С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет166/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Білімқұмарлар үшін

Соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балаларда ойын әрекетінің қалыптасқандығының жеткіліксіз жоғары деңгейі


байқалуына баланысты ғалымдар (Н.А.Короткова, Н.Я.Михайленко) сюжеттік-рөлдік ойынды басқаруды мектеп жасына дейінгі балаларға ойынды құрудың күрделене түсетін тәсілдерін біртіндеп жеткізу үдерісіретінде қарастыруды ұсынады. Тәсілдерді жеткізу ересек пен балалардың бірлескен ойынында жүзеге асырылады. Авторлар ойынды құрудың келесі тәсілдерін белгілейді:





  • заттық-ойын әрекеттерінің бірізділігі, олар арқылы балалар нақты зат әрекетін тиісті заттарды, ойыншықтарды пайдалана отырып, еліктеп көрсетеді;

383




  • сюжетқұру, ол арқылы бала сюжеттің жекелеген элементтерін

тұтас оқиғаға құрайды.

Ойынды құрудың бірінші тәсілін - заттық-ойын әректтерін балалар (ерте ме әлде кеш пе) ересекпен жасайтын бірлескен әрекетте игереді. Басқа екі тәсіл (рөлдік мінез-құлық, сюжетқұру) ойынның стихиялық даму барысында толыққанды емес, қарапайым деңгейде қалыптасуы мүмкін.




Тапсырма

  1. Сюжеттік-рөлдік ойынның құрылымын сызбамен беріңіз.




  1. Сюжеттік-рөлдік ойынның мазмұны бала тұлғасының дамуына неге әсер ететінін дәлелдеңіз.




  1. Сіздің ойыңызша, жас педагог балалардың сюжеттік-рөлдік оынын басқару кезінде қандай қиындықтарды басынан кешеді?


384
XXI тарау


ТЕАТРЛАНҒАН ОЙЫНДАР


Театрланған ойындардың cипаттамасы

Театрланған ойындар әдеби шығармалар кейіпкерлерінің


(ертегілер, әңгімелер, арнайы жазылған саханалау (инсценировка) рөлін ойнауды ұсынады. Әдеби туындылардың қаһармандары ойнаушы адамдарға, ал олардың бастан кешкендері, бала қиялымен өзгертілген өмір оқиғалары ойынның сюжетіне айналады.


Театрланған ойындардың ерекшеліктерін байқау қиын емес: олар дайын сюжетке ие, демек бала қызметі шығарманың мәтіні арқылы алдын ала анықталады. «Бұл ойындардағы баланың шығармашылығы неде болып тұр?» деген сұрақ туындайды. Оларды шығармашылық ойындар тобына жатқызу орынды ма?


Бұл театрланған ойын балалардың шығармашылықтары үшін бай әрі кең орын болып табылады. Ең алдымен ескере кететін жайт, балалар үшін шығарма мәтіні – жаңа сюжеттік желілерді өретін, қосымша рөлдерді енгізетін, шығарма соңын өзгертетін және т.б. арқау ғана. Мысалы, «Үйшік» ертегісі бойынша ойында секіруші қоян ізімен үй табалдырығының алдында үлпілдік құйрық тиін пайда болады – сосын балалар үйшікке кіруге өтінген және ешкімді зәбірлемеуге уәде берген аюды, түлкіні, қасқырды аяйды. Ойын ертегі кейіпкерлерінің тату хорымен аяқталды. Осылайша балалар жұртқа белгілі ертегіні татулық және келісімде өмір сүру, өзінен бір қырымен ерекшеленетіндерді дұшпан деп танымау қажеттігі туралы өздерінің түсініктеріне сәйкес «қайта өзгерткен».


Театрланған ойындарда шығармашылық рөлдерді ойнау сюжеттік-рөлдік ойныдардағы шығармашылықтан едәуір


ерекшеленеді. Соңғысында бала рөлдік мінез-құлық


385
ерекшеліктерін жеткізуде еркіндік алады: анасы отбасы мүшелеріне мейірімді, қатал, қамқор немесе немқұрайлы болуы мүмкін. Театрланған ойында қаһарман бейнесі, оның негізгі сипаттары, әрекеттері, қобалжуы шығарма мазмұнымен анықталады. Баланың шығармашылығы кейіпкерді шынайы бейнелеуде көрсетіледі. Оны жүзеге асыру үшін кейіпкер қандай екенін, неліктен ол бұлай жасайтынын, оның жағдайын, сезімін көз алдына келтіру, яғни оның ішкі жан дүниесіне ену қажет. Және бұны шығарманы тыңдау үдерісінде істеу тиіс. Ақпараттың аудиовизуалды құралдары (TV, видео) өміріне ерте және орнықты түрде енген қазіргі балалар көркем

шығармаларды жеңілдетілген қабылдауға үйренеді. Жеңілдетілген болу себебі: оған кітапты тыңдау үдерісінде (кейінірек өз бетінше оқу) елестету, түсініктер негізінде қалыптасқан бейнеден айырмасы дайын образды ұсынады. Сондықтан психологтар актерлік шеберлікке, театрланған ойындарға деген сүйіспеншілік барлық балаларға тән, бұл ойындар (бабалар ертеңгіліктерде көрсететін қойылымдар емес, нағыз ойындар) баланың жеке тұлғасының дамуына ерекше ықпалы барын ескере отырып, кең таралуы тиіс болса да, соншама кең таралған емес.


Сонымен балалардың ойынға толық қатысуы көркем сөз өнерін эстетикалық қабылдауға қабілеті, мәтінді тыңдай білуге икемділігі, интонацияны, сөйлеу орамдарын аңғара білу дағдыларында байқалатын ерекше дайындықты талап етеді. Кейіпкердің қандай екенін түсіну үшін оның әрекеттерін оңай талдау жасай білуге, оларды бағалауға, шығарманың өнегесін түсінуге үйрену керек. Шығарма кейіпкерін, оның қобалжуын, оқиғалар өрбіген нақты жабдықтарды көз алдына келтіруге икемділік баланың жеке тәжірибесіне байланысты болады: қоршаған өмір жайлы әсері неғұрлым алуан түрлі болса, соғұрлым елестету, сезімі, ойлау қабілеті бай болады. Рөлді орындау үшін бала алуан түрлі бейнелеу құралдарын меңгеруге тиісті (мимика, дене қимылы, ым, ишарат, лексика және сөйлеу




386
интонациясы және т.б. бойынша мәнерлі болу).

Демек, көркем шығарманы түсінуді жеңілдететін, оған эмоционалдық баға беру пайда болатын, бейнені жеткізудің көркем құралдарын игеруге болатын театрланған ойындарға дайындық жалпы мәдени даму деңгейінің қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштердің барлығы жүйесіз емес, тәрбиелік-оқу жұмысы барысында ғана қалыптасады.


Театрланған ойындар табиғатында оның сюжеттік-рөлдік ойындармен байланысының негізі қаланған: егер көрермендер қажет болса, онда тетарды ойынмен біріктіру қажет. Мұндай біріктіру балалар «театр» деген кезде онда кімдер қызмет етеді, қандай міндеттер атқаратынын түсінгенде ғана табысты болады. Әрине, педагог театр туралы айта алады, иллюстрация көрсетеді, алайда балалардың әсері театрда ойнауға деген ықыласы пайда болатын күшті болмауы мүмкін. Егер балалар көрермен болып, театрды «ішінен» танитын болса, онда басқа жұмыс болады. Педагогтың кеңесі, өтінішіне жауап ретінде балаларын театрға апарып, ата-аналар көмекке келеді. Мектепке дейінгі мекемелерде «театр күні» деп аталатын күнді ұйымдастырған жөн: педагогикалық және қызмет көрсетуші персонал күшімен (ата-аналарды тартса, тіпті жақсы) көрермендер залын лайықты түрде безендіріп, спектакль дайындайды.


Театрланған ойындарды (спектакльды көрсету) сюжеттік-рөлдік (театрдағы ойын) ойындармен біріктіру балаларды бір-біріне ортақ идеямен, әсерленумен жақындатуға, әрбір балаға өзінің белсенділігін, индивидуальдылығын, шығармашылығын көрсетуге қызықты қызмет негізінде топтастыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет