С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет143/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Затты игеру кезеңдері

Нәресте заттар әлемін бірден тани алмайды. Сәби кезінде келесі – заттық қызметтің алғышарттары туындайды, ол ерте жасында жетекші болып саналады. Заттық қызметке көшу баланың заттар әлеміне жаңа қатынасының дамуымен байланысты. Сәби кезіндегідей затпен манипуляция жасап қана қоймай, заттармен әрекет ету бағыты және тәсілдерін игереді.


С.Л.Новоселовабаланың өзіндік заттық әрекетінің қалыптасуының үш кезеңін көрсетеді. Бірінші кезең (5-6 ай) – бұл зат манипуляциялары, олар 7-9 айға қарай балаға затпен бірге бағдар беру әрекетіне айналады. Екінші кезең (бір жасқа толғанға қарай) бағыт-бағдар беру әрекетінен заттық-ерекшеге ауысуымен сипатталады, және манипуляциялардан әрекеттің белгілі нәтижесін алыға бағытталуымен айрықшаланады. Және соңғы, С.Л.Новоселовамен белгіленген үшінші кезең (өмірінің екінші жылы) заттық-жанама әрекеттерінің пайда болуымен байланысты, олар қару операцияларымен орындалады. Бала қол операцияларынан қарулыға көшеді, яғни ол оның қолындағы зат қолының жалғасы емес, сол арқылы белгілі бір әрекетті орындауға болатын жеке зат екенін түсінеді.


Заттық қызметті дамыту барысында ойлау, сөйлеу, саналы қозғалыстар дамытылады, зат оған ересектермен және балалармен іскерлік қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, ойын туады, яғни баланың өмірінің осы кезеңінде заттық әрекет


316
жетекші қызмет болып табылады.Педагогикада осы бірінші кезеңдікенеттен-зерттеу деп атау қабылданған. Бала заттарды зерттейді, бірақ ол алдына мұндай мақсатты қоймайды, бұны әлі орындай алмайды. Зерттеу үдерісі кенеттен және жағдайға байланысты. Нәресте зат әлемін басқарудың әр түрлі тәсілін қолданып көреді.
Педагогтің осы кезеңдегі міндеттері:

  • заттық ортаны онда түрлі пішіндегі, түстегі, материалдағы, дыбысталудағы заттар болатындай ұйымдастыру;




  • балалардың заттарға, оларды зерделеуге қызығушылығын тудыру;




  • баланың тікелей қоршауындағы заттардың қолданысы туралы ұғымды қалыптастыру.

Барлықаталғанзаттарөзарабайланысқанжәне


педагогикалық үдерісте бірлесіп жүзеге асырылады, алайда бірінші міндеттің орындалуы кейінгілердің орындалуы үшін жағдай жасайды: ересек заттық ортаны жасайды, оның негізінде заттарды жұмсау туралы ұғымдарды қалыптастыру және заттармен жұмыс жасау қызығушылығын дамыту міндеттері шешіледі.


Баланың айналасында көп зат болмауы керек, бірақ олар әр түсті – ашық және жылы; күші мен дыбысталу тембріне қарай әр түрлі – қатты және жұмсақ болып ұйымдастырылуы керек. Ойыншықтар мен заттар әр түрлі көлемде болу қажет. Әрине, міндетті түрдегі талап – ойыншық пен заттардың қауіпсіздігі. Зат әлемін игерудің бірінші кезеңінің маңызды міндеті балаларды затты жұмсалу мақсатымен таныстыру. Осы міндеттің мәні бала затпен алғашқы рет жүздескенде, ол не үшін қажет екенін, онымен не және қалай істеуге болатынын ұғыну керек, яғни ол заттың тура қолланысын білу керек (қасық оныменүстелдің үстін соғу үшін емес, тамақ ішу үшін керек). Танудың осындай жолы кеңістікте дұрыс бағыт-бағдарда болуға және затты қолданудың адами тәсілін игеруге көмектеседі.


Ересек адам әр кезде балаға заттың қолданылу мақсаты туралы айтады: «Міне, мынау біздің ыдысымыз, одан біз сүт


317
ішеміз». Нәресте осы білімді игергендігін тексеру үшін, ыдысты тауып, көрсету, сосын проблемалық жағдайды шешуді ұсынуға болады: сәбидің алдында ыдыс тұр, тәрелке, таяқша, сұрақ қойылады: «Сен неден сүт ішесің?» Бұл ерте жастағы балаларға (осы барлық кезең сияқты) арналған тапсырма және нәресте оның қолданысын ескере отырып, затпен әрекет ету қарым-қатынасын үйренгені өте маңызды.

Ақырындап сәби бір зат әр түрлі қолданыста жұмсалуы мүмкін екенін түсіне бастайды: таяқшамен топырақ қопаруға, заттарды алуға, кейде тамақ жеуге де болады және т.б. Дәл осындай ұғым орынбасар-заттардың пайда болуына әкеледі, ол болса, сюжеттік-рөлдік ойынның туындауы туралы дәлелдейді. Заттық әрекет жетекші қызмет – ойынға орнын босатады, бірақ өзі жоқ болып кетпей, бала өміріндегі маңызды қызмет болып қалады. Сәби заттар әлемін тануды жалғастырады. Заттарды игерудегі екінші кезеңкеледі, оны заттардың нұсқалығын түсіну кезеңі деп атау қабылданған. Бұл кезеңнің маңыздылығы, баланың одан өту нәтижесі қиял-ойының, шығармашылығының дамуына әкеледі. Сондықтан баланың заттар әлемін игерудегі атаулы кезеңнің педагогикалық міндеттері болып:



  • нәрестенің заттар ортасын байытуды;

  • заттардың қызметі мен қолданысы аралығындағы байланысты түсінуді үйрену;




  • қоршаған ортаға шығармашылық қатынасты дамытуға ықпал ету саналады.

Осы кезеңде заттық ортаны байыту баланың маңайында көпқызметті болып келетін заттардың пайда болуымен байланысты: конструкторлар, олардың белгілі бір бөлшегінен әр түрлі заттар құрастыруға болады; жұмсалуына қарай бірдей, түсіне, материалына, өлшеміне қарай әр түрлі (доптар, ыдыс және т.б.); нәресте орынбасар-зат ретінде жеңіл пайдалана алатын заттар (таяқшалар, тақтайшалар және т.б.).


Алайда заттардың әртүрлілігі – аясы тар мақсат емес, тәрбиеші заттарды баланың әлеуметтік тәжірибесін байыту үшін қалай пайдаланатыны маңызды. Әр жаңа зат балалармен


318
талқылауға түсетін затқа айналады: ол нені білдіреді, ол неге және кім үшін қажет, онымен қалай жұмыс істеу керек, ол топта болғанда қандай қызмет атқарады.

Мысалы, қабырғада жаңа картина пайда болды. Тәрбиеші топтың ішінде не өзгергендігін атап өтуді сұрайды, егер де балалар оны өздері байқап қойса, онда алдымен барлығы бірге қарастырады, не бейнеленгенін, кім оны салғанын анықтайды, содан кейін балаларға топта оның не қажеті бар, одан не пайда екеніне ойлану ұсынылады. Егер ол әрекет етуге болатын зат болса, мысалы, ол еңбек еткенде көмектессе, онда тәрбиеші балаларды әрекет ету тәсіліне үйретеді.


Тұлғаның қиял-ойын және шығармашылық бастауын дамыту үшін балаларды логикалық, пратикалық міндеттерді шешу ізденісі жағдайына қою керек. Мысалы, шеге қағу керек, бірақ балға жоқ. Міндетті шешудің қай нұсқасын балалар ұсынады? Олар балғаны балташыдан сұрау керек деп айтуы мүмкін. Ал егер де балғашы бүгін болмаса, алайда жұмысты міндетті түрде жасау керек? Тәрбие әркез балаларға арналған міндетті, оларды шешуге жақындата отырып, күрделендіреді.


Балалар материалына, пішініне және т.б. қарай келіспейтін затқа шеге қағайық деуі мүмкін. Ойына салуға асығып керігі жоқ, балаларға орамды ойлауын дамыту үшін дұрыс жауабын өз бетінше тауып алуы өте пайдалы.


Баланың заттар әлемін игерудегі үшінші кезең (мектепке дейінгі орта және жоғарғы жас) – саналы-зерттеу және түрлендіру. Бұл кезең балалардың заттарға қызығушылық көрсете отырып, оларды зерттегісі, олар неден құралғанын, қандай қасиеттерге ие екенін, қандай мақсатта жұмыс істейтінін білгісі келетінімен сипатталады, яғни олар өздерін қоршаған зат әлемін саналы зерделеуге тырысады (сондықтан да жиі жағдайда ойыншықтарды сындырады). Екінші ерекшелігі болып балаларда өз бетімен заттарды жасағысы келу немесе ескілерін қайта түрлендіргісі келу ықыласының пайда болуы саналады. Осы екі ерекшелік мектепке дейінгі жоғарғы жастағы балаларда




319
көрнекі-бейнелілік және логикалық ойлау, басқа адамның әрекетін бағалау қабілеті пайда болуының (А. Н.Леонтьев, М. И.Лисина, Д. Б.Эльконин және т.б.), «қол шеберлігінің» одар әрі дамуының (Т.С.Комарова), шығармашылық қызметтің қайта өңдеу түрлеріне талпынысының байқалуының (Н.А.Ветлугина, Г.Н.Пантелеев, Л.Е.Одерий және т.б.) қиялының дамуының (О. М. Дьяченко, Л. А. Парамонова және т.б.) дәлелі. Ересек адамдарға деген қатынас, олардың қызметін бағалау іскери сипатқа ие бола бастайды.

Үшінші кезеңде педагогтің алдында келесі міндеттер тұрады: ■ балалардың заттар, олардың қасиеттері, сапалары, қолданыстық мақсаты, қызметі туралы ұғымын кеңейтуді


және тереңдетуді жалғастыру;



  • заттарды қайта өңдеп түрлендіру ынтасы мен іскерлігін, шығармашылық ойын, қиялын дамыту;




  • адамдар заттарды өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасайтыны туралы ұғымды қалыптастыру.

Міндеттерді шешу үшін түрлі әдістер, әдістемелік амалдар


пайдаланылады. Ойыншықтарды таңдағанда, педагог, алдымен топта осы кезеңге сәйкес келетін заттардың болуына назар аударады. Осы ойыншықтардың ерекшелігі: олар жұмыс істеуі керек, кішкентай бөлшектерден құрылып, «құпиясы» болуы керек (мысалы, дыбыс шығарады). «Олардың жас кезіндегі» ойыншықтар – сылдырмақтарды да паййдалануға болады. Сондай-ақ, бүгінгі күнді де көрсететін ойыншықтар болуы тиіс.


Топта тұрмыстық техниканы болуы қажет: шаңсорғыш, үнтаспа, сағат. Егер де олар болмаса, оларды уақытша топқа әкеліп, тұрмыстық техника қалай жұмыс істейтіндігін, әрекет ету механизміне қандай қағида алынғандығын қарастыру керек.


Мысалы, кофе ұнтақтағыш алып келіп, қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, түйіршіктерден ұнтақталған кофе қалай жасалатынын көруге болады.


Сөйтіп, тәрбиеші балалардың назарын әрдайым әртүрлі


заттарға аударып, олардың қызығушылығын заттың құрылысына, қызметіне, қолданылу мақсатына аударады.




320
Күнделікті өмірде балалардың топшасымен мына тұрғыдағы ойындарды жүргізуге болады: «Жылуды қалай сақтауға болады?», «Қандай заттардың көмегімен жылуды сақтап қалуға болады?», «Қандай заттардың көмегімен жылы бөлмені жарықтандыруға болады?» және т.б.

