Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет32/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Құттықтау хат – мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерге жолданады және құрметті, қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады.
Құттықтаудың екі түрі бар.

  1. Ресми құттықтау мемлекеттік марапаттаулар, елімізге қатысты өзге мемлекеттердің құттықтаулары. Мәтіні ресми іс-қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге болмайды.

  2. Мерекелік құттықтау немесе бейресми құттықтаулар – мерекелерге байланысты түрлі деңгейдегі түрлі мейрамдарға, туған күндерге, дәстүрлерге байланысты отбасылық, құрбы-достар т.б құттықтаулар.

Құттықтаудың ресімделуі:

  • «құрметті», «қадірлі», «қымбатты», «аяулы», «ардақты» деген сөздерден басталады.

  • Міндетті түрде құттықтау себебі көрсетіледі.

  • Адамның жетістіктері айтылады.

  • Ізгі тілектер жазылады.

  • Құттықтаушының аты-жөні көрсетіледі.

  • Соңында шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілмен деп құттықтаушының аты-жөнін жазу.

Құттықтау хат жазудың талаптары:

  1. құттықтау себебін жазу;

  2. құттықтау иесінің жеткен жетістіктеріне тоқталу;

  3. ізгі тілектерді жазу.



Келісу, келіспеу эссесін жазудың мақсаты – сыни ойлауды қалыптасыру және өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу. Эсседе көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетеді. Ұсынылған тақырыптан ауытқымайды. Ой жүйелілігін сақтайды келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазады.
Келісу, келіспеу эссесін жазудың талаптары:

  1. ұсынылған тұжырымға байланысты «келісесің бе? келіспейсің бе?» сұрақтарының бірге берілуі;

  2. жоспар тармақтарындағы мәтіннің негізгі ойы келесі тармағымен байланысты екенін тексеру;

  3. келісу немесе келіспеу себептерін дәлелдеп жазу;

  4. ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтау.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет