«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»



бет9/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

Жеті жарғы


1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

47. Қазақ хандығы дәуіріндегі би-шешендердің дүниетанымында елдік, бірлік, ынтымақ мәселелерінің алатын орны мен маңызы.
Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы мен шешендік өнер ілімі пайда болды. Оның негізін Коракс, Лисий және Горгий салды. Коракс шешендік өнерге “Шешендік дегеніміз – нандырудың қызметшісі” – деп анықгама берді.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазыпқалдырмаған. Оныңфилософиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектеріндекөріністапқан. Сократ даналықсөздерінкөшеде, алаңдажиын-топқасөйлеп, айтып отырған.
Сократтың тәсілі — асқанше берлікпен табылған сұрақ жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші ғалым Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейтетүсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.
КөнеГрецияның маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегінежеткізді.
Цицеронның шешендік өнер іліміне арналған еңбектерінде шешен үшін сөйлеу композициясы, стилі, айшықты тіл оралымдары, сөйлеудің дыбыстық жағы, артистік қасиет сияқты тәлім алатын көптеген жақтар қамтылған.
Жалпы шешендік өнер туралы философ-шешен әл-Фараби «Риторика» атты еңбек жазып, онда шешеннің сөйлеу шеберлігіне тоқталған. Шешеннің сөйлеу шеберлігі жөніндегі тұжырымдары Аристотельдің пікірімен сәйкес келеді. Өмірлік мәселелерге қатысты дау- дамайлар мен мемлекет, қоғам, адам тағдырына қатысты пікірсайыстарында жеңіске жетер шешен образдарын айқындап, Аристотель айтқан шешендік қасиеттерді: анықтылық, шыншылдық, дәлелдің молдығы, көз жеткізушілік, білімділік, сендіру қабілеттерімен қоса, жұртты өзіне баурап алар қимыл, бет-жүз құбылыстары, дауыс сазы мен сөйлеу мәнерін талдап түсіндіреді.
Пікір сайысында шындықты іздеп табуды, ақиқатқа көз жеткізудің тәсілі ретінде Платон айтқан диалектиканың маңызы зор екенін көрсетеді.
Қайырымды қала ұғым түсініктерінде әл-Фараби қайырымды қала бес түрлі адамдардан тұрады деп, ең құрметті адамдарға даналарды, пайымдағыштарды, маңызды істе беделді адамдарды, солардан кейін шешендер мен діни қызметкерлерді, сөзге шебер ақындарды жатқызады. Әл- Фарабидің айтуында даналар мен пайымдағыш шешендерде болатын ақыл парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Әл-Фараби этикасының ең жоғарғы категориясы – бақыт, өйткені ең жоғарғы игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Қоғамды жетілдіру арқылы адамдарды бақытқа жеткізетін өнерді логика өнері деп таниды.
Ірі реформалардың бірі «Жеті жарғы» заңының қабылдануы. «Жеті жарғы» заңы үш жүздің төбе билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті. «Жеті жарғы» аталуы «Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына (мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы) тағы да екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заңның қосылуынан еді. Хандық билік едәуір нығайды. Тәуке өзінің саясатын билер мен батырларға сүйеніп жүргізді. Тәуке хан билер кеңесі арқылы халыққа иек артты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін нығайтты. Өз кеңесінде халық көкейіндегі маңызды мәселелерді: көш қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланған.
Аристотель сөйлеу өнеріне қатысты бірнеше еңбектер жазды. Ол «Риторика» трактатын оқу құралы мақсатында емес, аналитикалық шығарма ретінде жазды. «Риторикада» сөйлеудің түрлері, стиль мәселелері қарастырылды. «Поэтикада» көркем сөздің түрлері, «Аналитикада» сөз таным құралы ретінде қарастырылды. Аристотельдің «Риторика» трактатында көпшілікке арналған классикалық сөздің түрлері мыналар: тағылым сөз, соттағы сөз, өсиет сөз. Аристотельдің шешендік өнердің ең басты табысы – сөйлеудің анықтылығы мен түсініктілігінде екендігін айтты. Ол ойын стильге қатысты дамытып, стильдің негізін дұрыс, көркем сөйлей білу құрайды деп көрсетті. Шешендік сөздің мазмұны мен әсерлілігі, ықпалдылығы Аристотельдің «Риторикасында» қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа байланысты қарастырылды. Аристотельдің көзқарасынша, қоғамдық мемлекеттік құрылыс ең алдымен қоғамның сөзбен ұйымдасуы. Сонымен қатар, ғалым шешендік сөздің түрлерін аудиторияның құрамына қарай, мақсатына қарай сөйлеу түрлерін , шешеннің әдебі секілді критерийлерін айқындап берді.Сөздің таза, дұрыс, анық, дәл айтылуының үстіне, лебіз көрнекті, көркем болуы тиіс. Шешендік сөз қашанда көркем, осы қасиетімен ол көпшілікті қызықтырады. Шешендік сөздің мәнерлілігі сөз етіп отырған зат, құбылысты, ұғым, түсінікті айқын, дәл сипатталуынан көрінеді. Шешендік сөздердегі көріктеу құралдары: көріктеу (эпитет), теңеу, бейнелеу (метафора), алмастыру (метонимия), бернелеу (символ), әсірелеу, мегзеу (синекдоха).Көріктеу (эпитет)-бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқысы келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту. Мыс., Алтын ұяң отан қымбат, Құт берекең атаң қымбат.
Шешендердің көркем ойлауының, дүниетанымының ұлттық ерекшелігі теңеуден көрінеді. Теңеуде екі жағдай салыстырылады. Мыс., көңілі білімсіздің құмдай болар, құйса ада дария тасып жымдай болар.Сөздердің ауыс мағынасы деп олардың ауыстырып қолданылуынан туындап тұрақтаған мағынаны бейнелеу деп айтамыз. Мыс., ашу дұшпан, ақыл дос, көп сөз көмір, аз сөз алтын.Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту алмастыру деп аталады. Мыс., алысым жақын болды, тәттім шырын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет