305
XV ТАРАУ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ – ӘРЕКЕТ ЕТУ
Қарым-қатынас жасаудың рөлі
Қарым-қатынас жасау – бұл баланың алғашқы адами, әлеуметтік қызметі. Ол оған адамдар әлеміне енуге, эмоционалдық жағын дамытуға, өзара әрекет жасау дағдыларын игеруге көмектеседі.
М. И.Лисина өз зерттеулерінде қарым-қатынас жасау – кез келген қызметтің барлық құрылымдық компоненттеріне, атап айтқанда, мотивке, мақсатқа, нысанған, тәсілдерге, нәтижеге ие коммуникативтік әрекет ретінде дәлелдеді.
Ол қарым-қатынас жасаудың төрт түрін анықтады: жағдаяттық-тұлғалық (эмоционалдық қатынас), жағдаяттық-іскери (заттық-әрекет етушілік), жағдаяттан тыс-танымдық және жағдаяттан тыс-тұлғалық –және қарым-қатынас жасаудың әр түрі бала тұлғасының дамуына және оның әлеуметтік әлемді тануына не беретінін көрсетті.
Жаяғдаяттық-тұлғалық қарым-қатынас жасау түрі.Бұл бала мен ересектің қарым-қатынас жасау үрдісінде алғашқы байланыс жасау формасы. Ересек баламен тілдеседі, оған еркелететін сөздер айтады, дауысының интонациясын өзгертеді. Ересекке қатынас жасауды қалыптастыруда шешуші рөлді ересек адамның сәбиге тұлға ретінде инициативті қарым-қатынас жасауы атқарады. Ересектің озық бастамасы форматудырушы, дамытушы әрекет жасайды. Балада өзіне деген бастпқы қарым-қатынас орнығады. Ересекпен қатынас жасау баланың танымдық белсенділігін күшейтеді, «жандандыру кешенінің» пайда болуына ықпал етеді. Нәрестеде 2 айынан бастап ересектерді
306
ажырату, жақындарын тану қабілеті көріне бастайды, ал 3 айында балалар белгілі бір іс-әрекетті жасауға рұқсат ету немесе тыйым салуға әсер етуге қабілетті болады. Осындай қарым-қатынасқа тән ерекшелік болып балалық эмоционалдық әрекет табылады, ол өзгеше бақыланады: ересекпен тікелей қатынастың болмауы кезіде күштірек және ол барда әлсіздеу. Осылайша, бала қасынан өтіп бара жатқан ересектің назарын белсенді аудартады және ересек оны қолына алғанда, басылады. Сәби ересекке қарып күлімдейді, сол арқылы өзінің қанағаттануы мен қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін игергендігін көрсетеді. Сол арада балаға онң әрекетін ересектің бағалауы міндетті емес, ол ештеңе түсінбейді, сондықтан оны қабылдамайтынын ескеру керек. Ересек нәрестеге ол бірдеңені дұрыс жасамай жатқандығы туралы айту керек, бірақ оны мейірімді тонмен айту қажет, осының өзі сәбиге жетіп жатыр. Ол мейірімді интонацияға жауап ретінде күлімдейді.
Педагогке (сәбимен қарым-қатынас жасап жатқан ересекке) баламен көп сөйлесу, оған қарап күлу, интонациясын өзгерту, қолына алу, әртүрлі заттарды, ойыншықтарды көрсету маңызды. Қарым-қатынастың осындай түрі әлеуметтік тәжірибенің жинақталуына ғана емес, қорғанғандық, оны жақсы көретіндігіне сенімділігі сезімін дамытуға ықпал етеді – ал бұл алдағы уақытта дұрыс жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сондықтан осы, баланың алғашқы даму кезеңінде қарым-қатынас жасау жетекші қызметтің рөлін атқарады. Ол дегеніміз, «алғашқы» кезеңдегі балалармен жұмыс жасауда маңыздысы оның өмірін ересекпен қарым-қатынас жасаумен толықтыру, қамтамасыз ету болып танылады. Осы ерекшелікті ата-аналарымен тастанды балалар түсетін балалар үйінің тәрбиешілері білуі және ескруі өте маңызды. Мұндай балалар сүйіспеншілік пен тұрақты назар аударудан
307
жұрдай, ол болса, олардың дамуының тоқтатуына ықпал етеді. Балалар үйінің тәбиешілеріне осындай балаларға жиі жақындауы, оларды қолға алуы, оларға күлімдеуі, олармен сөйлесуі қажет. Және те бұл әртүрлі ересектер емес, бір адам болғаны абзал, өйткені, жоғарыда айтылып кеткендей, сәби ересек адамның дауыс тембріне, сыртқы келбетіне үйренеді, оны тани, әсер етушілердің жалпы қауымынан ажырата бастайды.Тұлғаның қалыптасуындағы негізгі болып табылатын үйренісу және қорғаныста болу сезімі пайда болады.
Жағдаяттық-іскери қарым қатынас жасау түрі. Мұндай қарым-қатынас жасау түрі шамамен бала өмірінің екінші жартыжылдығынан басталып, шамамен 3 жасқа дейін жалғасады. Ол енді жетекші қызмет рөлін орындамайды. Ересекпен қарым-қатынас жасау келесі жетекші қызмет – заттық-манипулятивтіге табиғи көшеді. Ересекпен өзара әрекет ету мотиві өзгереді: енді бұл заттармен әрекет етуде іскери мотив болып келеді. Және те баланың іс-қимыл жасауында ересектің қасында болу және қатысу қажеттілігі ол үшін өте маңызды болып табылады. Зерттеулердің көрсетуінше, ересектің қасында болуы баланың әрекетті игеру сипатына біршама әсер етеді. Бала ересектің қимыл жасау тәсілдерін көрсеткенін, олардың орындалуын мадақтағанын, баланы қолдағанын қажет етеді. Педагогтің қарым-қатынасты заттық-манипулятивті қызмет негізінде дамытудағы міндеттері осыдан туындайды: заттар қаншалықты қызықты болса да, баланы «өзімен-өзін» қалдырмау; заттармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету; балаға онымен бірлескен қызметінде өзінің қатысып отырғандығын үнемі көрсетіп отыру, баланы сөзбен, күлкісімен мадақтау, оны қолымен ұстау. Осы жас мерзімінде сөйлеу дағдысы дамиды, оны сәбиді ересектің сөзіне сөзбен жауап беруге тарта отырып, қарым-қатынаста ескерген маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |