С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет138/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Екінші топқа баланың адамдардың шынай өмір әлеміне үйренуіне мүмкіндік беретін қызметті жатқызуға болады. Бұл топқа заттық қызмет, оқыту, еңбек ету, қарым-қатынас, бақылау, эксперимент жасау қызметтері жатады.


Заттық қызмет балаға қоршаған ортасын сенсорлық сезім тобы арқылы тануға мүмкіндік береді. Затпен байланыса отырып әрекет еткен бала заттың қасиеттері, сипаты, қызметі туралы ақпарат алып, оны операциялық әрекет арқылы меңгеріп алады. Заттық қызмет баланың дамуының белгілі-бір кезеңінде оның танымдық қызығушылығын қамтамсыз етеді, қоршаған
301
ортада бағдарлануына көмектеседі, әлемді басқаруға және билеуге болатынына сенімділік сезімін тудырады.

Баланың әлеуметтік тәжірибесін оның еңбек қызметін меңгеруі байытады. Бала ересек адамның еңбек ету әрекеттеріне ертеден бастап назар аудара бастайды. Оған анасының ыдыс жуғаны, әкесінің орындықты жөндегені, әжесінің дәмді тоқаш пісіргені қызық көрінеді. Бала ересектердің іс-әрекетіне ойын кезінде ғана емес, шынайы өмірде де ыдыс жуып, үй сыпырып, кір жуып еліктей бастайды. Бала тұлғасының әлеуметтенуінде еңбек қызметінің құндылығын бірнеше жағынан қарастыруға болады. Еңбек дағдыларын, еңбек қызметін игеру балаға барлығын өзі дербес істеуге, ересектерге тәуелділігінің азаюына, өзіне сенімділігінің артуына мүмкіндік береді. Қасында ересектер жоқ кезде аман қалмау қаупі азаяды. Осылайша еңбек өмірді қамтамасыз ету қызметін атқарады.


Еңбек қызметі ерік күш-жігер қасиетінің дамуына , алдына қойған мақсатқа жету үшін күш сала білуіне ықпал етеді. Бұл адам өмірі үшін өте маңызды. Бала өзінің еңбек күшінен ляззат алған сайын, дүниеге оптимисттік көзқараспен қарай бастайды. Өйткені оның киындықтарды жеңу қабілетіне сенімділігі артады.


Еңбек әрекеті шығармашылықтың дамуына ойындағы сияқты елестету деңгейінде ғана емес, сонымен қатар өз шығармашылығының материалдық нәтижелерін алу деңгейінде де ықпал етпейді. Бала еңбек әрекетінде жаңартушы болып келеді, ол оны жасына қолжетімді шеңберде әлеуметтенудің жоғары сатысына көтереді. Сол арада балаларда еңбек қызметінің бар екендігі туралы айту шартты түрде болатынын ескеру керек.


Баланың әлеуметтік әлемді тануында ерекше орынды байқау алады. Классикалық педагогика мен психологияда байқауды бала әрекетінің бір түріне жатқызбайды, алайда әлеуметтік әлемді тануда бақау қызмет функциясын атқарады: балада байқау мотиві, мақсаты бар, үдерісі мен нәтижесі ерекше.




302
Көптеген жағдайда байқау балада саналы түрде болмайды, бірақ сол арада мектеп жасына дейінгі бала адамның нақты іс-әрекеттерін, оқиғаларды, құбылыстарды, әсіресе оны ересек адам ұйымдастырса, саналы түрде де бақылай алады. Балада бақылау үдерісі әрдайым белсенді. Бақылау баланың әлеуметтік тәжірибесін байытады, дәл осыдан бала қалыптасып келе жатқан дүниетанымына, өзінің «әлем картинасына» «материал» алады. Осы әлем картинасына оң зат қана енбеуі мүмкін, мұнда педагогикалық тұрғыдан балаға көру мақсатқа сай емес нәрселер де болуы мүмкін. Бірақ оны әлемнен шектеуге болмайды, баланы «таза педагогикалық қалпақтың» астына отырғызып қоюға болмайды. Өзін қоршаған өмірден байқаған нәрсесі балаға әлеуметтік әлемге бағалай қарауын қалыптастырады. Осыған қарамастан, бағалау бақыланушыға ғана емес, сонымен

қатар оның ересектерден алатын «педагогикалық ұстанымдарына» да қатысты, ол болса, соңғылардың баланың алдында ерекше жауапкершілікті талап етеді.


Бақылау ішінен болған жағдайда, бала өзі қатыса отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, олардың әрекетін, қимылдарын байқаған кезде (бірлескен еңбек әрекет, мерекелерге қатысу және т.б.) байқаудың рөлі әлеуметтендіру факторы ретінде күшейеді.


Осындай әрекет жасауға қосыла отырып, балалар эмоционалдық серпілістің жалпы атмосферасына енеді, ересектер өз көңіл-күйлерін қалай білдерітіндіктерін, олардың қалай қуанатынын немесе өкпелейтінін бақылайды, сезімді білдірудің әлеуметтік қабылданған түрлерін өздеріне


алады.Байқау танымдық қызығушылықтардың дамуын ынталандырады, әлеуметтік сезімдерді тудырып, бекітеді, іс-қимыл жасауға негіз қалайды.


Қарым-қатынас жасау іс-әрекет ретінде бала тұлғасын әлеуметтендіруде өзіне маңызды жүк артады. Қарым-қатынас жасау ересекті баламен біріктіреді, ересекке әлеуметтік тәжірибені жеткізуге көмектеседі және балаға осы тәжірибені




303
жеңіл түрде қабылдауға көмектеседі, себебі ересек баланың даму деңгейін ескере отырып, оны нақты бала ретінде бейімдейді. Қарым-қатынас жасау әрқашан қатынас жасауға өзара ықыласы болған жағдайда жүзеге асады, және те осы эмоционалды фон бірін-бірі қабылдау сапасын күшейтеді.

Қарым-қатынас жасау баланың іртүрлі қажеттілігін


қанағаттандыруға қабілетті: ересекпен эмоционалды жақындықта болу қажеттілігі, қолдау және бағалаудағы қажеттілік, танудағы қажеттілік және т.б. қарым-қатынас жасау іс-әрекет себебіне қарай болуы мүмкін, бұл жағдайда ол оған ілеседі және өз бетінше мақсат болып табылмайды. Алайда, М.И.Лисина, А.Г.Рузская және т.б. зерттеулерінің көрсетуінше, мектеп жасына дейінгі кезеңде де қарым-қатынас өзіндік іс-әрекет ретінде жұмсала алады. Осы және басқа да жағдайда ол бала тұлғасын әлеуметтендіру үшін маңызды және өнімді.


Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың дамуы үшін маңызды оқу әрекеті пайда болады. Оқу үдерісі барысында сабақта балалар ересек адамның басшылығымен білім алу мүмкіндігіне ие болады, сол ересек адам білімді жеткізуді ұйымдастырады, балалардың оларды игеруін қадағалайды,


қажетті түзетулер енгізеді. Меңгергендігін түсінуге тәрбиелеушінің оқыту барысында мектеп жасына дейінгі кезеңде оқу әрекетін қалыптастыру үрдісіне негізделетіні және балаларды оқытуда ерекшеліктерді ескеретіндігі көмектеседі.


Осы ерекшеліктерді А.П.Усова көрсетіп, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға тән төрт ерекшелікті айқындады. Ең алдымен, ол сөзбен оқыту.Сөзбен оқыту бұл әдіс емес, ол негізін құрайтын фактор, бала мен әлеуметтік дүние арасындағы басты байланыстыратын буын. Осыған байланысты тәрбиешінің сөзіне, оның бейнелілігіне, нақтылығына, ойының анықтығына үлкен көңіл бөлінеді.


Сөзбен оқытуға үлкен мән бере отырып, сөз баланың


шындықты тікелей қабылдауына, оның сезімталдық тәжірибесіне негізделуі керектігін есте ұстау қажет. Мектеп




304
жасына дейінгі балаларды оқыту эмоцияларын қозғауы, эмоционалды қарым-қатынасын тудыруы, балалардың білім алуда белсенділігіне ықпал етуі керек. Мектеп жасына дейінгі

балаларды оқытудың ерекшелігі ол ересекпен ұйымдастырылады және оның тікелей жетекшілігімен өтеді.


Н. Н. Поддьяков мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік қызметі ретінде эксперименттеуді ерекше бөледі. Ол эксперименттеу әрекетін мектеп жасына дейінгі баланың өзінің қажеттілігін танымда қанағаттандыруы ретінде түсінеді. Сонымен қатар, таным саласына кейбір құбылыстар, фактілер туралы білім алу ғана емес, сондай-ақ, адамдар арасындағы өзара қарым-атынасты, мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. тану да енеді. Бала тәжірибе жасағанды, адамның белгілі бір жағдаятта өзін қалай ұстайтынын тексеруді ұнатады. Ол үшін бала әдейі жағдайды «өршітеді», мысалы, ересектің белгілі іс-әрекетті жсауы, және соны бақылайды, сол арқылы әлеуметтік тәжірибе алады.


Сөйтіп, әрекеттің әр түрі өз ерекшелігіне сәйкес тұлғаның әлеуметтену үрдісіне өз үлесін қосады, сондықтан қызметтің әр түрі өзінше маңызды және бірыңғай педагогикалық үдеріске ұйымдастырылған басқа әрекеттермен өзара байланыста болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет