Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



бет17/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

6.2. Анықтамалық –Жіктелімдік санат

6.2.1.Қолданылу саласы

Осы анықтамалық уәкілетті органның талаптарына сәйкес берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жіктелімдік санатының тізбесін анықтайды.

6.2.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- Банктер туралы заңға.

6.2.3 Терминдер және анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісінше анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

Жіктелген актив – ол бойынша шарт талаптарына сәйкес талап ету орындалмайтын не ол бойынша талап ету толық көлемде орындалмайды немесе мүлдем орындалмайды деп болжам жасауға негіз бар қарыз;

Жіктелген шартты міндеттеме – ол бойынша банктің өз міндеттемелерін орындауы ықтимал болып отырған шартты міндеттеме.

6.2.4. Жалпы ережелер

Қарыздар мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді.

Жіктелуге жатпайтын қарыз және шартты міндеттеме стандартты болып табылады. Жіктелген активтер және шартты міндеттемелер мынадай санаттарға бөлінеді:

- күмәнді;

- үмітсіз.
6.2.5. Анықтамалық құрылымы.


р/с



Қарыздың (шартты міндеттеменің) жіктелген санатының атауы

Анықтама түрінде:

Бірыңғай кредиттер портфелін қоспағанда, қарыздың (шартты міндеттеменің) резервінің (провизияның) мөлшері
(негізгі борыш сомасының %-ы)

Резерв (провизия) мөлшері
(бірыңғай кредит портфелінің %-ы)

1

Стандартты







2

Күмәнді 1 санатты

5 % - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде

0,01 % - 5 %

3

Күмәнді 2 санатты

10 % - төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде

5,01 % - 10 %

4

Күмәнді 3 санатты

20 % - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде

10,01 % - 20 %

5

Күмәнді 4 санатты

25 % - төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде

20,01 % - 25 %

6

Күмәнді 5 санатты

50 % - барлық жағдайларда

25,01 % - 50 %

7

Үмітсіз

100 % - барлық жағдайларда

50,01 % - 100 %



6.3. Анықтамалық – Экономика секторы

6.3.1. Қолданылу саласы

Экономика секторлары бойынша объектілер өндіріс, тауарлар мен қызметті бөлу, қайта бөлу және пайдалану саласындағы операцияларды жүзеге асыратын институционалдық құрылымдар болып табылады.

Институционалдық құрылымдар ретінде өз аттарынан активтер иелене алатын, өздеріне міндеттеме қабылдайтын және шаруашылық қызметпен және басқа құрылымдармен жасалатын операциялармен айналысатын шаруашылық құрылымдар түсініледі.

Институционалдық құрылымдардың негізгі ерекшеліктері:

а) жеке өз атынан тауарларды немесе активтерді иелену қабілеттілігі, бұл оларға осы тауарларға/қызметтерге өз меншік құқығына және басқа құрылымдармен операциялар кезінде айырбас жасауға мүмкіндік береді;

б) жеке экономикалық шешімдер қабылдауға қабілеттілік және олар өздері тікелей жауапкершілік алатын және заң алдында жауап беретін шаруашылық қызметпен айналысу;

в) өз атынан қаржылық міндеттемелер қабылдауға қабілеттілік, басқа міндеттемелер және болашақтағы шығыстарға байланысты міндеттемелер алу, сондай-ақ шарттар жасау;

г) активтердің және пассивтердің балансын қоса алғандағы шоттардың толық жиынтығының болуы, не экономикалық, сол сияқты заңдық көзқарас тұрғысынан практикалық мүмкіндіктердің - қажет болса, шоттардың толық жиынтығының болуы.

Институционалдық құрылымдардың екі негізгі үлгісі бар:

- үй шаруашылығында (үй шаруашылығы) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;

- жеке тұлғаларға немесе олардың қызметіне бақылау жасайтын басқа құрылымдарға тәуелсіз, қызметі заңмен танылған заңды тұлғалар.

6.3.2. Нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- № 105 қаулы.

6.3.3. Терминдер мен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті айқындаулары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

Коммерциялық емес ұйымдар - кіріс, пайда көзі, немесе өзге де қаржылық тиімділік жасауға олардың мәртебелері мүмкіндік бермейтін, ұйымдарды құрушы, бақылаушы немесе қаржыландырушы құрылымдар үшін тауарлар өндіру немесе қызмет көрсету мақсатында құрылатын заңды тұлғалар немесе қоғамдық ұйымдар.

Мемлекеттік басқару органдары – үй шаруашылығына және жалпы қоғамға жеке және ұжымдық қызмет көрсетулерді қоса алғандағы, нарықтық емес тауарлар мен қызметтерді ұсынуды ұйымдастыратын және олардың қызметтерін қаржыландырумен айналысатын институционалдық құрылымдар.

Үй шаруашылығы - бұл ең бірінші тұтынушылық құрылымдар, бірақ олар шаруашылық қызметінің кез-келген түрімен айналыса алады.

6.3.4 Институционалдық құрылымдарды экономика секторы бойынша жіктеу

6.3.4.1. Ел экономикасын оның бірыңғай мақсаты мен экономикалық бағытының үлгілері бойынша секторларға бөлу - экономикалық талдау мақсатындағы шоттардың жарамдылығын арттырады.

Әрбір жеке институционалдық құрылым өз негізгі қызмет түріне сәйкес бір экономика секторына түгелдей қатысты болады.

Экономикалық және қаржылық талдау жасау үшін секторлардағы топтардан басқа, секторлар бойынша мейлінше жан-жақты топтаулар қолдану қажеттігі туындайды, сондықтан секторлар шағын секторларға бөлінген.

Институционалдық резиденттер құрылымдары өзара алынып тасталатын мынадай бес секторға топталынады:

- мемлекеттік басқару органдарының секторы;

- қаржы ұйымдары секторы;

- қаржылық емес ұйымдар секторы;

- үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы;

- үй шаруашылығы секторы.

6.3.4.2. Мемлекеттік басқару органдары секторы мынадай шағын секторлардан тұрады:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Шет мемлекеттің үкiметi – «1» коды;

2) өңірлік және жергiлiктi басқару органдары – «2» коды.

«1» коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрліктерден, ведомстволардан және агенттіктерден, ғылыми-зерттеу институттарынан, институционалдық бiрлiктерден – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің агенттерінен, мемлекеттік басқару органдары бақылайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлардан, сондай-ақ мемлекеттің бақылауындағы, мемлекеттік органдарға тән қызметтердi орындайтын және нарықтық өндiрiспен шұғылданбайтын басқа да ұйымдардан тұрады.

«2» коды облыс, қала және аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бiрлiктерден және жергiлiктi бюджеттердің қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардан тұрады.

6.3.4.3. Қаржы ұйымдары секторы мынадай шағын секторлардан тұрады:

1) орталық (ұлттық) банк – «3» коды;

2) басқа депозиттік ұйымдар – «4» коды;

3) басқа қаржы ұйымдары – «5» коды.

«3» коды қаржы жүйесiнiң шешуші аспектiлерiне бақылауды жүзеге асыратын институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл шағын секторға ұлттық валюта эмиссиясы, елдің халықаралық резервтерін басқару, ХФҚ-пен және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен операциялар, басқа депозиттік корпорацияларға кредит беру сияқты қызмет тән орталық (ұлттық) банктер жатады

«4» коды қызметiнiң негiзгi түрі қаржы делдалдығы болып табылатын және мiндеттемелерi депозиттер немесе оларға ұқсас нысандағы (қолданыстағы ақшаның ұлттық анықтамасына жататын, депозиттерге жақын алмастырғыштар) институционалдық бiрлiктерден тұрады.

«5» коды түрлі делдалдық не қосалқы қаржылық қызметті жүзеге асыратын не осы функцияларды қоса атқаратын осы сектордағы барлық қалған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, ипотекалық ұйымдар, қаржы лизинг компаниялары, факторинг компаниялары, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар, сондай-ақ валюта және қор биржалары, дилерлер, брокерлер мен агенттер, кредит алудағы түрлі делдалдар, сақтандыру брокерлері, кепілдік беру қорлары, айырбастау пункттері және басқа да қаржы ұйымдары жатады.

6.3.4.4. Қаржылық емес ұйымдар секторы мынадай шағын секторлардан тұрады:

1) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – «6» коды;

2) мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – «7» коды.

«6» коды көбіне нарықтық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы институционалдық бiрлiктерден тұрады.

Мемлекеттік басқару органдары бақылауды:

- дауыс беретін акциялардың бақылау пакетін иемдену немесе акционерлер дауыстарының жартысынан артығына бақылау жасаудың өзге де нысандарын белгілеу жолымен;

- мемлекеттік басқару органдарына корпорация саясатын айқындау немесе оның директорларын тағайындау құқығын беретін арнайы заңнаманы, жарлықты немесе ережені қабылдау нәтижесінде жүзеге асырады.

Бұл шағын топқа мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы және қаржыландыруындағы коммерциялық емес кірмейді, өйткені олар мемлекеттік басқару органдары секторына жатады.

6.3.4.5. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы – «8» коды мынадай институционалдық бiрлiктерден тұрады:

1) осы қауымдастық мүшелерiнiң өздерін тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету үшін тұлғалар қауымдастығы құратын институционалдық бiрлiктер. Мұндай қызметтер әдетте тегін көрсетiледi немесе тұрақты мүшелік жарналар есебінен қаржыландырылады. Бұларға қоғамдық бірлестіктер, оның ішінде діни бірлестіктер, саяси партиялар, кәсіподақтар, ұлттық мәдени орталықтар және тағы басқалары жатады.

2) негiзгi қызмет түрі қайырымдылық көмегін көрсету болып табылатын институционалдық бірліктер. Бұларға қоғам мүшелерiнiң мүдделеріне қызмет көрсету үшін қайырымдылық мақсатта құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдары мен агенттіктері жатқызылады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін бұл коммерциялық емес ұйымдар тауарларды немесе қызметтерді оларға мұқтаж үй шаруашылықтарына ұсына отырып, нарықтық емес негізде жұмыс істейді. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін мұндай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттік басқару органдарынан ақшалай немесе заттай нысанда түсетін қайырмалдықтар және резидент еместерден түсетін трансферттер есебінен қалыптастырылады.

6.3.4.6. Үй шаруашылықтары секторы – «9» коды жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкiн бiрiктiретiн (толық немесе iшiнара) және тауарлар мен қызметтердің белгiлi бір түрлерін (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқаларды) бiрлесiп тұтынатын жеке тұлғалардың шағын топтарынан (отбасылардан) құралған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды да жатқызылады.

6.3.5. Анықтамалықтың құрылымы


Коды

Атауы




Мемлекеттік басқару органдары секторы

1

Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Шет мемлекеттің үкiметi

2

өңірлік және жергiлiктi басқару органдары




Қаржы ұйымдары секторы

3

орталық (ұлттық) банк

4

басқа депозиттік ұйымдар

5

басқа қаржы ұйымдары




Қаржылық емес ұйымдар секторы

6

мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар

7

мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар

8

Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы

9

Үй шаруашылықтары секторы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет