Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Анықтамалық - Сәйкестендіру құжаттарының түрлері



бет5/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

4.4. Анықтамалық - Сәйкестендіру құжаттарының түрлері

4.4.1. Қолдану саласы

Осы анықтамалық кредиттік тарих субъектісінің сәйкестендіру құжаттарының түрлерін айқындайды.

Кредиттік тарих субъектілер – заңды және жеке тұлғалар (оның ішінде жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының резиденттері немесе резиденті еместер осы анықтамалықтың объектілері болып табылады.

Құжаттың түрі сәйкестендіру құжаттарының түрлері анықтамалығына сәйкес айқындалады.

Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірінің арасында бос орын қалдырмай көрсетіледі.

Құжаттың берілген күні мен қолданылу мерзімінің аяқталған күні қатаң түрде «ЖЖЖЖ.КК.АА», мұнда «ЖЖЖЖ» - жылы, «КК» - күні, «АА» - айы форматтағы жеке тұлғаны куәландыратын құжатқа сәйкес болады.

4.4.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Жеке кәсіпкерлік туралы заң);

- «Ұлттық тізілімдер және сәйкестендіру нөмірлері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 3 тамыздағы № 08-1-1-1/236 бұйрығы.

4.4.3. Терминмен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының азаматы – Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында туылған және шет мемлекеттің азаматтығына тұрмайтын не Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған жеке тұлға.

Қазақстан Республикасындағы шетелдік адам – Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар жеке тұлға.

азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жеке тұлға.

босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – жеке тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжат;

жеке куәлік – жеке тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжат

шетелдікке Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат – шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын және оларға келген мемлекетте тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат;

азаматтығы жоқ адамның куәлігі – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құжатын өткізген Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

босқын куәлігі – жеке тұлға болып табылатын босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;

жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

туу туралы куәлік – 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығын растайтын құжат;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегендігі (қайта тіркеу) туралы құжат. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада оны берген күн, тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері туралы мәліметтер бар.

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаны құру (қайта тіркеу) фактісін куәландырады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінде тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тіркеу (қайта тіркеу) күні, заңды тұлғаның атауы (оның ішінде заңды тұлғаны атауы туралы) және орналасқан жері туралы мәліметтер бар;

салық төлеушіні тіркеу нөмірі – салық төлеушіні салық органдарында есепке қоюды белгілейтін құжат, соның нәтижесінде салық төлеушінің тіркелу деректері, оның ішінде салық төлеушінің орналасқан жері, салық салынатын объектілердің және салық салумен байланысты объектілердің тиістілігі, тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу, есептен шығару белгіленеді;

шет мемлекет азаматының паспорты – Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат;

жеке тұлғаның аккредиттеу куәлігі – дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардын өкілдіктерінің басшыларының мен персонал мүшелерінің, консулдық мекемелердің қызметкерлерінің, әскери, теңіз немесе әуе атташелерінің (бұдан әрі - өкілдіктердің қызметкерлерінің), өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің (олармен бірге тұратын жұбайларының, тұрмыс құрмаған 18 жасқа дейінгі балаларының) өз мәртебелерін куәландыратын құжат;

дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға болып табылатын дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігін растайтын, дара кәсіпкер ретінде есепке алу үшін жасалатын құжат.

банктік сәйкестендіру коды – ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банктерді және Қазақстан Республикасы төлем жүйелерінің қатысушылары - ұйымдарды сәйкестендіруге арналған символдардың тізбегі;

4.4.4. Жалпы ережелер

Анықтамалық кредиттік тарих субъектілерін, олардың құжаттарына қарай, сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не төлқұжаты Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат болып есептеледі. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының кез-келгенінің төлқұжатымен расталады.

Егер заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті еместе осы анықтамалықта белгіленгеннен басқаша құжаттар болған жағдайда, «Өзге құжат» жолында өзгеше құжаттың мәтін форматындағы атауы міндеті түрде көрсетіледі.

Кредиттік тарихтың субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер), міндетті түрде салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы ақпарат ұсынылады.

Кредиттік тарихтың субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер), міндетті түрде мынадай сәйкестендіру құжат түрі ұсынылады:

- бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

Кредиттік тарихтың субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденті еместер бойынша міндетті түрде балама сәйкестендіру нөмірі туралы ақпарат ұсынылады.

Қазақстан Республикасының резиденті еместертер бойынша «бизнес-сәйкестендіру нөмірі»/»жеке сәйкестендіру нөмірі» жолын толтыру міндетті емес.

01-15 кодтарына сәйкес келетін кредиттік тарих субъектісінің сәйкестендіру құжаттары бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, міндетті түрде «мәлімет жоқ» мәтінімен өзге құжатты (коды:16) көрсету қажет.

4.4.5. Анықтамалық құрылымы

Анықтамалық үш бөліктен тұрады:

- толық атауы;

- қысқаша атауы;



- сәйкестендіру.


№п/п

Коды

Толық атауы

Қысқаша атауы

Сәйкестендіру




1

01

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты

ПГ РК

Жеке тұлға




2

02

Жеке куәлік

УЛ

Жеке тұлға




3

03

Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру түрі

ҚР ШТТ

Жеке тұлға




4

04

Азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі

АЖТК

Жеке тұлға




5

05

Босқын куәлігі

БК

Жеке тұлға




6

06

Жеке сәйкестендіру нөмірі

ЖСН

Жеке тұлға




7

07

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі

БСН

Заңды тұлға




8

08

Туу туралы куәлік

ТК

Жеке тұлға




9

10

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік

МТК

Заңды тұлға




10

18

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік

ЗТМТК

Заңды тұлға




11

11

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

СТН

Жеке тұлға/ Заңды тұлға




12

12

Шет мемлекет азаматының төлқұжаты

ШМАТ

Жеке тұлға




13

13

Аккредиттеу куәлігі

АК

Жеке тұлға




14

14

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

ДКМТК

Жеке тұлға/ Заңды тұлға




15

15

Банктік сәйкестендіру коды

БСК

Заңды тұлға




16

16

Басқа құжат

басқа

Заңды тұлға/жеке тұлғалар








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет