«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Бұқар жыраудың шығармаларындағы қайшылықты заман шындығының көрініс табуы



бет6/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

44. Бұқар жыраудың шығармаларындағы қайшылықты заман шындығының көрініс табуы.
Жыраулардың баршасына дерлік ортақ əлеуметтік мəселе, ортақ тақырып — ел бастаған хандар мен қол бастаған батырлар болғаны ақиқат. Ал осы мəселенің төркінін ауқымдырақ, тереңірек қараған болсақ, қазақ жырауларының түпкілікті идеясы тұлға бостандығы, жеке адамды қайталанбас рухани құндылық ретінде қастерлеуді бағамдаймыз. Соның нəтижесінде қазақ əдебиетінде өздері өмір сүріп отырған қоғамдық-əлеуметтік заңдылықтармен ымыраға келе алмайтын, рухани еркіндікті аңсаған Қабанбай, Бөгембай, Қаз дауысты Қазыбек сынды жаңа тұрпаттағы кейіпкерлер келді.
«Романтизм бағытында жазылған шығармалардың кейіпкерлері əдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, теңдік, бақыт, азаттық үшін талмай күресетін рухы күшті жандар болып келеді. Адамның бас бостандығын, адами-қоғами мəні бар, құлшынысқа толы жағымды іс-əрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — романтизм туындыларына ортақ қасиет» дегенге келіссек, аталмыш образдар осы талаптың үдесінен шығады
Абылайдың ішкі рухын айрықша жағдайларда сынап көру, оған асқан қасіретті хабарды жеткізе отырып, адамның азат рухының құдіреттілігіне сену жəне оның бойына күрескерлік қасиет дарыту — толғаудың басты темірқазығы. Жырау жеке адамның əлеуетін таныта отырып, күрескерлік идеяны алға тартты. Толғаудағы дара қаһармандардың тағдыры трагедиямен аяқталып жатса да, дəуір бағдарын мүлде өзгертпек болған төңкерісшілдік ұмтылыс шығарма болмысынан анағұрлым айқынырақ сезіліп отырады. Бұл қоғамдық сана жəне жеке тұлғаның қоғамдағы рөлі мен маңызының артуы дер едік.
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жəнібек,
Ормандай көп Орта жүз,
Содан шыққан төрт тірек.
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға.
Бəйгелі жерде бақ болған
Сіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті Бөгембай!
 Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарып қылған бар күшін,
Қайырлы болсын халқыңа,
Сабыр қыл, ойлап келмесін,
Қарияң келіп жырлап тұр
Еңбегі сіңген ер үшін,
Батырың өтті Бөгембай!..
Адам рухының құдіреттілігімен қатар, осалдығын да терең пайымдайтын жырау қай адамның болсын жан əлеміндегі моральдік-этикалық өзектің əлсіреуі, я болмаса жоғалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда суреткер романтикасында адамның жеңімпаздық мүмкіндіктеріне, рухының ұлылығына деген сенім күшті.
Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар:
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай,
Шақшақұлы Жəнібек,
Сіргелі қара Тілеуке,
Қарақалпақ Құлашбек,
Тігеден шыққан Естербек,
Шапырашты Наурызбай,
Құдаменді Жібекбай қасында,
Бақ, дəулеті басында
Секербай мен Шүйбекбай,
Таңсық қожа, Мамыт бар,
Қасқарауұлы Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Айнақұл Бəти ішінде,
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты...
Əлемдік əдебиет тарихынан романтикалық ерліктерді жырлаған қай ақынды алып қарасақ та, барлығы адамның шексіз деп танылған рухын үнемі сынап көруде болды. Ол үшін адам бойындағы табиғи құдіреттерді ашуға жəне паш етуге ерекше жағдайлар: сілкіністер, өмір азаптары, катастрофалар қажет. Жоғарыда келтірілген «Қалданменен ұрысып...» деп басталатын толғауда жырау сюжетті шығарма жасауға ден қоя отырып, мұнда аталатын батырлардың ерлігін хан Абылай бейнесін ашуға қолданады. Осы арқылы үш жүздің басын құрап, ұлысты ұйыстырған ханның асқақ образы мүсінеледі. Осы аяусыз сынақтардан өткенде ғана тұлғаның басқадан мойны озық, күшті рухы салтанат құрады. Осындай үрдіс Бұқарға да тəн.
Осыған орай, халық эпостарындағы романтикалық ерлік сарыны, сыртқы қажеттіліктерге қарсы бас көтерудегі жеке тұлғаның ролінің көтермеленуі сынды, өз қиялындағы əлемге ұмтылуы сияқты дəстүрлі танымдар сақталды. Жеке тұлғаның мүмкіндіктерін байқап көру, оны жеке əлем, жеке құндылық ретінде алып қарау сынды жазба əдебиетінің ілкі белгілері дəл осы Бұқар толғауларында анағұрлым айқын көрініс табады. Демек, адамзат дамуының жаңа дəуіріне дейін архаикалық тұрмыс- салты мен санасын сақтап келген халықтың көркемдік танымында өтпелі кезең байқалады. Бұл жерде көркем ойлаудың эпикалық дəстүрі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Оқ-дəрі, мылтық дəуірімен бірге эпикалық қаһармандықтың əлсіреуіне, «батыр бір оқтық болуы мүмкін» түсінігінің күш ала бастағанына, жекелік санаға бірте-бірте ойысудың белгілері бар. Бұл жерде біздің назар аударайын дегеніміз, фольклорлық эпостардағы тұлға туралы ертегілік сюжеттер əлсіреп, жыраулар өз толғауларында орталық бейнелердің болмысына қарапайым пендеге тəн мінездер мен іс-əрекеттерді телу арқылы жеке адамның күрделі табиғатына, жеке тілек-аңсарларына көңіл бөлінетін болашақ авторлық шығармашылыққа мықты тұғыр қаланды. Сөйтіп, фольклорлық эпикалық туындылардан уақыт ілгері жылжыған сайын жыраулық жырлардағы қуатты романтизмнен бірте-бірте алшақтай отырып, өмірдің нақты жағдайларына негізделген реализм элементтерін мүмкіндігінше пайдаланып отырды.
Уа, сен Қанжығалы Бөгембай,
Тақымы кеппес ұры едің,
Түн қатып жəне жүр едің,
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерже жауға тіредің?
Абылай-ау, Абылай,
Момынға келіп бек болдың,
Атаңды білмес құл едің
Қай жеріңде төре едің?
Қарсы менен Құзарда
Жалаң аяқ жар кешіп,
Бөз тоқыған сарт едің.
Шешеңді жəне сұрасаң,
Қайда алтынның буы еді?
Оны да мен білуші ем,
Түрікпеннің төрінде
Қашып жүріп күнелткен қара күң еді.
Ірі эпикалық əрекеттерден гөрі айналадағы нақты шындықтардың ортасындағы адамның жеке мұраттарының анағұрлым айқындала түсуі көшпенділердің дəстүрлі танымының үлкен өзгерістерге ұшырағанын байқатады.
Мұның бəрі қазақ сөз өнерінің əлемдік əдебиеттің ортағасырлық даму сатысына тəн жанрлық канондардан тəуелсізденіп, ұжымдық шығармашылықтан авторлық шығармашылыққа қарай, адамзат көркем ойының ең жаңа дəуірдегі үлкен белесі — реализмге қарай бағыт алған ілгерінді үрдісі болып табылды. Фольклорда авторлық сананың басы бүтін айқындалып, толық жеңіске жетуіне серпін берген — жыраулық поэзия, жыраулық шығармашылықтың негізгі жанры — толғаудың алдыңғы қатарға шығуы. Реалистік əдебиеттің қаһарманы — өзінің кеңістіктегі нақты орны бар, уақыты мен əлеуметтік ортасы анық, өз қоғамы мен халқының, өз уақытының «перзенттері». Яғни əрбір ұлттың өзіндік тарихи даму жолы, қоғамдық-əлеуметтік күштердің өзіндік ерекшелігі болғандықтан, олармен адам тағдырын нақты тарихи байланыста суреттеу — реализмнің ұлттық сипатын анықтаудың басты факторы. Жыраулар негіздеген төңкерісшілдік немесе өткенді идеалдандырудан туған консервативті рух, жеке адамның қаһармандық тұлғасының өмірді түбегейлі өзгертушілігіне деген сенім қоғам дамуының реалды заңдылықтарының алдында қауқарсыздық танытуы оларды балама идеяларға жүгінуге итермеледі. Енді, батырлар жырындағыдай, тұлғаға деген шексіз сенім бірте-бірте сыншылық ұстанымдарға ауыса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет