289
Ерте жастағы баланы оқытудағы ерекшеліктер
Оқыту, дәлме-дәл айтқанда, баланың дүниеге келген алғашқы күнінен басталады. Оқыту әсерлері сәбидің көз тігу және құлақ тігуін (төсектің басына үлкен жеңіл ойыншық іледі, оның назарын әуенді ойыншықтармен тартады, қоңырау, сылдырмақ және т.б. сияқты) қалыптастыруға бағытталған.
Жасы бірге дейінгі балаларды оқытудағы мақсаттары:
баланың сенсорикасын дамыту: сезіну мен түйсікті қалыптастыру (көру, есту, дене арқылы сезіну;
заттық іс-әрекеттерді дамыту (кейбір заттарды тану, олармен қасиеттеріне қарай іс-әрекеттер жасау — жабу, ашу, бүктеп жинау, домалатужәне басқа);
Алғашқы бірінші айларда оқыту индивидуалды, ал 9 айдан кейін тәрбиеші 2 – 3 баладан біріккен сабақ өткізуіне болады. Баламен қатынаста үнге назар аударған жөн. Алғашқы айларда (туғаннан 3 айға дейін) балада интонациялық өріс қалыптасады, ол үлкендердің сөйлегендегі интонациясын түсінуге мүмкіндік береді. Балалармен қатынас нәзік жанасып, байыпты сөзбен сүйемелденуі керек.
Жанамалық оқытудың үлкен мәні бар: ойыншықтарды, суреттерді, тұрмыстық заттарды таңдау. Тәрбиеші балаға оларды пайдалануға қолдануға үйретеді, сондықтан оның негізінде сәбидің өзіндік қызметін дамытады. Соңғысы үлкендер жағынан үнемі көмекті қажет етеді: баланың назарын затқа тарту (ойыншыққа), затты атау (ойыншықты) және оның кейбір қасиеттері (үлкен доп, тауық сары), баланың қолын заттқа бағыттау.
Бала 5 - 6 айға толғанда үлкен адам оған заттармен іс-
290
әрекеттер, қозғалыстар көрсетіп, оларды атайды. Дыбыстардың құрылуына бағытталған сабақтар жүргізеді. Дыбыстарды әндете айта білуді дамытады (гу-гулеу): баланың еліктеп қайталауына шақырып асықпай және нәзік түрде дыбыстарды қайталау(сөзге шақыру). Бұл баланың белсенді сөйлеуіне дайындық болады. 6-7 айына қарай бала үлкендердің сөйлеуіндегі дыбыстарға еліктей бастайды. Мақсаты сәбиге заттар мен оның мағынасын («Қуыршақ қайда? Сағат қайда? Күшік қайда, көрсет») (сабақ кезінде заттардың орны ауысып тұрады) беретін сөздің арасында байланыс орныту болатын арнайы сабақтар өткізіледі. Сөйлеуді түсіну баланың пассивті сөздігінің дамуына негіз болып қызмет етеді. 9-10 айдан кейін бұл сабақтар үлкен адам балаға сөздік инструкцияларды (тапсырма) орындауға үйрете бастағандық себебінен күрделене түседі: «Қуыршаққа тамақ бер, енді қонжыққа тамақ бер». 11-12 айда үлкендер баланы дыбысқа еліктеуге тартады: әтеш қалай шақырады, ит қалай үреді, мысық қалай миялайды.
Баланы екі жасында оқыту, міндеттері бұрыңғыдай өзгеріссіз қалғанымен анағұрлым мақсатты сипатқа ие болады. Бұл кезде оқыту, баланың қоршаған ортада бағдарлануын дамытуға және оның сөйлеу қабілетін жетілдіруге бағытталады. Балалар айналасындағы заттарды (жиһаз, ойыншық, ыдыс-аяқ, киім) жануарларды, олардың дене мүшелерін ажырата біліп, атауларын атап, олардың іс-әрекеттерімен (жүгіреді, ұшады, секіреді, жүзеді т.б.) танысады. Баланы заттардың кейбір белгілерін анықтауға үйретеді (түрі, нысаны, мөлшері, түсі). Сабақта ең алдымен нысаны бірдей, бірақ түсі әртүрлі заттарды (шар немесе кубик), кейіннен нысаны әртүрлі, түсі бірдей заттарды қолданады. Екі жасының соңында бала түс сөзін түсінуі керек және төрт түсті (қызыл, жасыл,сары,көк) ажырата біліп, атауы қажет.
Сабақта балаларға заттармен жасауға болатын іс-
әрекеттерді көрсетеді; дидактикалық ойыншықтармен таныстырады (пирамида жинау, заттарды бір-біріне салу,
291
шеңберлерді жіпке жинау, екі бөліктен тұратын суретті құрастыру және т.б.) Құрылыс материалдарымен өтетін сабақтарда балалар кубиктерді бір-бірінің үстіне қоюды (мұнара),қырларын түзулеп тізуді (кең және тар жолдар), ұзын немесе қысқа шеттерге тізуді (биік немесе қысқа қоршау) меңгереді. Сюжеттік ойыншықтармен өтетін сабақтар міндетті түрде болуы қажет. Мұндай сабақ барысында бала ойын дағдыларын үйренеді, қуыршақты тамақтандырып ұйқтатады, мәшинені жүргізеді, жүк мәшинесімен кубиктерді тасиды. Құралдық іс-әрекеттердің (себу, күреп алу, су беру, т.б.) қалыптасуына заттармен (кесе, қасық, қалақ, күрек) жүргізілетін сабақтар ықпал етеді
Қысқаша тақпақтарды оқу, ертегі айту, оны оқу, суреттер көру сияқты сабақтардың орны ерекше.
Музыкалық сабақтарда балаларды музыка тыңдауға, музыка тактісіне қимылдар жасауға үйретеді және алғашқы ән айту дағдыларын қалыптастырады. Дене шынықтыру сабақтарында балаларды негізгі қимылдарға (жүру, еңбектеу, өрмелеп шығу) үйретеді.
Жасы кіші балаларға өтетін сабақтарға келесі талаптар қойылады:
Сабақ өту уақыты балалардың үлкенді тыңдай алу қабілетінің қалыптасуына,ойнай алуына,үлкеннің нұсқауымен әрекет ете алуына байланысты.Осылар жақсы дамыған сайын, сабақ өту уақыты ұзағырақ жалғасады (екі жастағы бала үшін- 10-12 мин. дейін. )
мазмұны бірдей сабақтарды шағын уақыт аралығында (5-6 күн) бірнеше рет қайталау қажет, өйткені балалардың алған білімі мен оқуы бірте-бірте бекітіледі;
сабақ кезінде алған білімін баланың өзіндік дербес қызметінде қолдануына қажетті жағдай жасау керек (сабақта пайдаланылған көрнекі құралдар мен ойыншықтарды, заттарды ұсыну);
292
топтармен жұмыс жасау кезінде тәрбиеші әрбір баланы өз есімімен жиі атауы қажет, әсіресе пассивты баяу жетілетін бүлдіршіндерге ерекше көңіл аударуы керек. Өйткені жасы кіші бала ересек адаммен тікелей байланыста болған жағдайда неғурлым тез дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |