Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
|
Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу;
А және В теміржол бекеттерінің арақашықтығы 120 км. А-дан В-ға аттанған пойыздың соңынан 3 сағат өткен соң, одан жылдамдығы 10 км/сағ артық екінші пойыз шықты.Егер екінші пойыз В бекетіне біріншісіне қарағанда 2 сағат кеш келгені белгілі болса, екінші пойыз А мен В бекеттерінің арасына қанша уақыт жұмсаған?
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашуда әр топқа келтірілген оқулықтан берілген есепті топ,ұжым ретінде бірге шешу.Есепті теңдеу жүйесіне келтіре отырып дұрыс жауабын табу.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
Жаңа сабақты түсіндіру
Рационал өрнектерден құралған теңдеу рационал теңдеу деп аталады. Ал құрамында бөлшек өрнек болмайтын рационал теңдеу бүтін теңдеу деп аталады. Құрамында бөлшек өрнегі бар теңдеу бөлшек теңдеу деп аталады.
|
Сұрақтар:
Әр топ берілген мәтін есепке назар удара отырып өтілген тақырыпқа әйкес жауабын табады
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп қорғайды:
|
Дескриптор:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Бағалау:
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|