Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата19.12.2023
өлшемі3.73 Mb.
#487121
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
целлюлоза

КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс қарасора арамшөбінен 
сілтілі органосольвенттік әдісімен алынған целлюлозды материалдың 
физика-химиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Қарасорадан алынған 
целлюлозаның қасиетін салыстыру үшін қамыс пен күріш қауызынан 
алынған целлюлозаның физико-химиялық қасиеттері зерттелді. Ағаштан 
басқа өсімдік текті шикізат ретінде алынған целлюлоза, лабораториялық 
жағдайда, қағаз өндірісі үшін талшықты материалға негіз болып 
пайдаланылды.
Жұмысты орындау барысында келісі физико-химиялық әдістер 
пайдаланылдды: ИК-Фурье спектроскопия, дифференциалды сканерлеуші 
калолриметрия, термиялық гравиметриялық талдау, сканерлеуші электронды 
микроскопия.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда жарма дақылдарын өндіру басты 
сала болып табылатын, ел ішіндегі ауылшаруашылық қалдықтарын қайта 
өңдеу, өңдеу шаруашылығының өткір мәселесі болып табылады. Алаңдарға 
қалдырылған ауылшаруашылық культура қалдықтары әлі күнге дейін кең 
қолданыс таппады, осының барлығы қоршаған ортаға экологиялық зардап 
келтіруде. Ағаштекті емес шикізаттан целлюлозаны алу технологиясының 
басты артықшылығы қайта жаңғыртылуы және қымбат емес бағасы.
Мысалы, бір гектардан жиналған қарасорадан алынған қағазды, сондай 
аумақта өсірілген ағаштан өндірілген қағазға қарағанда төрт есе көп алуға 
болады [1]. 
Целлюлозаны ағаштекті емес шикізаттан алуды дәстүрлі сілтілік 
делигнификациялау әдістерімен қатар замануи әдістермен де алуға болады
[2-4]. Делигнификацияның заманауи әдістері экологиялық жағынан қауіпі аз 
сонымен қатар, бір кезеңде бірегей қасиеттерге ие техникалық целлюлозаны 
жоғары көлемде құрамында хлорлы қосылыстары бар заттарды пайдаланбай 
өндіруге мүмкіндік береді. Алайда, целлюлозалы материалды алуды әзір-
леуде технологиялық аспектілердің, оған қоса қасиеттерін зерттеуде жүйелі 
деректерінің болмауы өндіріске ендіріп қолданылуына кедергі келтіреді.
Бұның барлығы ағаштекті емес шикізат көзінен техникалық 
целлюлозаны алудың, сонымен қатар жарма және астық тұқымдастарын 
қайта өңдеу барысында алынған целлюлозалы материалдың физика-
химиялық қасиеттерін зерттеу бойынша, экологиялық қаупі төмен 
технология әзірлеу мәселесінің өзекті екендігін көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет