322
XVII ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ӘРЕКЕТІ
Балалар еңбегі әрекетінің барлық құрылымдық компоненттерінің бар болуына қарамастан, әлі де даму сатысында және ересектің көмегі және қатысуын міндетті түрде талап етуімен ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар еңбекте мақсатты өз бетінше қоя алмайды. Себебі мектепке дейінгі кіші жастағы балалар әлі еңбектің тұтас үдерісі мен нәтижесін есінде сақтау дағдысына ие емес. Олардың әрекеттері мақсатты емес, процессуалдық сипатқа ие: белгілі бір мақсатты көздемей әрекет бірнеше рет қайталана алады.Баланы нәтиже емес, әрекеттің өзі қызықтырады. Мақсатты әрекеттерді дамыту еліктеу және заттық-бағдарлау қызметінің дамуымен тығыз байланысты, себебі дәл осы кезде бала заттың міндетін ұғынады және оны қолдану амалын игереді. Бала еліктеу арқылы әрекет ету тәсілдерін меңгере отырып, қарапайым әрекеттерде нәтижелерге қол жеткізе бастайды (ілгішке сүлгіні іледі, түймені салады және т.б.). Осылайша өзінің әрекеттерінің мақсатын, нәтиже және мақсат байланысын бірте-бірте түсінеді. Мұндай ұғыну –өзі үшін өзінің мүмкіндіктерін ашу – өз бетімен әрекет етуге түрткі болады: «Мен өзім». Қабілеттерін дамыту үшін еңбекте мақсат қою білу, мақсатты түсіну, нәтижелерін көре білу дағдысын, әрекет ету тәсілдерін, машықтарын игеру маңызды. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда бұның барлығы тек бастапқы кезеңде ғана болады. Сондықтан балалардың алдына мақсат қоятын және оны жүзеге асыруға көмектесетін ересектің рөлі үлкен. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйреншікті жағдайларда өздері мақсат қояды. Олар мұны материалдық нәтижеге қол жеткізетін жағдайларда ғана табысты түрде істей алады: ойыншықтарды қолдан жасау, тазалау, өзіне-өзі қызмет көрсету және т.б. Бұл жастағы балалар алшақтанған
323
мақсаттарды да түсіне алады (егін егу). Педагог алшақтанған мақсаттарды қоя алады. Кейде алшақтанған мақсаттарды балалардың кезең-кезеңімен түсінуі де қажет болуы мүмкін.Мысалы, күрделі жұмыс күтіп тұрғанда бала мақсатын есте сақтай алмайды, оны ұмытады.Ересектің балаға көмектесетіні сол – ол барлық еңбек үдерісін қысқа бөліктерге бөледі және әрбір бөлікте балалар алдында мақсат қояды.
Сонымен мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметінің бұл компонентінің ерекшелігі сол – оны іске асыруда ересектіңқатысуы міндетті болып табылады. Балалардың дербестігі және олардың мақсатты ұғынуы қатыстық байланыста ғана болады.
Мақсатты еңбек қызметін қалыптастыруда баланың не және қалай істейтіні ғана емес, сондай-ақ неліктен және не үшін еңбек ететіні де маңызды. Уәждері әртүрлі болуы мүмкін:ересектер тарапынан өздерінің әрекеттерін оң бағалау қажеттілігі; өзін-өзі танытуы; ересектермен қарым-қатынас мұқтаждығы; қоғамдық уәждер – басқаларға пайда келтіру. Жоғарыда аталған уәждер түрлі жастағы балаларда орын алуы мүмкін, бірақ мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ғана оларды қисындап мазмұндап бере алады.
Балаларда өздерінің еңбек қызметін жоспарлау үдерісі де өзгеше болады. Жоспарлау – еңбектің маңызды компоненті. Оның құрамына жұмысты ұйымдастыру, орындау, бақылау және жеке сатылар түріндегі, сондай-ақ тұтас түрдегі нәтижесін де бағалау енеді.Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар өздерінің қызметін жалпы жоспарламайды. Алайда мектепке дейінгі ересек жастағы балалар оны өзгеше жоспарлайды: ұйымдастыруды қоспай, орындау үдерісін ғана жоспарлайды, үстірт жоспарлайды, негізгі сатыларын ғана белгілейді, бірақ оның орындау жолдарын ескермейді;өзінің жұмысының бақылау және бағалауды жоспарламайды, ауызша жоспарлау тәжірибеден қалып отырады (жоспарды айта алмайды, бірақ еңбекте дәйекті түрде әрекет етеді). Балаларға өздерінің
324
қызметін жоспарлауды үйрету керек. Бұл оларды үнемді, тиімді орындауға,қажет әрекеттерді алдын ала болжап білу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ересектердің рөлі түрлі сатыларда әрқилы: алдымен ол балалардың еңбегін өзі жоспарлайды, сосын балаларды бірге жоспарлауға баурайды және соңында балаларға өз бетінше жоспарлауды үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |