С. А. Козлова, Т. А. Куликова


(ойыншық қару, ойыншық соқа және т.б.). Басқаша айтқанда, ойыншықтар еңбек құралдарының бейнесі



бет146/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

328
(ойыншық қару, ойыншық соқа және т.б.). Басқаша айтқанда, ойыншықтар еңбек құралдарының бейнесі бола бастады. Мұндай ойыншықтармен еңбек әрекеттерінде жаттығу жасауға болмайды, бірақ оны бейнелеуге болады. Кішкентай балаға тән ересектердің өміріне белсенді қатысуға ұмтылуы қанағаттанған рөлдік ойын пайда болды. Себебі мұндай қатысу шынайы өмірде мүмкін емес, бала қиялдағы жағдаятта ересектердің әрекетін, мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын жаңғыртады. Демек рөлдік ойын ішкі, туа біткен түйсіктер әсерінен тумайды, қоғамдағы бала өімірінің толық белгілі бір әлеуметтік шарттары нәтижесінде пайда болады. Ересектер өз кезегінде ұрпақтан-ұрпаққа берілетінарнайы жасалған ойыншықтардың, ережелердің, ойындық техниканың көмегімен балалар ойынының кең таралуына ықпал етеді, ойынның өзін қоғам мәдениетінің бір бөлігіне айналдырады.

Адамзаттың әлеуметтік-тарихи даму барысында ойын бала тұлғасының қалыптастыру үшін үлкен мәнге ие болады. Оның көмегімен балалар қоршаған ортамен өзара әрекеттесу тәжірибесіне ие болады, моральдық нормаларды, адамзаттың көпғасырлық тарихында өндірілген тәжірибелік және ой әрекетін меңгереді.




Осылайша, ойынның қазіргі отандық теориясыоның тарихи шығу тегі, әлеуметтік табиғаты, мазмұны және адамзат қоғамындағы міндеті туралы ережелерге негізделеді.


Тапсырма

Түрлі ұрпақтың балаларының ойындарын салыстырмалы талдау жасаңыз. Төрт ұрпақ талдауын қамтуға тырысыңыз: қазіргі заманауи балалардың ойындары; өзіңіз жататын буын ойындары; сіздің әке-шешелеріңіздің ойындары; ата және әжелеріңіздің ойындары.


Тапсырмаларды орындау әдістемесі:






  • үлкен аға буын өкілдерімен әңгімелесу (ата-аналар, әжелер, аталар);

329

  • ретроспективтіөзін-өзі талдау: қандай ойындар ойнадыңыз сіз;




  • «Түрлі ұрпақтың ойындары» жиынтық кестесін құрастыру;




  • Ойын тақырыптары, оның мазмұнының өзгеруі, оның өзгеру себептері туралы қорытындыларды тұжырымдау.

Чех жазушысы Ю. Фучеканың «Ойын — қоғам айнасы»


деген пікірін сіздің тұжырымдарыңыз қаншалықты растайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет