Тапсырма
Сіз практикадан өтіп жатқан топтағы балалардың бір ойынын (кез келген түрдегі) бақылаңыз. Мұнда қойылған және шешілген тәрбие беру міндеттерін анықтаңыз. Ненің арқасында (ойын мазмұнын, ережелерін, жүргізу әдістемесін өзгерту; жаңа материалды қосу, балаларды оны жасауға тарту және т.б.) оның тәрбиелік-білімдік жүктемесін көтеруге болатыны туралы пікіріңізді айтыңыз.
Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу міндеттерін қайталаңыз және ойынның оларды шешудегі анықтаңыз.
337
Ойын балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру формасы ретінде
Ойынның педагогикалық теориясы ережелерінің бірі ойынды мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру формасы ретінде тану. Балалардың өмірін ойын түрінде ұйымдастырудың алғашқы талпынысы Ф.Фребельге жатты. Ол басымдылығы дидактикалық және іс-қимыл ойындар құралатын жүйені әзірледі, оның негізінде балабақшадағы тәрбие жұмысы орындалды. Баланың балабақшада болу уақыты ойынның әр түрінде сипатталды. Бір ойынды аяқтағаннан кейін, педагог балаларды жаңасына тартты.
Отандық педагогикада балабақша өмірі әртүрлі ойындармен толық болуы керек деген ойды Н.К.Крупская тұрақты түрде дамытты. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның сөзсіз маңызын атай отырып, Н.К. Крупская жазды: «...ойын олар үшін
— оқу, ойын олар үшін — еңбек, ойын олар үшін — тәрбие берудің байсалды түрі. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар үшін – қоршаған ортаны тану тәсілі». Сондықтан, Н.К.Крупскаяның тұжырымдауынша, педагогтің міндеті – балаларға ойынды ұйымдастыруға көмектесу, оларды ойында біріктіру.
Кішкентай баланың «барлық өмірін» ойынға «сіңіру» қажеттілігі туралы ойды А.С.Макаренко айтты. Ол атаулы идеяны қиын жасөспірімдермен жұмыс істей отырып, тамаша жүзеге асырды.
Балабақшадағы баланың өмірі мен қызметін ұйымдастырудың формасы ретіндеойынның ғылыми негіздемесі А.П.Усованың еңбектерінің мазмұнында бар. А.П.Усованың пікірінше, тәрбиеші бала өмірінің ортасында болып, болып жатқан нәрсені түсінуі керек, ойнап жатқан балалардың қызығушылықтарына еніп, іскри түрде оларды басқару керек.
Ойын педагогикалық үдерісте ұйымдастырушылық қызметті атқаруы үшін, тәрбиешіге тәрбие беру мен оқытудың қандай
338
міндеттерін біршама тиімді шешу керектігін ұғыну қажет. Барлық топқа қатысты міндеттер (балаларды өздеріне таныс іс-қимыл ойынына бірігуге үйрету) мен жекелеген балаларға қатысты міндеттерді (ұялшақ Сережаны іс-қимыл ойынына тарту; Сашаға жаңадан келген Димаға «Танграм» ойынын түсіндір деп айту) жоспарлау мақсатқа сай.
Ойын түрінің ерекшеліктеріне, ол арқылы шешуге болатын міндеттеріне, балаларда ойын әрекетінің қалыптасу деңгейіне сүйене отырып, педагог оған өзінің қатысу шамасын, әр нақты жағдайда басшылық ету тәсілдерін анықтайды. Сөйтіп, жаңа дидактикалық ойынды ол өзі түсіндіріп, өзі ойнап береді: басында жүргізуші рөлінде, кейін – «қатардағы» ойыншы; «жанұя» ойыны тығырыққа кіргенін көре отырып, ол алыстан қонаққа келген әженің рөлін алады; қайсысы ақ, қайсысы қара шашакамен ойнайды деп таласып жатқан ер балаларға жеребе салу туралы естеріне салады және т.б.
Алайда, ойынды тәрбиелік-білімдік міндеттерді шешу ағымына бағыттай отырып, әрқашан ол – мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік дербес қызметі екенін есте сақтау қажет. Ойын ойынау барысында бала басқа қызметке қарағанда, дербестігін көбірек дәрежеде көрсете алу мүмкіндігіне ие болады: ойын сюжетін, ойыншықтар мен заттарды, серіктестерін және т.б. өзі таңдайды. Дәл ойында ғана балалардың қоғамдық өмірі толық белсендіріледі. Ойын балаларға өмірінің алғашқы жылдары қатынас жасаудың белгілі бір түрін өзіндік пайдалануға мүмкіндік береді.
Ойын барысында балалар арасында қатынас жасаудың екі түрі қалыптасады:
ойын мазмұнымен (оқушылар мұғалімге бағынады, балалар
ата-аналарын тыңдайды, инженер жұмысшыларды басқарады), ойын ережелерімен (сигнал бойынша байғұтан көлбақаларды аулауға шығады, ал аналар тынышталып, тығылып қалады, кейін байғұтан қозғалыссыз ми батпақта тұрады, ал көлбақалар секіріп, ойнайды; көлбақаны ұстап алған байғұтанмен сөзге келуге болмайды) анықталатын
339
қатынастар;
ойынға байланысты көрінетін нағыз қатынастар (ойын ойнауға келісу, рөлдерді бөлу, ойыншылардың арасында туындаған шиеленістен шығу, ережелерді орнату).
Нақты қатынастар, тұлғалық бола тұра, ойын барысында
ғана емес, сонымен қатар, балабақшадағы баланың барлық өмірі барысында қалыптасады. Біреуге таңдау сүйіспеншілігін білдіре отырып, сәби онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді; әңгімелеседі, ойнайды. Құрдасына деген ұнату, қызығушылық күшіне байланысты сәби ойыншығын беруге, өзіне өте тартымды емес рөлді алуға қабілетті болады, яғни серіктесімен араласу үшін өз қызығушылықтарын құрбан етеді. Ойынға қарым-қатынасы даму деңгейі төмен балалар алынбайды (нәресте ойынның өз сюжетінде тұрып алады, серіктестерімен ұрысады, ойыннан аяқталмас бұрын шығып кетеді). Сөйтіп, балаларда шынайы қатынастар негізінде «қоғамдастық» қасиеті қалыптасады (немесе қалыптаспайды)(А. П. Усова): ойнап жатқан балалар тобына ену қабілеті, онда белгілі тәртіппен әрекет ету, серіктестермен байланыс орнату, қоғамдық пікірге бағыну. Басқаша айтқанда, «қоғамдастық» қасиеті балаға басқа балалармен өзара табысты әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қолайлы жағдайларда балалар қоғамдық тәртіп дағдыларын игереді. А. П.Усова ойын арысында құрдастарымен өзара қарым-қатынас ортану шеберлігі – қоғамдық тәртіптің бірінші мектебі деп әділ атап өтті. Өзара қарым-қатынас жасау негізінде қоғамдық сезіну, дағдылар қалыптасады; бірлесіп және мақсатқа сай әрекет ету іскерлігі дамиды; мүдделерінің ортақтығы түсінігі келеді; өзін-өзі бағалау және өзара бағалау негіздері қалыптасады. Ойын әрекетінің жоғары мәні оның балалар қоғамының қалыптасуы үшін біршама жоғары мүмкіндіктерді меңгеруден тұрады.
Алайда ересектің көмегінсіз қоғамдық мінез-құлықтың қалыптасуы, әсіресе дамуында қиыншылықтары бар балалар үшін ұзақ және ауыр болуы мүмкін (ұялшақ, агрессияшыл, белсенділігі аз, сөйлеуінде ауытқулар бар және т.б.). балалардың
340
мінез-құлығына, олардың бірін-бірімен қарым-қатынасына әсер ете отырып, педагог олардың жеке ерекшеліктерін, даму тенденцияларын ескеру керек. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың барлығын өзіндігін қамтамасыз ететін тәуелсіз болуға, іскерліктерін қалыптастыруға ынталарын әрдайым мадақтап отыру керек.
Балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыратын форма ретінде ойынның күн тәртібінде және, жалпы алғанда, пелагогикалық үдерісте өз орны боуы тиіс. Қазіргі таңда көптеген мектепке дейініг мекемелерде ойынға, белгілі бір сабаққа, дайындықтарға бөлінген уақытты пайдалану үрдісі қалыптасып келеді, оның болуы мүмкін емес. Күн тәртібінде міндетті түрде бір уақыт болуы керек (таңғы жаттығуға дейін, ауа жұту уақытында, түскі ұйқыдан кейін), мұнда балалар оларды мазалап, асықтырмайтынын біліп, жайбарақат ойынға енуі мүмкін.
Педагог ойынның түріне балалардың қызығушылығын тудырып, белсенділігін көтеру үшін, қандай тәртіп үрдістерін енгізуді ойластыруы керек. Мысалы, балаларды «Жаңадан келгенді үйретіп көрейік» ойын жағдаятын енгізуге болады, мұнда жаңадан келгеннің рөлін қонжық немесе қуыршақ атқара алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өсімдікке қарау барысында балалар оған нені және қалай жасау керектігін көрсетіп, түсіндіреді. Ойын түрінде көптеген сабақтар жүргізіледі (қолдан сомдау сабағы «Құмыра шеберханасы» ойыны түрінде өткізіледі, дала жануарлары туралы білімін қорытындылау үшін
– «Хауанатханаға экскурсия» ойын-сабағы), бұл болса, олардың тиімділігін көтереді.
Егер ойын рекет етудің белгілі бір түрімен органикалық байланыстырылса, оның тәрбиелік-білімділік мүмкіндіктері өседі. Ойынды ебекпен, бейнелеу және конструктивтік қызметпен байланыстырса, мақсатқа сай болады. Ойын барысында жаңа ойыншықты жасау (бинокль, таразы, діптерлер), қолда бар атрибуттарды басқаша безендіру
341
қажеттілігі туындайды. Тәрбиешінің көмегімен балалар ойыншықты жөндей алады (автокөліктің дөңгелегін орнына келтіру, қонжықтың алақанын орнына жапсыру).
2-3 жастың өзінде балаларға «ойын шаруашылығында» тәртіпті қолдау, «Ойнадың ба – ойыншықтарды орнына орналастыр» ережесін сақтауды дағдысын қалыптастырады, қуыршақ бұрышында тазалық жүргізу еңбегіне, ойыншықтарды жууға тартады. Ересектеу балаларға ойыншықтарға, ойын материалдарына жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарау дағдысын қалыптастырады. Олар өз бетімен немесе педагогтің жанама ұсынысы бойынша үстел ойынына арналған қораптарды жөндейді, қуыршақтың киімін жуады, жұмсақ ойыншықтарды тазартады.
Сөйтіп, педагог, балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыра отыра, ойында өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |