Ситуациялық есептер
№1 І-ші босанушы Г., 25 жаста, уақытында босану, I тәулік. Ұзаққа созылған босануда, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілуде, қалтырау және күшену әлсіздігіне орай дәрігер акушерлік қысқыштар көмегімен босандырды. Терең наркоз көмегімен артқы шүйдемен келген өлі ұрық туылды. Ұрықты шығарған соң әйел бозарып, пульсі анықгалмайды. Диагноз? Акушер амалы?
Жатырдың күштеп жыртылуы. Босану әрекетінің II әлсіздігі. Босану барысындағы эндометрит. Жедел лапаротомия.. Қан және оның компоненттерін құю.
№2 І-ші босанушы А., 32 жаста. Уақытысында босану. Босану жолдарында жатыр мойнының сол жақта 4 см-ге жыртылуы анықталады. Жыртылу күмбезге жетпеген, қынап қабырғаларының зақымдануы анықталады. Диагноз? Акушер амалы?
II- дәрежедегі жатыр мойнының сол жақта жыртылуы. Шаттың II дәрежедегі жыртылуы. Жыртылуларды тігу.
13. Сабақты қорытындылау 6м
* Оқушылардың білім деңгейін бағалау
14. Үйге тапсырма беру 6м
* Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Достарыңызбен бөлісу: |