С. А. Козлова, Т. А. Куликова


ересектер мен балалардың біріккен қызметі мен балалардың



бет130/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

ересектер мен балалардың біріккен қызметі мен балалардың


өзіндік қызметінде бағдарламалық білім беру мәселелерінтек тікелей білім беру қызметінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар режимдік сәттерді жүргізу кезінде де мектепке дейінгі білім беру спецификасына сәйкес шешу қарастырылған.Бұл ереже ФГОС ДО-да да құпталды:


мектепке дейінгі ұйымда білім беру бағдарламасында білім беру қызметінің әркелкі түрлері мен практикаларының ерекшеліктерін ескеру қажет.

Мектепке дейінгі мекемелердің білім беру қызметіне осындай тәсілдемеден оның ұйымдастыру нысандарын нақтылау қажет.




282
Федералды мемелекеттік талаптарда үйреншікті «сабақ» терминының орнына жаңа – тікелей білім беру қызметі ұсынылған. Мәні бойынша бұл сол баяғы оқытудың ұйымдастыру нысаны, бірақ қазіргі жағдайларда оны жаңа мазмұнмен толтыру керек. Балалардың әркелкі өзіндік қызмет түрлерінде режимді сәттерде білім бері міндеттерін шешу, егер уақыт, қеңістік щеңберлерімен регламенттелмеген, оқыту пелагог пен балалардың еркімен толықтырылып немесе модификацияланып отыратын оқыту ашық жүйе ретінде құралатын болса, мүмкін. Ащық оқытудың ұйымдастыру нысандары болып педагогтың күнделікті өмірде тікелей немесе жанамалы жасайтын және балаларды оларды шешуге шақыратын білім беру ситуацияларытабылады (Т.И.Бабаева, М.В. Крулехт, Л.С.Римашевская).


Тікелей білім беру қызметі үш ұйымдастыру нысандарының біреуімен жізеге асады: индивидуалды, топтық, фронталды. Оқытуды ұйымдастыру нысандарының

әрқайсысы өзінің спецификасымен ерекшеленеді, ол дидактикалық мақсатта, балалардың өзіндік жұмыстей алатындығында, ұжымждық және индивидуалды жұмыстардың


арақатынасында,педагогтың басшылық ерекшеліктерінде көрінеді.




Оқытудың индивидуалды ұйымдастыру нысанына көптеген оңтайлы факторлар кіреді. Педагогтың мақсатты, мазмұнды,әдістерді және оқуту құралдарын балалардың даму деңгейіне сәйкес, олардың материалды меңгеру темпіне, психикалық процестердің ерекшеліктеріне және т.б. байланысты анықтауға мүмкіндігі бар. Әрине, бұны педагогқа фронталды сабақта істеу мүмкін емес. Фронталды сабақтардан индивидуалды сабақтардың айқын артықшылығына қарамастан екіншісі мектепке дейінгі мекемеде оқытудың негізгі нысаны бола алмайды. Неге? Олардың уақыт бойынша экономды еместігін айту керек. Мысалы, топта 20 бала бар делік.

Әр баламен жұмыс істеуге 20 - 25 минут жібереміз. Сонда




283
педагог 6 сағаттан астам уақыт индивидуалды оқытумен айналысады. Ал осы уақытта басқа балалар немен айналысады? Кім олардың қауіпсіздігімен, дамуымен жауаптанады? Бұған осындай күш жүктемесімен жұмыс істеген педагогтың

психофизиологиялық жағдайын қосыңыз. Сонымен, индивидуалды сабақтарға өту мүмкін емес.


Заманауи зерттелер индивидуалды сабақтардың тағы бір «кемістігін» анықтады. Олар баладан көп жүйкелік шығындарды талап етеді, ол үшін эмоционалды дискомфорт тудырады. Педагогпен біргі-бір жалғыз қалып, жасқану, имендену сезеді, білімді және ересек адамның «авторитеті басып» тұрады (Е. В. Субботский). «Мені оқытып жатыр» ұстанымсы оны мобилизацияламайды екен, керісінше, өзі туралы жалтақ, қамқорлыққа алынған жан туралы түсінік қалыптастырады, оның белсенділігін қысады. Оқуда алға жылжу үшін, балаға құрдастарымен қарым-қатынас қажет.


Н. К. Крупскаяның айтуы бойынша, бала әрқашан психологиялық жағынан ересек адамнан көрі, басқа балаға жақын. Үлкен адамнан ол «информацияны алады», іс-әрекет тәсілдерін игереді, ал құрдасына айна қарағанадай қарайды: мен қандаймын? Құрдастарымен қатынас процесінде ол өз жетістіктерін басқалардікімен салыстырады, басқалардың да оқу тепсырмаларын орындауда өзіндегідей қиыншылықтарын көріп тынышталады, және т.б. Нәтижесінде балаларда өзіне-өзі баға беру, өзара бағалау, бірге уйымдау қалыптасады.


Кейбір жағдайларда индивидуалды сабақтар қажетті. Ең біріншіден, дамуында кемшіліктері бар, жиі ауыратын, тәртібінде мәселелері бар (орнықсыз, ұшқалақ, қозғыштығы жоғары, жүріс-тұрысы импульсивті және т.б.) балалар қатысы. Бұндай балалармен индивидуалды жұмыс істеген кезде, педагог оларға қажетті білімдер мен машықтарды игеруге көмектеседі, өздерінің психикалық процестерін басқару қабілетін дамытады. Индивидуалды сабақтар белгілі бір қызметте айқын көрінген қабілеттілігі (сурет салуда, ән айтуда, математикада) бар және




284
доминатты танымдық қызығушылығы бар (техника әлеміне, жануарлар әлеміне) балалар үшін қажет.

Топтағы әр баламен педагог олардың оқығандығандығының деңгейін анықтау үшін, білім мен машықтарды игерудегі кемістіктерді білу үшін кезең-кезеңмен бақылау-диагностикалық сипатта индивидуалды сабақтар өткізіп тұрады. Бұл балаларды оқытудың кейінгі корректілеуге қажет.


Бұндай сабақтар үшін бәрі бір кезде орындай алатындай, аналогтық тапсырмалардың бірнеше вариантын жинайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет