11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 94 мин
Дайындаған ауруларды курациялау, анамнез жинақтау, жалпы және арнайы зерттеу әдістерін жүргізу. Қосымша зерттеу нәтижелерін талқылау, босану жарақаттарын болжау. Болжамды жарақаттарға әкелетін себептерді табу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 28м
Тесттік сұрақтар, ситуациялық есептер бойынша жүргізіледі
1. Аралықгың II дәрежелі жыртылуына төмендегілердегі барлығы кіреді, біреуінен басқасы:
А. Артқы ернеудің бұзылысы
Б. Қынап қабырғаларының зақымдалуы
В. Аралық бұлшықеттерінің зақымдалуы
Г. Тік ішек сыртқы сфинктердің зақымдалуы
Д. Аралықгың терісінің зақымдалуы
2. Аралықтың III дәрежесіндегі жыртылуы кезінде тігіс салынады:
А. Қынаптың кілегейіне, аралықтың б/е, тік ішектің сфинктеріне, тік ішектің қабырғаларына, аралықтың терісіне
Б. Қынап қабырғасына, тік ішек қабырғасына, аралық бұлшықеттеріне
В. Тік ішек қабырғасына, тік ішек сфинктеріне, аралық бұлшықеттеріне, аралық терісіне
Г. Тік ішек қабырғасына, тік ішек сфинктеріне , аралық б/е, аралық терісіне
Д. Тік ішек қабырғасына, тік ішек сфинктеріне, қынап кілегейіне, аралық бұлшықеттеріне, аралық терісіне
Е. Қынап кілегейіне, аралық бұлшықеттеріне
3. Жатыр мойнының жыртылуы көрсетілгендердің барлығында кездеседі, біреуінен басқасында:
А. Акушерлік қысқаштар салу
Б. Ұрықтың аяғынан бұрау
В. Ұрықтың жамбасынан бұрау
Г. Ұрық бұзушы операциялар
Д. Tap жамбастағы жатыр мойнының ұзақ қысылуы
4. Тік ішектің қабырғаларының тігуінің негізгі әдістері:
А. Кетгутті лигатураларды қолдану
Б. 1-1,5 см аралықта тігіс салу
В. Ішек саңылуын және лигатуралар түйіндерін байлау арқылы
Г. Аталғандардың барлығы
Д. Ешқайсысы
5. Жасанды түсік кезіндегі жатырдың перфорциясына алып келетін факторлар:
А. Жатырдың дұрыс орналаспауы
Б. Асқынған акушерлік анамнез
В. Жатыр ісіктері
Г. Аталғандардың барлығы
Д. Аталғандардың ешқайсысы емес
6. Босану кезіндегі шап аралық жыртылуына қауіп:
А. Қалыпсыз көлемді ұрықтың шығуы
Б. Акушерлік қысқаштар салу
В. Шап аралықтың ұлпаларының ригидтілігі
Г. Барлығы дұрыс
Д. Аталғандардың ешқайсысы емес
7. Шап аралықтың жыртылуының алдын алу
А. Босану кезіндегі ұрықгың басының туылының қағидаларын қатал сақтау
Б. Айқын және дұрыс босану операцияларын жүргізу
В. Перинеотомия немесе эпизиотомия
Г. Босануды дұрыс жүргізу
Д. Аталғандардың барлығы
8. Перинеотомия немесе эпизиотомияға көрсеткіш
А. Шап аралықтың ригидтілігі
Б. Акушерлік қысқаштар салу оперциялар
В. Аралықтың жоғары орналасуы
Г. Жетілмеген ұрық
Д. Аталғандардың барлығы
9. Жүктілік кезінде жатыр жыртылуының себептері
А. Клиникалық тар жамбас
Б. Анатомиялық тар жамбас
В. Ірі ұрық
Г. Жатырдағы операииядан кейінгі тыртықтың тұрақсыздығы
Д. Барлығы дұрыс
10. Босану кезінде жатыр жыртылуының себептері
А. әйел жамбасы мен және ұрық басының сәйкессіздігі
Б. ұрықтың көлденең орналасуы
В. Анатомиялық тар жамбас
Г. Ірі ұрық
Д. Аталғандардың барлығы
11. Жатыр жыртылуының қауіпті симптомдары
А. Жатыр гипертонусы
Б. Контракционды сақинаның жоғары орналасуы
В. Пальпация кезінде төменгі сегменттің ауырсынуы
Г. Ұрықтың жоғары орналасқан кездегі күшеншектің болуы
Д. Аталғандардың барлығы
12. Жатыр жыртылуының қаупі төнген кездегі клиникалық көрінісі
А. Жатырдың төменгі сегментінің ауырсынуы
Б. Босану әрекетінің әлсіздігі
В. Зәр шығарудың қиындауы
Г. Жатыр мойнының ісінуі
Д. Жатыр мойнының жарақаты
13. Босану кезіндегі қуықтың жыртылуының себептері
А. Босану кезіндегі жатыр жыртылуы
Б. Кесар тілігі кезінде жатырдан ірі ұрықты шығару
В. Босануды жүргізу, операция кезінде жатырға күш түсуі арқылы жыртылуы
Г. Барлығы
Д. Аталғандардың ешқайсысы емес
14. Босанғапнан кейінгі периодтағы аралық жыртылуы кезіндегі екіншілік тігіс салу шарттары
А. Жаралы бөліністердің болмауы
Б. Жыртылыстың бойында инфильтраттың болмауы
В. Дененің қалыпты температурасы
Г. Аталғандардың барлығы
Д. Аталғандардың ешқайсысы емес
15. Жатырдың жыртылуы болған кезіндегі қолданылатын ем принциптері
А. Адекватты анестезиологиялық әдістер
Б. Оперативті ем
В. Инфузионды-трансфузионды терапия
Г. Гемокоагуляциялық коррекцияның бұзылуы
Д. Аталғандардың барлығы
Достарыңызбен бөлісу: |