Тәрбиеші балаларға белгілі бір затты әр түрлі негіз бойынша саралауды ұсынады. Осы типтегі бірінші міндетті шешуге ата-аналар белсенді тартылады. Тәрбиеші оларға мұндай жұмыстың қажеттілігін түсіндіреді, балаларға үйде тұрмыстық техниканы пайдалануды үйретуді ұсынады.


Үйде де, мектепке дейінгі мекемеде де балаларды үй-жайды безендіруге тарту қажет. Бұл балалардың заттарды қолданылу мақсатын, олардың адам өміріндегі рөлін түсінуге ықпал етеді, баланы заттық ортаны түрлендіруге практика жүзінде қатысуға үйретеді.


Екінші міндет өзіндік ретінде және келесісін шешуге даярлаушы ретінде қарастырылуы мүмкін. Өзіндік ретінде бұл міндет жаттығу-оындар, логикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, бақылаулар ретінде шешіледі. Мысалы, «Неге ұқсайды?» ойыны: балалар заттың неге ұқсайтынын ойлап табады, бұлттар, сия тамшысы, бұтақ, бүршік және т.б.; «Сызықты жалғастырып сал, суретті салуды жалғастырып, оны өзгерт», «Зат өзі туралы не айтады?», «Жұбыңды тап»: бірдей әрекет ететін немесе қолданыс аясы, зыметі бір затты тап – сыпыртқы мен шаңсорғыш, шот пен калькулятор және т.б.).


Осы кезеңде жұмыстың маңызды және қызықты бөлімі болып балаларды заттың қазіргі жағдайымен, өткені және болашағымен таныстыру саналады.


Кез келген затты мысалға ала отырып, тәрбиеші балалардыадамның затқа деген қажеттілігін қанағаттандыра отырып, оны өзерткені туралы таныстыру жұмыстарын жүгізе алады. Педагогикалық үдеріске балаларды әр түрлі қызметі мен олармен жұмыс жасаудың түрлі формалары енеді. Мысалы, тәрбиеші балаларды иненің, киімнің, жиһаздың және т.б. қайдан




321
пайда болғандығымен таныстыра алады. Алдыңғы кезекте, жұмыс мектеп оқушылары емес, мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетінін ұмытпай отырып, танымдық материалды сұрыптау қажет. Содан кейін қай материал сабақ беруді қажет ететінін, ал нені балалармен еңбек әрекетінде, ойын барысында, тәжірибе жасауда игеруге болатынын, қандай ойын-сауық, мереке ұйымдастыруға болатынын, барлық балаларды олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, қалай белсендіруге болатынын ойластыру керек. Бір затпен таныстыру 1-2 апта бойына жүргізілуі мүмкін. Бұл тәрбиешіге табиғи, қызықты іс-әрекетте баланың когнитивтік, эмоционалдық саласын дамытуға мүмкіндік беретін жұмыс болып табылады.

Басты міндет «жоғалып кетпеуі» маңызды – балаларды затпен жай ғана емес, ал адамның затқа дегенқажеттілігін, оның түрлендіретін қызметін қанағаттандыратын әрекет ретінде таныстыру керек. Бала тұлғасының шығармашылық бастауын дамыту үшін қорытынды бөлім де маңызды – заттың болашағы. Балалар зерттеп жатқан затын бүгінгі күнгі түрінде қарастырады, және бүгін онда не қанағаттандырады, нені өзгертуге болады (қағаз жыртылады, қаламда пастасы бітіп қалады және т.б.) деген тұрғыдан талдау жасайды. Тәрбиеші балаларға «егер мен өнертапқыш болсам, осы затпен не істер едім» деген ұстанымда болуға, қиялдауға, ойын шарықтатуға мүмкіндік береді. Арманын суретте, қолдан жасалған бұйымда іске асыруға болады.


Сөйтіп, зат әлемінде бала тұлғасын әлеуметтендіру үшін бай мүмкіндіктер бар, бірақ ол педагогтің осы үдеріске ұқыпты, сауатты қараған жағдайында ғана жүзеге асырыла алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет