«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Бұрынғыны қуыспа, — деп, көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт-насихат айтады»



бет3/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

Бұрынғыны қуыспа, — деп, көпшіл бол, кешірімді бол, достықты бағалай біл деген үгіт-насихат айтады».

Қазақтың ақын-жыраулары, шешендері мен күйшілері қалдырған мұраларға көз жүгіртетін болсақ, олардың ең алдымен келер ұрпақ болашағы үшін, тәлім-тәрбие ісіне көбірек көңіл бөлгенін байқалады. Ал тәрбиенің өзегінде қашан да имандылық, адамгершілік құндылықтар жататын болған. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды.

Еліміздің болашағы – жасұрпақты тәрбиелеуде бірінші – отбасы, ата – анатәрбиесі болса, екінші– білім беру мекемесі. Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін келешек жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың ұлттық сезімін ояту, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын келешек буынға мирас етіп қалдырған.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2019 жылғы жолдауында соңғы сөзін Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік», және Тұңғыш Президент Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет»-деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидасымен қорытындылады.


41. Асан Қайғының рухани-әлеуметтік ізденісінің құндылықтық мәні және «Жерұйық» мәселесі.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, дана ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Біршама күйлердің аты мен аңыз әңгімесі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр. Алайда Асан абыздың бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. Жұрт санасынан ойып орын алған Асан - халық бақытын,ел тыныштығын ойлаған дана әрі дара қария.
Ел аралап, жер кезген Асан қайғының негізгі арманы халыққа жайлы қоныс іздеу болғандығы баршамызға мәлім. Желмаясын мініп ап, Асан қайғының аралаған жерлеріне айтқан сындары мен берген анықтамалары сол өз заманының талап - тілектері мен халық жағдайынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық деректер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылгөй, дана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десек те болады. Себебі жер жәннәтін іздеп, табу - баяғы Қорқыт заманынан келе жатқан әлеуметтік сарын. Көшпенділер философы атанған Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, күңіреніп, қайғырады. Оның ғайыптан армандаған Жерұйығы - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды," - деп санаған болатын. Асан жыраудың жер туралы сындары терең философиялық мағына-сымен халық есінде қалған. Көптеген сындары əлі күнге дейін өз мағы-насы мен маңызын жоғалтпаған. Сондағы Асан қайғының желмаяны жел-діртіп жүріп əр жерге, суға, тауға айтқан сындарының біршамасына тоқталсақ:

  • Яссы қаласын (қазіргі Түркістан) олардың қожа-молдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, өрі арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.

  • Шымкент пен Сайрамды көргенде: «Екі басса бір базар,малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,бас-та береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбей-мес», — деген екен.

  • Алатауға келгенде:Түні суық, күні ыстық, жер даласы, 

Ананың емшегіндей сай саласы. 
Төрт елі топырақ асты алтын екен, 
Ішпей-жемей тоятын айналасы, —
депті. Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын аралайды. Алайда оның барған жерлері өзіне ұнамайды.Қай жерге барса да, сол жердің өзіне ұнамайтын тұстарын айтып кеткен. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, қиял жанрындағы аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан қайғы Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің "кезбелік” философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға Алладан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне байланысы жөнінде Асан ой-тұжырымы нақтылы. Адамның адамгершілік қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тәлім алып, нәр алып отыруы тиіс. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасуының алғышарттары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан қайғы эстетикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген. Адамға аса қажетті көшу-қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат құбылыстары, әсіресе мал асырауға қолайсыз болса да, тіршіліктің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап айтқан. Жерұйық идеясын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан қайғының елді ынтымақ,бірлікке, шынайы түсіністікке,адал еңбегі арқылы мамыражай өмірге же-туге шақырғаны деп түсінгеніміз жөн.
Ел мүддесі мен жұрт қамын өз міндетім деп санаған жыраудың шығармаларында қашанда өмір шындығынан ой түю, жинақтаулар басым. Мұнда қоғамдық мәні бар ірі мәселелермен қатар, адамдар арасындағы алуан қарым-қатынастар мен солар туралы сындары да қоса айтылады. Мәселен, адамгершілік пен зұлымдық, байлық пен кедейлік, достық пен дұшпандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен жауыздық, білімділік пен надандық секілді күрделі мәселелер кеңінен сөз болып сарапталады.
Аристотель, Кант, Гегель сынды ойшылдардың том-том шығармаларында, трактаттарында қарастырылған күрделі философиялық мәселелер, диалектикалық идеялар қазақ философиясында кейде бір ауыз сөзбен түйінделеді. Асан қайғы туындылары да осы сөзімізге саяды. Халықты ынтымақ,бірлікке, достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшылап өткен Асан жырау :
Таза мінсіз асыл тас 
Су түбінде жатады, 
Таза мінсіз асыл сөз 
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас —
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз —
Шер толқытса шығады, —
деп көңілдегі көрікті ойдың адам сезімімен байланысты туатынына пəл-сапалық тұжырым жасаған. Жалпы, ұлы ақын сөздеріне тереңдік пен ойлылық тән. Ол тереңнен толғап, қияндағыны көздейді. Өткенді еске алып, өзінше ой түйіндейді. Осылайша, Асан қайғы халықтың дүниеге деген идеялық қатынастарын өз пайымымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере білген.
Көптеген зерттеушілер Асан Қайғының философия дүниетанымы үш бөлімге топтастырып, қарастырады:
- этикалық дүниетаным – дана қарт жыраудың философия ойларының өзегі іспеттес. Яғни, адам, адам бойындағы басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған.
- Асан Қайғы философиясының басты бағыттарының бірі - адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері екенін байқауға болады. Поэтикалық таным және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін Асан жырау өз толғауларында толық көрсетіп берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет