сынып бойынша:
-күрделі жоспар құру,
шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу (графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу),
-дискуссивті эссе жазу,
-жинақы мәтін жазу (мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау).
Оқу мақсаттары:
7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме, мақала, нұсқаулық құрастырып жазу;
7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу;
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе);
7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу;
7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
Күрделі жоспар – мәтіндегі маңызды бөлім атаулары мағыналық компоненттерімен бірге ұсынатын жоспар түрі.
Күрделі жоспар құрылымы:
Кіріспе
Тақырыпқа жүктелетін міндет Негізгі бөлім
Тақырыпта көтерілген мәселе
Ұсынылған дәлелдер, дәйектеме
Өзіндік ойлар, көзқарас, тұжырымдар Қорытынды
Ұсынылған мәселені жинақтау
Жинақы мәтін жазу – мәтіннің ықшамдалған түрі. Жинақы мәтінде негізгі ақпараттар мен өзіндік маңызы бар қосымша ақпараттар қамтылуы тиіс.
Жинақы мәтін жазу қадамдары:
қосымша ақпаратты анықтап, негізгі ойды ықшамдау;
тірек сөздерді синонимдермен ауыстыру;
қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді белгілеу.
Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композиция- лық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады.
Әңгіме жазуда ескеріңіз:
тақырып таңдаңыз;
таңдалған тақырыпты ашатын жоспар құрыңыз;
әңгіменің құрылымын сақтаңыз, жүйелеңіз (оқиғаның басталуы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі);
бір айтылған жайларға қайта оралып, қайталап баяндамаңыз;
аз сурет арқылы көп жайды аңғартуға тырысыңыз;
оқиғаны бірінші жақтан баяндаңыз;
әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |