің ірі қатысушысы бақылайтын заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

40

40

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы бақылайтын заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

41

41

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) лауазымды тұлғасы бақылайтын заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

42

42

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) бірге үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

43

43

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) шартпен байланысқан тұлға, оған сәйкес ол банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қабылдаған шешімдерді айқындауға құқылы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

44

44

Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп банктің дауыс беретін акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын заңды тұлғаның дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін, пайдаланатын, басқаратын адам

45

45

Банктің ірі қатысушысы бақылайтын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы

46

46

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ірі акционері бақылайтын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы

47

47

Банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) лауазымды тұлғасы бақылайтын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы

48

48

Банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) бірге үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы

49

49

Банкпен (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айрықша қатынастармен байланысты өзге тұлға

50

50

Байланыспаған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет