Оқытудың топтық түрісабақтар топшалармен жүретінің бағамдайды. Бұл үшін топ 2 - 6 адам болатындай топшаларға бөлінеді. Комплекттау кезінде негіз ретінде балалардың өздерінің жеке симпатиялары, олардың қызығушылықтарының ортақтығы, бірақ даму деңгейлерінің ұқсатығы жағынан емес бола алады. Керісінше, әр топта дамуы жағынан әр түрлі балалар болуы қажет, сонда «күштілері» жиі артта қалушыларға жатқызылатындар үшін «шамшырақ» болады. Сабаққа дайындақ кезінде, оның процесінде үлгерімі жақсы балалар педагогтың көмекшісі болады: сенімсіздерді сергітіп, аса жақсы істей алматындарға кеңеспен, көрсетіп, тікелей қатысып көмек көрсетеді. Оқыту процесінде балалардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету – оқытудың топтык нысанының негізгі функциясы.
Топтық сабақ өткізу технологиясы әртүрлі болуы мүмкін. Кейде сабақта барлық топшалар қатысады. Бұл жағдайда педагог барлық балаларды қалай орналастыратын ойластыру қажет. Әр топша жинақы, бірақ аздап автономды отыру қаже, басқалардан белгілі қашықтықта, өйткені бұндай сабақта абсолютты тыныштық болмайды. «топшаның ішінде» балалар сөйлеседі, пікірлеседі, өзара әрекеттеседі.
Сабақтың тматикасы барлығы үшін бірдей болуы мүмкін («Бауырсақ» ертегісі бойынша мүсіндеу, мүсіндеп болғаннан кейін макет жасау). Сабақ жұмыстардың өзіндік көрмесімен аяқталады. Әр топша тапсырманың орындалуын талдайды, ал
285
барлығы нәтижелерді бағалайды. Топшалар бір тапсырманың варианттарын алуы мүмкін (әр топшаға қағаздан құрастыр бойынша тапсырмасы бар конверт беріледі). Кейде сабақтар әр топшамен кезекпен жүргізілуі мүмкін.
Фронталды сабақтар да бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер жағдайында қажет. Олардың мазмұны көркемдік сипаттағы қызмет болуы мүмкін. Мысалы: музыкалық сабақтар, инсценировка көрсету, ойын-саяхат, өнер туындыларымен танысу және т.б. Бұл сабақтарда баланың өз ойын білдіруге итермелейтін, ақыл-ой белсенділігін көтеруге әкелетін «эмоционалды ықпал мен уйымдау» эффектісі маңызды.
Сабақтарда оқыту оның ұйымдастыру нысанына қарамастан бағдарламалылығымен ерекшеленеді. Педагог сабақ барысында жүзеге асуы тиіс бағдарламалық мазмұнды белгілейді.
Сабақтар мазмұнына қарай біріктірілген, яғни бірнеше саладағы білімді біріктіреді. Бұл біріктіру еркін немесе механикалық емес. Білімдердің бірігуін дидактикалық мақсатты шешу үшін бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытатындай етіп қарастыру қажет. Мысалы, П.И.Чайковскийдің «Қуыршақтың ауруы» пьесасын тыңдар алдында балаларға сәйкес инсценировканы көрсетеді (немесе өздерінің сүйікті ойыншығы туралы айтып беруді ұсынады). Қыс туралы өлеңді жаттағаннан кейін бөбектер жалпыға ортақ аппликациялық жұмыс – «Қар бүршігі» панносын жасайды (немесе әуенге имитациялық қимылдар жасайды «Қар бүршігі ұшады»). Дене шынықтыру сабағына кеңістіктік тұспалдауды құрастыру бойынша жұмыс кіреді.
Сабақтардың белгілі құрылысы (құрылымы) болады, ол көбіне оқыту мазмұны мен балалардың қызметінің спецификасымен жасалады. Осы факторларға тәуелсіз кезкелген сабақта жалпы мазмұн және әдістемемен байланысты негізгі үш бөлімге бөлінеді: басы, сабақ барысы (процесс) және аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |